Актуальный выпуск газеты: № 41 (1433), 18 мая 2018 года Архив номеров
 
ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 рус

Зейнетақы: кім қанша алады?



 

11 Зейнетақы кім қанша алады

 

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері зейнеткерлерге тек ай сайын төлене бастады. Бұған дейін олар қаласа үш айда бір рет, қаласа жылына бір рет алуға мүмкіндіктері бар болатын. Осы жаңа өзгерістердің мән-жайын түсіндіріп берсеңіз...

– Отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Олар 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Соған сәйкес енді зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға және І, ІІ топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдарға тек ай сайын төленетін болады. Бұл төлемдер міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен және инвестициялық табыстардан қалыптасады. Ай сайынғы төлемнің мөлшері зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде белгіленеді. Ал жылдық сома зейнетақы шотындағы қаржының жалпы сомасын алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. Бұл коэффициент – зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзімін есепке ала отырып, олардың болашақтағы құнын ескеретін көрсеткіш. Жалпы коэффициенттер кестесі 2003 жылдан бері қолданылып келеді. Сонымен, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома айлық зейнетақы болып табылады. Бірақ қалай болғанда да, ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды. Биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – 28 284 теңге. Ал оның 54 пайызы – 15 273 теңге 36 тиын.

– Сонда бір жолғы төлем деген болмайды ма? Бұған дейін алушылардың бір алғанда 900 мың теңгедей ақшаны алып келгенін білеміз...

– Қазір де бір жолғы төлем бар. Бірақ оның көлемі бұрынғыдай үлкен емес. Бұрын оның көлемі ең төменгі зейнетақының 30 еселенген мөлшерінен аспайтын (2017 жылы – 937 350 теңге). Яғни егер жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың жалпы сомасы ең төменгі зейнетақының 30 еселенген мөлшерінен аспаса, алушы бұл соманы толығымен ала алатын. Ал қазір зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақы көлемі – 33 745 теңге. Сәйкесінше, оның 12 еселенген мөлшері – 404 940 теңге. Егер зейнетақы жинақтарының көлемі бұл сомадан асып кетсе, зейнетақы тек ай сайын төленетін болады. Сонымен қатар егер зейнетақы шотындағы жинақтардың қалдық сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болса, ол кезекті төлемнің сомасына қосылып төленеді.

– Күні бүгінге дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын жылына бір рет немесе оны төртке бөліп, үш ай сайын алып келгендер де енді зейнетақыларын тек ай сайын алатын бола ма?

– Жоқ, зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімдеген зейнеткерлер зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) сақтауға және өзгертуге құқылы. Яғни жаңа өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап рәсімдейтін азаматтарға ғана тиесілі. Бұл ретте 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнеткерлік жасқа толған, бірақ өз уақытында зейнетақы төлемдерін рәсімдемеген азаматтар зейнетақы төлемдерін тек ай сайын алу мүмкіндігіне ие.

– Қазір зейнеткерлер өздеріне тиесілі зейнетақы жинақтарының жылдық сомасын тұрақты пайыздық сыйақы алу мақсатында банк депозитіне салу мүмкіндігіне ие. Ал 2018 жылдан бастап олар бұл мүмкіндіктен айырылады. Сонда зейнетақы жинақтарының табыстылығы қалай болады, олар құнсызданып кетпей ме?

