Қалалық қоғамдық-саяси газет

18 жасар тараздықтың үйінен полицияның арнайы киімі табылды (ВИДЕО)

0 133
Тараздық полицейлер іздестіру кезінде арнайы қорғаныс құралдарын тәркіледі. Бұл туралы Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
«Басқарма қызметкерлерімен қала аумағында қару-жарық пен оқ-дәрілерді іздестіру кезінде жалға алынған пәтерлердің бірінен ұрланған арнайы қорғаныс құралдары табылды.
Пәтерді жалға алушы 18 жастағы азамат аталған заттарды орталық алаңда болған тәртіпсіздік кезінде ұрлағандығын мойындады.
Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау жұмыстары мен оның жаппай бассыздықтарға қатыстылығы тексерілуде» – деді Тараздың бас полицейі өз жазбасында.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.