Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Мағжан атындағы ақындар айтысы өткізіледі

 

 

43 Мағжан атындағы ақындар айтысы өткізіледі

 

– Әңгімемізді Алаш ардақ-тысының атын иемденген мектептің тарихынан бастасақ.

– Бұл мектеп тұрған елді мекен Шалғай Қарасу аймағы деп аталыпты. Бір қызығы осы елді мекендегі көше аттарының бәріне бүкіл Қазақстандағы қала аттары берілген. Оның себебі, кешегі кеңес өкіметі кезінде әр қаладан келген студенттерден құрылған құрылыс бригадасы әр көшені бөліп алып үй тұрғызған. Мысалы, Талдықорған, Өскемен, Ақтөбе, Целиноград, Тараз, Қостанай, Балқаш т.б. Кейін үй құрылысы аяқталып пайдалануға берілгенде Шалғай Қарасу көшелеріне әр өңірдің аты осылай беріліпті. Басында 1-4-сыныптарға арналған бастауыш мектебі болып Қостанай көшесі 54 үйде ашылып, тұрғындардың балаларына бастауыш білім берген. Ал кейін елді мекенде тұрғындар санының артуына байланысты 1987 жылы үш қабатты заманауи мектептің құрылысы басталып, 1989 жылы 29 қыркүйекте 784 оқушыға арналған №21 орыс-қазақ орта білім беру мектебі болып ашылған. Ал мектепке Алаш зиялысының есімінің берілуі тәуелсіздігімізге тікелей байланысты. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда ғасырға жуық кеңес өкіметінің езгісінде келген он бес одақтас республикалардың ішінде ең бірінші болып қазақ жастары алаңға шыққан жоқ па? Ол кезде Кеңес деген әлемді аузына қаратқан алпауыт ел еді. 1990 жылдары алпауыт елдің көсемдері әрбір халықтың өз тағдыры, ана тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болатынын кеш те болса түсініп, өткенін жариялау, өшкенін жандырып, өлгенін тірілтуге мүмкіндік берді ғой. Осы қозғалыстан кейін-ақ 70 жыл бойы атын адам баласына естіртпей архивтің түкпірінде жатқан Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбергенов т.б. Алаш зиялыларының есімі қайта жаңғыра бастады. Солармен бірге қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, қайталанбас тұлға Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың есімі де жарыққа шықты. Мағжан бабамызға тағылған айыптардың ең сорақысы «Жапония жансызы» деген негізсіз жала ғой. «Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін» дегендей бұл негізсіз жаладан ақынды ешкім де ақтап ала алмаған. 1938 жылы 19 наурызда ату жазасына кесілген үкім орындалды дейді. 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Алаш зиялыларының есімін жалпақ жұртқа қайтадан таныстыру, шығармаларын насихаттау – күн тәртібіндегі бірінші мәселе болып тұрды. Сөйтіп 1993 жылы 4 қазандағы Жамбыл қаласы әкімінің №1014 шешімімен №21 орта мектепке Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев есімі берілді.

– Оқу ордасының материал-дық-техникалық базасы қандай және мектепте неше бала білім алады?

– Мектеп аралас мектеп болғандықтан бірнеше ұлт өкілдері оқиды. Бірақ басым көпшілігі қазақ балалары. Ағымдағы оқу жылында 1128 бала оқып білім алады. Білім ордасында 37 қазақ сыныбы, 13 орыс сыныбы бар. Оқу екі ауысымда жүргізіледі. Мектептің материалдық-техникалық базасы жақсы. Ақпараттық кеңістікті бағындыратын ғаламторға қосылған үш компьютер сынып, 4 интербелсенді тақта жұмыс істейді. Бұлардан басқа екі спорт залы, 100 орындық мәжіліс залы, мектеп асханасы жұмыс жасайды. Ағымдағы оқу жылында әртүрлі санаттағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 204 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұдан басқа мектебімізде 20 орындық оқу залы бар 14007 көркем әдебиетпен толықтырылған кітапхана жұмыс істейді. Мектеп оқушылары әртүрлі үйірмелермен қатар бос уақыттарында оқу залына келіп, көркем әдебиеттермен танысады. Білім ордасында мектеп оқулықтары жеткілікті.

– Биыл жастарға сенім артып, жігер берген ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойы. Бұл орайда қайраткер атындағы білім ордасында қандай шаралар көрініс тапты?

