Қалалық қоғамдық-саяси газет

«102»-ге – 102 көлік

0 172

Орталық алаңда патрульдік полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілті табыс етілді.

Зере Қуаныш

Салтанатты жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев қатысты. Құқық бұзушыларды іздеу және құрықтау бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталған жоғары өтімді 102 автокөлік өз иелеріне табыс етілді. Ағымдағы жылдың шілде айында 131 автокөлік учаскелік инспекторларға берілген болатын, ал 2020 жылы әрбір УПИ көлікпен қамтамасыз ету жоспарда қарастырылған. Бұл, ең алдымен, облыстың шалғай ауылдарындағы криминогендік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
– Облыс транзиттік болғандықтан, облыс арқылы бір тәулікте орта есеппен 10 мыңнан астам автокөлік өтеді. Сонымен қатар біздің базамызда 220 мыңнан аса көлік тіркелген. Соңғы 7 жылда жаңартылмаған автопарк бір жылдың ішінде 235 жаңа көлікпен толықтырылып, парктің 86 пайызы жаңартылды. Ендігі кезекте біздің басты міндетіміз – жаңа форматта заңға сәйкес халыққа адал қызмет ету, – деді Арман Молдиярұлы.
Көліктердің кілтін табыстаған Бекболат Серікбекұлы құқық саласының қызметкерлеріне сәттілік тіледі. Салтанатты рәсімнің соңында патрульдік полиция жаңа көліктермен шеру жасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.