– Қазіргі таңда зейнеткерлердің басым бөлігі БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша жылына бір рет, яғни жыл сайынғы кесте бойынша алады. Ал ай сайын және тоқсан сайын алу мүмкіндігін пайдаланғылары келмейді. Сәйкесінше, алушылар БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін зейнетақы ретінде емес, жай жинақталған сома ретінде қабылдайды. Сөйтеді де жылдық соманы алып, оны балалары мен немерелерінің оқуларына, той-томалаққа және әртүрлі сатып алуларға жұмсайды. Тек кейбір зейнеткерлер ғана бұл соманы ай сайын немесе жыл сайын пайыздық сыйақы алып тұру үшін депозитке салады. Дегенмен депозит бойынша сыйақы ретінде есептелген пайыздар күнделікті қажеттілік үшін жоғары табыс әкеле қоймайды. Ал БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары тұрақты түрде инвестицияланады және табыс әкеледі. Заңға сәйкес БЖЗҚ зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі сенімгерлікпен басқарады. ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық стратегиясы зейнетақы активтерін әртараптандыруға бағытталған. Қазіргі таңда зейнетақы активтері ұзақ мерзімді келешекте тұрақты табыс алу және тәуекелдерді төмендету мақсатында теңге және шетелдік валютада номинирленген әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.

– Базалық зейнетақыны есептеу механизмі қашан және қалай өзгереді?

– Иә, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы төлемдерін есептеудің жаңа әдістемесі қолданылады. Яғни базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Мұнда базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Еңбек өтілі еңбек кітапшасындағы жазбалармен расталады. Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Ал бұған дейін базалық зейнетақы зейнеткерлікке шыққан әрбір азаматқа еңбек өтілі мен айлық табысы және зейнетақы жинағының көлеміне қарамастан, өмір бойына бірдей мөлшерде тағайындалып келді. Биыл базалық зейнетақының көлемі 15 274 теңгені құрайды (ең төменгі күнкөріс деңгейінен сәл жоғары) және ол жыл сайын ұлғайып отырады. Ал ортақ зейнетақыға қатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді деген сөз. Дегенмен бұл азаматтар мемлекеттік базалық зейнетақы ала алады. Біртіндеп ортақ құрамдауыш келмеске кетеді. Сәйкесінше, 2030 жылға дейін және одан кейін жинақтаушы құрамдауыштың үлесі біртіндеп арта түседі.

– Зейнетақы жинақтарын зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын алуға бола ма?

– ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындайтын жағдайлар нақты белгіленген. Зейнетақы жинақтарын, біріншіден, зейнеткерлік жасқа толғанда, екіншіден, І, ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдардың мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленгенде, үшіншіден, ел аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ала алады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 59-бабының 1-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда 55 жасқа толған ерлер, 50 жасқа толған әйелдер өздерінің мiндеттi зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл ретте әйелдер үшін зейнетақы аннуитетін жасау мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады. Зейнетақы төлемдері зейнеткердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан зейнетақы жарналарын ерте бастан қомақты көлемде зейнетақы қорына аударған сайын болашақта алар зейнетақы төлемдерінің мөлшері де арта түседі. Ал егер адамдар зейнетақы жарналарын аудармай, жалақыларын «конвертпен» алатын болса, болашақта алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері де мардымсыз болады. Тағы да еске сала кетелік, жыл сайын инфляция деңгейі ескеріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі зейнетақы және басқа да есептік көрсеткіштер қайта есептеліп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етеді.

– Әңгімеңізге рахмет.



Сұхбаттасқан Арайлым Шабденова

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Аким Тараза провел рейд по основным магистралям областного центра. Развитие внутреннего и международного туризма в Жамбылской области, и в частности в Таразе, во многом зависит от состояния...
Вчера аким города Тараза Галымжан Абдраимов в зале заседаний акимата провел торжественное собрание по случаю чествования большой группы многодетных... – Уважаемые матери, бабушки, сестры! – обратился Г. Абдраимов по казахской традиции возрастного разграничения к участницам встречи. –...
Воспитанники ПСК «Тимур» в общекомандном зачете завоевали два первых места. Юные бойцы Жамбылской области вернулись с победой с очередных международных соревнований. В Ташкенте завершился ежегодный международный турнир по Джун-Ри-До таэквондо...
Нургиса Анарбек – чемпион Азии и трехкратный чемпион Казахстана. В нашем регионе стремительно развиваются боевые искусства, жамбылские бойцы славятся своими победами во многих из них. Недавно наши...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00