Актуальный выпуск газеты: № 41 (1433), 18 мая 2018 года Архив номеров
 
ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 рус

Мақсат –баршаға ортақ



28 Мақсат-баршаға ортақ

 

Сондай жиынның бірі – ҚР Ұлттық банкінің Жамбыл облыстық филиалында өтті. Аталған филиалдың директоры Евгений Шарыгиннің төрағалығымен өткен басқосуға қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов, ТарМПУ «Қазақ филологиясы және латын графикасы» кафедрасының доценті Сейсекүл Исматова мен жазушы Елен Әлімжан қатысты. Алғаш болып сөз тізгіндеген қоғамдық кеңестің төрағасы банктің қызметкерлеріне өңірде Елбасының Жолдауы аясында жасалып жатқан жұмыстарды жеткізді. Сондай-ақ ол соңғы жылдары кәсіпкерлердің өмірін едәуір жеңілдеткен біршама шараларды да алға тартты.

 

28 Мақсат-баршаға ортық2

 

– Бүгінде аймақта Жолдаудағы мақсат-міндеттерді іске асыру жолға қойылған. Сондықтан өзіміз де ел дамуына үлес қосуымыз қажет. Қоғам үшін пайдалы нәрсе жасауға ниет танытып, туған жеріміз үшін аянбай еңбек етуіміз шарт. Ол үшін мектепті жөндеңіз, балабақша құрылысына қатысыңыз, жолды жөндеңіз. Осының өзі қосқан ең елеулі үлесіміз, – дейді Қаржаубай Бекболатов.


Өз кезегінде филология ғылымдарының кандидаты Сейсекүл Исматова латын әліпбиі туралы әңгімелеп, халықты біріктіру және жаңа мақсатқа жету үшін латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын атап өтті. Жалпы қазақ тілінің жаңа жарғысына өту мерзімі 2025 жылға дейін. Осы кезеңде латын қарпіне көшу мәселесі мерзімді басылымдарда жариялануға тиіс. Әліпбидің бірыңғай стандарты қазірдің өзінде қабылданды және өтпелі кезеңдегі жұмыс толыққанды. Сонымен қатар Елен Әлімжан Жолдаудағы мақсат-міндеттерге тоқталып, оны іске асыру баршаға ортақ екенін жеткізді.Ал жергілікті полиция қызметінің бас ғимаратында өткен жиында ақпараттық топ мүшелері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Алдымен сөз алған ЖПБ бастығының орынбасары Мұрат Байсеркенов Елбасының Жолдауындағы басымдықтарға тоқталды. Сонымен қатар жиында қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов, Елен Әлімжан және топ мүшелері тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. Жолдаудағы басым бағыттардың облыс және қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған хабарламашылар, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиын соңында құқық қорғау саласының қызметкерлеріне басшылары Жолдаудағы әрбір бағытты тереңнен түсініп, қолдауға шақырды.


Келесі кезекте ақпараттық топ мүшелері «Қазпочта» АҚ-ы филиалының еңбек ұжымымен кездесіп, бас құжаттағы басымдықтарды талқылады. Ол жиынға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Ермекбай Серікбаев, ардагер ұстаз Рақым Садықбаев пен «Талдау және мониторинг» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбол Берікқожа қатысты. Алғаш болып хабарлама жасаған Ермекбай Серікбаев Елбасы биылғы Жолдауында 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылып, оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойғандығын атап өткенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ондағы басымдықтарға кеңінен тоқталып өтті. Ал Рақым Садықбаев Елбасының сындарлы саясатының арқасында үйренуші елден үйретуші елге айналып келе жатқанымызды сөз етіп, әр жылдардағы Жолдаулар дамудың даңғыл жолы екендігін баса айтты.


– Бүгінде елімізде рухани жаңғыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Дамуымыз да қарқынды. Биылғы жылғы Жолдаудың еліміз үшін алатын орны ерекше. Онда біздің төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізу мәселесі көтерілген. Жақында ғана жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі орынды көтерілді. Бұл бағытты өңірдегі жоғары оқу орындарының басшылары қолдап, студенттерге жатақхана салып беруді қолдап отыр, – деді Р.Садықбаев.


Ал Серікбол Берікқожа жастардың мамандық таңдаудағы қателіктерін алға тартып, бұл мәселе ата-аналарды да ойландыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар ол Жолдаудағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» деген басымдығына кеңінен тоқталып, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарттары туралы мәліметтер келтірді.

 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

 

 

 
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Аким Тараза провел рейд по основным магистралям областного центра. Развитие внутреннего и международного туризма в Жамбылской области, и в частности в Таразе, во многом зависит от состояния...
Вчера аким города Тараза Галымжан Абдраимов в зале заседаний акимата провел торжественное собрание по случаю чествования большой группы многодетных... – Уважаемые матери, бабушки, сестры! – обратился Г. Абдраимов по казахской традиции возрастного разграничения к участницам встречи. –...
Воспитанники ПСК «Тимур» в общекомандном зачете завоевали два первых места. Юные бойцы Жамбылской области вернулись с победой с очередных международных соревнований. В Ташкенте завершился ежегодный международный турнир по Джун-Ри-До таэквондо...
Нургиса Анарбек – чемпион Азии и трехкратный чемпион Казахстана. В нашем регионе стремительно развиваются боевые искусства, жамбылские бойцы славятся своими победами во многих из них. Недавно наши...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00