Актуальный выпуск газеты: № 43 (1435), 25 мая 2018 года Архив номеров
 
ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 рус

Бұқаралық спорт ұлт саулығын арттырады

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысу ұлт денсаулығының ажырамас бөлігі екенін атап көрсетті. Елбасы тапсырмаларын орындау үшін қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту мақсатында 2017 жылы Тараз қаласында 216 спорттық іс-шара өткізіліп, 48045 адам қатысты. Оның ішінде Тараз қаласы әкімдігі тарапынан 87 спорттық іс-шара өткізіліп, 21266 адам қатысты. Атап айтқанда, спартакиадалар, жеңіл атлетикалық жүгірістер, парктер мен скверлердегі бұқаралық спорттық шаралар және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілері өткізілген болатын. Аталған бұқаралық спорттық шараларға қаладағы барлық жастағы тұрғындардың қатысуы қамтылған болатын.


Қала тұрғындары бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдану үшін спорт нысандарына қолжетімдігін арттыру мақсатында қала әкімдігі тарапынан «Құмшағал», «Шөлдала», «Қарасай» алқаптары және «Талас» (6) мөлтек ауданында жасанды төсенішімен кіші футбол алаңшалары және «Атлетик» спорт кешенінің маңында, Қ.Рысқұлбеков пен «Жеңіс» саябағында, «Астана» (12) мөлтек ауданы мен «Шөлдала» алқабында жаңадан дамып келе жатқан спорт түрі «Street Workоut» алаңшалары салынып, халықтың пайдалануына берілді.


Бұқаралық спортты дамыту мақсатында және қала әкімі Р.Дәулеттің қала тұрғындары алдында есеп беру кезінде спорт алаңшаларын салу жөніндегі сұраныстарын қанағаттандыруда биыл Тараз қаласында тағы да 8 спорт алаңшасын салу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Атап айтқанда, 3 «Street Workоut» және 5 әмбебап спорт алаңшаларын салу жоспарлануда.


Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында бірқатар жерлестеріміз қала тұрғындарының игілігі үшін өз қаражаты есебінен спорт алаңшаларын салып беруге ниет білдіруде. Олардың бірі «Казфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров болса, екіншісі қалалық мәслихат депутаты Жұмабек Бөлекбаев бүгінгі күндері спорт алаңшаларының құрылыстарын бастап та кетті.


2017 жылы қала тұрғындарының спортпен жүйелі түрде айналысуына тарту және спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында қаладағы 410 спорт нысанының орналасқан жері мен жұмыс уақытын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың назарына ұсынылған болатын. Ал ағымдағы жылы 500-ден аса қолжетімді спорт нысандарын аталған тізімге енгізу жоспарланып отыр.


Қазіргі таңда Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен шұғылданушы азаматтар саны 103202 адамды құрады. Бұл Тараз қаласының тұрғындарының жалпы санының 28,8% құрап отыр.


Ағымдағы жылы қала тұрғындары арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерекесін атап өту мақсатында бұқаралық спорттық шараларды жиі өткізу арқылы жүйелі түрде спортпен шұғылданушы азаматтар санын 29,2% жеткізу жоспарлануда.


Кенжебек Олжабай,
Тараз қаласы әкімінің орынбасары

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Жители массива Тастак теперь без риска переходят линию. Когда в Таразе мы говорим «живет в районе за железнодорожной линией», все обычно имеют в виду тот самый...
Депутат Мажилиса Парламента РК провел встречу с жителями области. Представители законодательной власти республики регулярно посещают наш регион, встречаются с жителями, рассматривают их заявления и предложения. Вчера мажилисмен...
Воспитанники ПСК «Тимур» в общекомандном зачете завоевали два первых места. Юные бойцы Жамбылской области вернулись с победой с очередных международных соревнований. В Ташкенте завершился ежегодный международный турнир по Джун-Ри-До таэквондо...
Нургиса Анарбек – чемпион Азии и трехкратный чемпион Казахстана. В нашем регионе стремительно развиваются боевые искусства, жамбылские бойцы славятся своими победами во многих из них. Недавно наши...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Май 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00