Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Қоршаған орта қамқорлыққа зәру

 

91 қоршаған орта қамқорлыққа зәру

 

Бір реттік қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды және су басу қаупін тудырады. Пластмасса туризм саласына да зиян келтіре отырып, демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды.


Қазақстанның мұхиттарға шығуы болмағанына қарамастан, мұхиттардағы пластмассалар, әдетте, жыл бойында ыдырайды. Бірақ бұл процесс барысында бифенол А және полистирол сияқты улы химикаттар белгілі бір пластмасса түрлерінен суға түседі. 2012 жылы әлемдегі мұхиттарда шамамен 165 миллион тонна пластик қалдықтары бар деп есептелген. 2014 жылғы бағалау бойынша мұхит бетінде 268 940 тонна пластик бар, ал пластикалық қалдықтардың бөлек бөлшектерінің жалпы саны 5,25 триллион тоннаны құрайды.
Пластикалық ластану – су қоймаларының ластануы (өзендерге, көлдерге, теңіздерге антропогендік қалдықтарды тастау), бір реттік пластикалық бөлшектермен, пластикалық торлармен және т.б. судың ластануы. Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған.


Пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.


ТҚҚ үйінділерінің полигондары үнемі пластмассаның әр түрімен толтырылып тасталған. Бұл қоқыстарда пластиктің биодеградациясын жеделдететін көптеген микроорганизмдер бар. Биоыдырайтын пластиктерге келер болсақ, олар ыдыраған кезде метан бөлініп шығады, бұл атмосфераға диоксиндер мен фурандар бөлетін өте күшті парниктік газ болып табылады.


Пластмассалар құрамында пластиктің түріне байланысты көптеген химиялық заттардың түрлері болады. Оның жан-жақты қолданылуының негізгі себептерінің бірден-бірі құрамына химиялық қосылуы болып табылады. Пластмасса өндірісінде пайдаланылатын кейбір химиялық заттар адамдардың тамақ тізбегінің нәтижесінде жұтылу қаупін тудырады.


Сондай-ақ, пластикалық ластанудың әсерінен жануарлардың да улану қаупі бар, бұл өз кезегінде адамға азық-түлік өнімдерін жеткізу барысына кедергі келтіруі мүмкін.


Пластикалық ластану ірі теңіз сүтқоректілеріне өте зиянды әсер ететін заттар ретінде сипатталған және «Introduction to Marine Biology» кітабында олар үшін «ең қауіпті қатер» деп аталды (пластмасса жануарлардың асқазан-ішек жолдарын бекітіп тастайды, теңіз сүтқоректілері пластмассалық торларда шырмалып қалады да, оның соңы өлімге немесе ауыр жарылуларға және жараларға алып келеді).


Өркениеттің заманауи игіліктері көбінесе адамдар үшін жайлылық жаратып қана қоймай, табиғатқа орны толмас залал келтіреді. Тек соңғы 10 жылда ғана әлемде өткен ғасырмен салыстырғанда пластикалық өнімдер көп өндірілді.


Бір реттік ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлі ыдыстар – біз күнделікті «өндіретін» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түрлеріне жатады. Қазақстанда қалыптасқан көлемнің тек 28,7 пайызы ғана қайта өңделіп, адам өмірінде және тұрмыстық шарттарда қайта қолданылады.


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгізіледі.


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады.


Тараз қаласында пластик қалдықтары мен ПЭТ бөтелкелерін бөлек жинау үшін 347 торлы контейнерлер көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс алаңшаларының маңында орнатылды. Қалдықтарды жинау қызметі «KazEcology» ЖШС және ЖК «Бақыт» тарапынан жүргізіледі.
Бұдан бөлек, құрамында сынап бар люминесцентті шамдар мен химиялық қоректендіру көздерін жинау үшін көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс алаңшаларының маңында 30 контейнерлер орнатылды, жинау жұмыстары «Алди и К» ЖШС тарапынан атқарылады.


ҚР Энергетика министрлігі әкімдікпен бірлесе отырып, қала тұрғындарын қайта өңдеуге болатын «құрғақ қалдықтарды» және көмуге болатын «ылғалды қалдықтарды» жеке жинау қағидасын назарыңызға аударамыз.


ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ТАЗА ЕТУ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА!

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

На днях Премьер-Министр РК Бакытжан Сагинтаев совершил рабочую поездку в Жамбылскую область в целях ознакомления с ходом реализации в... Высокого гостя встретили аким области Аскар Мырзахметов, заместители акима области, руководители управлений. В ходе общения главное внимание привлекли...
Белые хлопья раннего ноябрьского снега тихо опускаются на темные одежды, волосы и головные уборы людей, собравшихся у памятника Газизу... На митинг, посвященный памяти Халық қаһармаңы Газизу Байтасову, пришли его родные и близкие, вдова Гульжамал Тажиева, сослуживцы, коллеги героически...
В спорткомплексе «Тараз - Арена» в минувшие выходные проходил открытый чемпионат Тараза по художественной гимнастике. На соревнования, посвященные Дню... Открытый формат состязаний позволил собрать 24 команды, состоящие из 489 юных граций в возрасте от 5 до 15...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00