Қалалық қоғамдық-саяси газет

«250+» бағдарламасы: Ауылға арналған жаңа мүмкіндіктер

0 164

2020 және 2021 жылдары ковидтік шектеулер телеком саласының дамуына айтарлықтай әсер етті. Дата-трафиктің қарқынды өсуіне бизнес пен білім берудің онлайнға көшуі, белсенді интернет-пайдаланушылар санының көбеюі, сондай-ақ цифрлық сервистердің қарқынды танымал болуы ықпал етті, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нәтижесінде, жалпы цифрландыру негізгі қызметтің онлайн режимге ығысуына әкелді. Бұл интернет-төлемдер санынан анық байқалады. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары 2022 жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің 84,2%-ы интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілгенін айтады.

Онлайн қызметтердің маңыздылығының артуы телекоммуникация саласының барлық өкілдеріне қуатты мәжбүрлі түрде арттыруға әкеп соқты. Мәселен, 2021 жылы Tele2/Altel желісінде тұтынылған трафик көлемі рекордтық 1,7 эксабайтты құрады. Бұның өсуіне желіні техникалық дамытуға бағытталған оператордың ірі инвестициялық бағдарламасы, сондай-ақ «250+»бағдарламасын іске асыруға белсенді түрде қатысуы ықпал етті.

Компания Қазақстанның жүздеген шалғай ауылдарын байланыс және интернетпен қамтамасыз етті. Бұл ретте операторға жоғары географиялық күрделілік режимінде желі архитектурасын жоспарлау, инфрақұрылым құрылысы үшін жабдықтарды жеткізу бойынша базалық станциялардың ең ауқымды құрылысы және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді қоспағанда үлкен жұмыс орындау қажет болды. Қазақстанның түкпір-түкпірін интернетпен қамтамасыз еткен «250+» сынды әлеуметтік жоба мемлекет пен ұялы операторлардың өзара іс-қимылынсыз мүмкін болмас еді.

Қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға арналған «250+» бағдарламасы білім алуға үлкен мүмкіндіктер береді. Интернет қолжетімді болғандықтан ауыл тұрғындары жасына қарамастан барлық бағдарламалар, курстар мен вебинарларды көре алады. Білім беру процестерінің маңыздылығын түсіне отырып, Tele2 нарықта бірінші болып «250+» бағдарламасы бойынша желіге қосылған абоненттерге арналған арнайы «Туған жер» тарифін іске қосты. Оның ерекшелігі – пайдаланушыларға қашықтан жұмыс пен оқуды дамыта отырып, білім беру порталдары мен бағдарламаларға шексіз қолжетімділікті қамтамасыз етуі.

Ауыл кадрларын дамытудың маңыздылығын «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының өкілдері де қолдап отыр. Олар ауыл тұрғындарының шетелдік жоғары оқу орындарына түсуі қолжетімді болуы үшін балалардың шет тілінде білім алуына жағдай жасайтын  бастама көтерді. Бұдан басқа қазір «Болашақ» гранттық бағдарламаларында Big Data және робототехника сияқты сұранысқа ие мамандықтар пайда болды. Олардың болашаққа керек кәсіп екені белгілі.

Ауыл тұрғындары интернет ағымына етене еніп жатқанын байқап отырмыз. Өткен аптада 250 + ауылдарында Tele2/Altel желісіндегі интернетті тұтыну көлемі 20 млн. гигабайттан асты. Бұл көрсеткіш әлі де өсуде. Әсіресе, қыркүйек айында оператор сарапшылары бүкіләлемдік ғаламтор қолданушыларының белсенді өсетінін болжап отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.