Қалалық қоғамдық-саяси газет

5 адамның өліміне себепкер болған: Нұр-Сұлтанда жол апатын жасап, қашып кеткен күдікті ұсталды

0 314

Биыл 30 қыркүйек күні елордада жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам мерт болды. Бүгін аталмыш жағдайға қатысты тергеу барысы айтылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжан Әбілов 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында көпірде болған жол апатының мән-жайы туралы айтып берді.

«Иә, аталған жол-көлік оқиғасы қоғамды бейжай қалдырмады. Қазіргі таңда елорданың полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Нақты айтқанда, Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-тармағына сәйкес жол ережесін бұза отырып, 2 немесе одан да көп адамның өліміне себеп болу және 347-баптың 1-тармағына сәйкес оқиға орнынан кетіп қалуға қатысты тергеу жүріп жатыр. Апат орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Күдікті деп танылған 19 жастағы елорда тұрғыны бүгінде 2 айға уақытша қамауға алынды. Жол апатының уақытына келсек, ол бізде нақты тіркелген. Түнгі сағат 00:18-де болған. Бұл – біздегі ресми дерек», – деді Әбілов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.