Қалалық қоғамдық-саяси газет

22 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді

0 136

Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындықты бастады деп хабарлады turkystan.kz.

Комиссия отырысында мына мәселелер қаралады:

  • 20 қарашаға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;
  • Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру туралы;
  • 20 қарашаға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы.

Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қыркүйекте қол қойды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.