Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы полициясы қаза болған әріптестері туралы айтты

0 631

Алматы Полиция департаменті басшысы қалдағы теракт пен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болған әріптестерінің отбасына көңіл айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясының генерал-майоры Қанат Таймерденов террористер қолынан қаза болған үш қызметкердің отбасына барып, көңіл айтты. Олардың арасында сержант Ален Асылханов, старшина Ринат Қамбетов және кіші сержант Нұрболсын Алмасов бар. Олар Алмалы ауданы ПБ жанындағы әкімшілік полиция бөлімшесі ғимаратына жасалған шабуыл кезінде ауыр жараланып, қаза болған.

«Террористерге қары күресте қаза болған әріптестеріміздің отбасының қайғысына ортақпыз. Олар – азаматтар қауіпсіздігі үшін өмірін қиған нағыз батырлар. Нұрболсын Алмасов, Ринат Қамбетов және Ален Асылхановтың ерлігі, сондай-ақ адал қызметі бізге және болашақ ұрпаққа үлгі», – деді Таймерденов.

Сержант Асылханов Ален Мұхитұлы, 1993 жылы туған, ішкі істер органдарында 2015 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір жарым айлық баласы бар.

Кіші сержант Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы, 1994 жылы туған, ішкі істер органдарында 2021 жылдан бері қызмет еткен. Үйленбеген.

Старшина Қамбетов Ринат Талғатұлы, 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі ұлы бар.

ПД мәліметінше, террористік акт кезіне және мемлекеттік органдар ғимаратына шабуыл жасалған кезде Алматы полициясының 3 қызметкері қаза болған. Тағы 176 тәріп сақшысы жараланған, олардың жетеуі қазір ауыр жағдайда жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.