– Қазақтың сол кездегі зиялы қауымының қайсысының болса да өмір-тарихына қарасаң, бәрі де бардың, байдың балалары ғой. Мағжанның атасы Жұмабай қажы атанса, әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған екен. ХІХ ғасырдағы қазақ даласында орын алған халықтың әлеуметтік теңсіздігі, яғни, орыс империясының «бөліп ал да билей бер» саясаты, жергілікті бай-бағландардың балаларын орысша сауат ашуға мәжбүрлеген. Себебі орекең келгенде емін-еркін сөйлесетін тілмәш керек қой. Шығыстың қисса-дастандарын жатқа айтатын озық ойлы балаға, орыс тілі арқылы Еуропа мәдениетімен танысу, онсызда дарынды баланың көзін ашпай ма? Еуропаның озық мәдениетін сезіне білген зиялы қауым, қазақ даласының өнер-ғылымынан кенде қалғанын көре біледі. Тіпті қазақ тілінің негізгі ортада кең тыныстай алмай жатқанын осыдан 100 жыл алдын болжап білген ғой. Сондықтан зиялы қауым жалпықазақтың екі рет құрылтайын өткізіп, Мағжан ақын «Басқа жұрт аспан көкке асып жатыр, құлашын өнер-білім ашып жатыр» десе, Міржақып Дулатов «Оян қазақ!» деп жар салады ғой.
Осындай қазақ халқының қамы үшін құлаш сермеген ардақты ақынның атын мектебіміздің иемденуі біз үшін мақтаныш. Мағжан шығармаларын тереңірек үйрену, өлеңдеріндегі идеялық мазмұнды ен жайдыру ісіне мектеп тарапынан бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтар болсақ, мектеп кіреберісіне ақынның өмірбаянымен қоса портреті қойылды. Мектеп компонентінен 8-сыныптарда әр сыныпқа 34 сағатқа мөлшерленген «Мағжантану» таңдау курсы оқытылады. Ақынның 125 жылдығына орай сыныптарда өткізілген тәрбие сағаттарымен қоса мектептің мәжіліс залында кең көлемде «Мен жастарға сенемін!» атты әдеби кеш өткізілді. Мектеп кітапханасынан ақын мерейтойына арналып, кітап көрмесі ұйымдастырылған. Әр жылы қала көлеміндегі мектеп оқушылары арасында «Мағжан оқулары» байқауы өткізіліп келеді. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізіліп, Тараз қаласынан бөлек Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл аудандарынан жас ақындар келіп, өздерінің аяулы ақынға арналған өлеңдерін оқыды. Биыл қараша айында ардақты ақынның 125 жылдық мерейтойына арналған жас ақындар айтысын ұйымдастырамыз деген ойдамыз.

– Ақын атындағы мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан танымал шәкірттеріңіз туралы айта өтсеңіз.

– Әрине, мектеп – білім ордасы ғой. Сондықтан 1993 жылдан бері әр жылдары 9-сыныпты жүзден аса, 11-сыныпты елуге тарта оқушы бітіріп шығуда. Бәрі де өмірден өз орнын тауып, қалаған мамандықтарының иесі болып елге қызмет етіп жатыр. Десек те, спорт саласында «каратэ-киокушинкай» түрінен Мақсат Сапаров деген шәкіртіміз Қазақстан чемпионы. Әлі де бағындырар биігі алда. Мектеп түлегі Марина Ешімова Астана қаласында «Жастар» театрында қызмет етіп жүр. Ал өзгесі кәсіпкерлікке бет бұрып, шаруасын дөңгелентіп отыр.

– Мектепте оқитын шәкірттеріңіздің толайым табыстары жөнінде не дейсіз?

– Бұл орайда ауыз толтыра айтар жеңістеріміз көп. Атап айтар болсақ, 6-сынып оқушысы Нұрдаулет Қайрат Ескен Елеукеновтің туылғанына 75 жыл толуына байланысты өткізілген «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқауда бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ М.Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мына адамдар неғып жатыр тойламай...» атты республикалық байқауда бас жүлдені иеленіп, мектепті қуанышқа бөледі. 10-сынып оқушысы Айда Тоқтасынова республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауында «Қазақтың дана Қадыры» тақырыбында бас жүлдені еншіледі.

– Қайрат ағай, ұстаздық жолда ширек ғасырға жуық еңбегіңіз бар. Сонау уақыттан бері еліміздің білім саласында бірнеше реформа жасалынып, талай сүрлеу-соқпақтары өтті. Айтыңызшы, сол кешегі оқушымен бүгінгі оқушының айырмашылығы бар ма екен?

– Кешегі күн мен бүгінгі күнді салыстыра қарайтын болсақ, бүгін ғылым мен техниканың мейлінше дамыған, кез келген адам ақпараттық кеңістікте еркін тыныстай алатын заман туды ғой. Бұрын кеңес дәуірінде балаға оқымасаң өмір сүре алмайсың деген ұстанымда білім берілетін. Барлық бала ғылым мен білімнің барлық саласын меңгеріп шығуы мүмкін емес қой. Қабілетті, дарынды балалар өзі іріктеледі. Ал қазір кез келген баланың өмір сүру қабілеті жоғары. Сондықтан да ҰБТ форматына болашақтағы мамандығына сай таңдау пәні енгізіліп отыр.

– Әңгімеңізге рахмет.



Сұхбаттасқан
Толғанай БЕКЕТҚЫЗЫ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Во дворце спорта «Тараз-Арена» три последних дня сентября ознаменовались проведением Международного турнира по дзюдо памяти мастера спорта СССР Бахыта... С приветственным словом выступил руководитель управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нурбол Жунисбеков. Организацию турнира взяли на себя...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00