Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Әкелер одағы құрылады

 

 

47 әкелер одағы құрылады

 

Бұл түйткілдің түйінін тарқату мақсатында аймақта алғаш рет Әкелер одағы құрылмақ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде одақтың атқаратын қызметі мен Ақтөбе қаласында өткен ІІІ Әкелер форумына қатысқан жамбылдық делегаттар БАҚ өкілдерімен алған әсерін бөлісті.


– Биыл үшінші рет өткен Әкелер форумында еліміздің әр түкпірінен 200-ге тарта үлгілі әке қатысуға мүмкіндік алды. Оның ішінде екеуі біздің аймақ өкілдері. Олардың әрқайсысы отбасы мен қызметте, бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілікті сезінген жандар. Республикалық шараның Ақтөбеде өтуінің өзіндік мәні бар. Биылғы 12 айды балаларға арнап, жыл бойы игі істерді атқаруды қолға алған өңір өзгелерге үлгі болып отыр. Ал бала тәрбиесінде әкенің рөлі зор екені белгілі. Қазақта «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген нақыл сөз бар. Сондықтан әке – отбасының қамқоршысы әрі ұйытқысы, – дейді Жамбыл облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бақыт Жақсылықова.


Аймақ атынан тағылымды форумға аттанған 5 ұл тәрбиелеп отырған үлгілі әке, қала әкімдігінің кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшесі, «Освобождение – Юг» қоғамдық қорының президенті Дәурен Бағжанов пен 7 баланың әкесі, жеке кәсіпкер, «Береке» сауда орталығының әкімшілік қызметкері Ғалымжан Қалымбетов жиында ойларын ортаға салды.


– Әкелер одағы қазіргі таңда еліміздің 7 өңірінде құрылды. Маңызды бастаманы аймақта құру төңірегінде алғышарттар жасалды. Ер азамат тек отбасын материалдық қажеттілікпен ғана қамтамасыз етіп қоймауы керек. Одақты құру барысында отбасылық жауапкершілікке салғырт қарайтын азаматтар тәрбиеленеді, – деді Дәурен Бағжанов. Сондай-ақ келелі кездесуде ер-азаматтардың отбасы алдындағы міндеті мен жауапкершілігі, толық емес отбасындағы бала тәрбиесі, балаларды еңбекке баулу, кәсіп таңдауда әкенің рөлі мәселелері төңірегінде мардымды ойлар айтылды.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Во дворце спорта «Тараз-Арена» три последних дня сентября ознаменовались проведением Международного турнира по дзюдо памяти мастера спорта СССР Бахыта... С приветственным словом выступил руководитель управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нурбол Жунисбеков. Организацию турнира взяли на себя...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00