Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Тұмауға тұсау

 

83 Тұмауға тұсау


ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелеріне арналған баспасөз жиынында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов пен облыстық балалар жұқпалы ауруханасының инфекционист дәрігері Сағыныш Нұрғабылова осылай деді. Спикерлердің айтуынша, тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцина салу. Өйткені вакцина осы эпидемиологиялық маусымда өршуі мүмкін тұмау вирусының түрінен сақтануға көмектеседі. Ал қалада аталған ауруларға байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде сақталып отыр екен.


– 2018-2019 жылдардың алдағы эпидмаусымында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша Қазақстанда қолданылатын үшвалентті вакцинаның құрамына енгізілген тұмаудың үш түрі болады. Бүгінгі күні облыста барлық медициналық мекемелер жедел респираторлы вирусты жұқпамен ауырған науқастарды қабылдауға және ауруханаға жатқызуға дайын. Облыстағы дәріхана жүйелері дәрі-дәрмектермен, оның ішінде вирусқа қарсы препараттар мен бірреттік бетперделермен толық қамтылған. 1 қазаннан бастап облыстағы барлық медициналық мекемелер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, науқастарға қатынау шектелді. Ұйымдастырылған балалар ұйымында фильтр, санитарлық пост, залалсыздандыру режимі және санитарлық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Тұмау вирустарының белсенді айналымы ҚР барлық аумағында қаңтар айының басында анықталды және тұмауға оң сынамалардың ең көп саны ақпан айында тіркелді. 2017-2018 жылдардың эпидмаусымында облыс бойынша ЖРВИ-ның 20 мың жағдайы, оның ішінде тұмаудың лабораторлық негізде 166 жағдайы тіркелген болатын, – дейді Күмісбек Рахымұлы. Әрбір адам өз қалауымен тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерде жеке қаражатына екпе алуға мүмкіндігі бар. Ақылы егу кабинеттерінде тұмауға қарсы вакцинаның құны – 1600 теңгеден бастап 2500 теңге аралығында. Ал жыл сайын облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа халықтың ең әлсіз тобын, жетім балалар, жиі ауыратын балалар, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдерді егу үшін тұмауға қарсы вакцина сатып алынады екен. Биылғы жылы облыстық бюджеттен қауіп қатер тобындағы тұлғалар үшін 115 мың доза тұмауға қарсы вакцина алыныпты. Мұндай екпе жұмыстары тек қалалық №1 және №5 емханаларда жасалады.


– Жіті вирустық инфекциясының көп жағдайда жұқтырылатын ерекше тәуекел тобы болады. Тәуекелдің осы санатына балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар адамдар, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің өздері және жұмысы халықпен тығыз байланысты адамдар жатады. Олардың ішінде созылмалы өкпе, жүрек, қан-тамыр ауруларымен, иммундық жеткіліксіздігімен ауыратын, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен вакцинацияланады. Тәуекелдің осы топтарының әрқайсысы аурудың ауыр түріне бейім. Бұл ретте, уақытылы егілу аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.


Біздің елімізде тіркелген вакциналар қауіпсіз, жеңіл тасымалданады және қолдануға ыңғайлы. Науқастарға өз бетімен емделуден бас тартқан жөн. Ауру белгілері білінген сәтте дереу үйге дәрігер шақырту керек, – дейді облыстық балалар жұқпалы ауруханасының инфекционист дәрігері Сағыныш Нұрғабылова.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

В Таразе городской актив обсудил основные тезисы обращения Главы государства и выдвинул предложения по их реализации. В минувшую среду, в городском Доме культуры состоялось собрание актива города по разъяснению Послания Президента Республики Казахстан Н.А.
В областном центре продолжается обсуждение инициатив Президента страны, изложенных в его очередном Послании. Коллектив Жамбылской областной детской больницы поддерживает курс главы государства на создание социально-ориентированого общества. Таков итог встречи медиков с...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Во дворце спорта «Тараз-Арена» три последних дня сентября ознаменовались проведением Международного турнира по дзюдо памяти мастера спорта СССР Бахыта... С приветственным словом выступил руководитель управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нурбол Жунисбеков. Организацию турнира взяли на себя...
Не холодно ли будет в школах зимой? Готовы ли к снегопадам и гололеду дорожники? Насколько надежны котельные и теплотрассы... В работе сессии под председательством секретаря маслихата Батырбека Кулекеева приняли участие аким города Галымжан Абдраимов, прокурор города, представители общественности. Предварительно...
В Таразе и области воздействие на должников за потребленные услуги переходит на новый уровень. В областном центре продолжается компания, в ходе которой злостные неплательщики коммунальных услуг в массовом порядке лишаются этих самых...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00