Қалалық қоғамдық-саяси газет

«30 жерде пышақ сұққан»: Әйелін өлтіргені үшін қамалған оралдық экс-шенеунік сот алдына келді

0 3  722

Оралда қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы сот алдында жауап бере бастады. Бауыржан Хайруллин осыдан жеті ай бұрын бұрынғы әйелін 30 жерінен пышақтап өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта қатыгездікпен өлтірілген 30 жастағы Айнагүл Хайруллинаның туыстары оның күйеуінен көрген теперішін жіпке тізгендей айтып берді.

Бауыржан Хайруллин әйелін ұрып-соғып, тіпті түнімен бала-шағасына ұйқы бермей отбасының берекесін алып келген. Экс-шенеунік бір рет пышақ та жұмсапты.

Шыдамдылық танытқан марқұм балалары үшін бәрін кешіріп келген. Алайда ажырасып кеткен келіншегімен соңғы кездесуі қанды қылмысқа ұласты. Оны жұмысынан сыртқа алып шығып, денесінің 30 жеріне пышақ сұққан. Қанды оқиға болғаннан кейін 20 минутта қолға түскен Бауыржан Хайруллинге ең ауыр жаза кесілуге тиіс деп санайды марқұмның анасы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.