Қалалық қоғамдық-саяси газет

1 600-ден аса құқық бұзушылық анықталды

0 1  260

Ағымдағы жылдың 5-11 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автобус жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Республикалық, жергілікті маңызы бар автожолдарда және өңірдің көше-жол желісінде қоғамдық көлікпен жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүк тасымалдаумен айналысатын көлік құралдарының (автобустардың) жүргізушілері жасаған 1 612 жол ережесін бұзушылықты анықтады.
Рейдтік жұмыстар барысында автокөлікті тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың – 83, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 29 дерегі тіркелді. Патрульдік полицейлермен автокөлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін – 181, ал маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 331 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері техникалық ақаулы көлікті желіге шығарғаны үшін автобус парктерінің 29 лауазымды тұлғасын жауапкершілікке тартты.
Айыппұл тұрағына барлығы 42 қоғамдық көлік қойылды.
Осы орайда Жамбыл облысы Полиция департаменті автобус жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін және жолаушыларды тасымалдауға қойылатын талаптарды қатаң сақтауды ескертеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.