Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Қала тазалығы – әсемдік әліппесі

  

91 Қала тазалығы-әсемдік әліппесі

 

Күні кеше қала күні мерекесін атап өтіп, жаңадан бой көтерген нысандардың маңында сейіл құрған халық шаһардың әсемдігі мен мұнтаздай келбетіне жауапты болуы тиіс. Бұл ретте туған мекеннің сұлулығына сызат түсірмей, әсем қалпын бұзбауды көздеген №45 мектеп гимназиясының оқушылары игі іске бастамашы болды. «Туған өлкем қандай көркем» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сенбілікке 30 оқушы атсалысты. Белсенді жастардың барлығы мектеп жанынан құралған «Парасат» ұйымының мүшелері. Тазалық жұмыстары Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етуден басталды.


Оқушылардың қоғамдық жұмысқа деген қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімдерін оятуды мақсат тұтқан Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектеп-гимназияның басшылығы қалалық білім бөлімінің бастамасын қуана қолдағандарын жеткізді.


– Бүгін тазалық жұмыстарын алғашқы рет жүргізіп жатырмыз. Ел болашағы үшін күрескен батырлардың рухына тағзым ету – жастардың асыл міндеті. Сол себепті, сенбілікті халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының еңселі ескерткішінің маңынан бастадық, – деді №45 мектеп гимназия директорының орынбасары Айнұр Сәрсенбекова.


Жастардың белсенділігінің арқасында саябақ аумағы әп-сәтте құлпырып, серуен-деп жүрген қала тұрғындары да тазалық жұмыстарына үлес қосты.


– Қаланың бүгінгі келбеті көз қызығарлық. Жаңадан бой көтерген нысандар мен саябақтардың тазалығына жіті мән беру барлық қала тұрғындардың міндеті деп ойлаймын. Өзіміз өмір сүріп жатқан қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау арқылы ізімізден ерген мектеп оқушыларына өнеге көрсетеміз. Біз тазалық жұмыстарын апта сайын жүргізуге бел будық. Қатарластарымызды осы бастамаға үн қосуға шақырамыз, – деді мектеп оқушысы Елжас Берікұлы.


Оқушылар аталмыш саябақта тұрақты түрде сенбілік өткізіп, қоқыстан тазартып, жинақы қалпына бас көз боламыз деп уәде берді. Мұндай сенбіліктер қалалық білім бөлімінің ұйытқы болуымен қалың қар түсіп, күн суығанша Жеңіс саябағының аумағында тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

На днях Премьер-Министр РК Бакытжан Сагинтаев совершил рабочую поездку в Жамбылскую область в целях ознакомления с ходом реализации в... Высокого гостя встретили аким области Аскар Мырзахметов, заместители акима области, руководители управлений. В ходе общения главное внимание привлекли...
Белые хлопья раннего ноябрьского снега тихо опускаются на темные одежды, волосы и головные уборы людей, собравшихся у памятника Газизу... На митинг, посвященный памяти Халық қаһармаңы Газизу Байтасову, пришли его родные и близкие, вдова Гульжамал Тажиева, сослуживцы, коллеги героически...
В спорткомплексе «Тараз - Арена» в минувшие выходные проходил открытый чемпионат Тараза по художественной гимнастике. На соревнования, посвященные Дню... Открытый формат состязаний позволил собрать 24 команды, состоящие из 489 юных граций в возрасте от 5 до 15...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00