Қалалық қоғамдық-саяси газет

21 жастағы мұғалім «Атырау аруы – 2021» атанды

0 836

21 жастағы Әйгерім Сүйінова «Атырау Аруы – 2021» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы «Қазақстан аруы» байқауының ресми парақшасында хабарланды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйгерім Еуразия гуманитарлық университетінің студенті. Өзінің парақшасында Әйгерім ағылшын тілінің маманы екенін жазған. Сондай-ақ наурыз айында түрік тілін меңгеріп жүргенін атап өткен.

«Мен мамандық бойынша жұмыс істейтін адамдардың қатарындамын. Үшінші жыл сүйікті студенттеріме ағылшын тілі әлемін ашып келемін», – деп жазған Әйгерім. 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.