Актуальный выпуск газеты:  № 49 (1441) 15 июня 2018 года  Архив номеров
ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 рус

Түлектерден тағылым

 

 

31 Түлектерден тағылым

 


Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ұйымдастырылған шараға Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ақжүрек Таңатаров, еліміздегі үздік аяқдоп шебері Нұркен Мазбаев және облыстық «AQ JOL» газетінің директор-бас редакторы Қуат Әуесбай, айтыскер ақын Дидар Аббас сынды түрлі салада еңбек етіп жүрген мектеп түлектері қатысты.


Кездесуде қонақтар мектеп-гимназияның дарынды оқушыларының көрмесін тамашалап, тіпті логика үйірмесінің бірнеше қызықты тапсырмаларын орындады. Бұдан кейін оқушылар белгілі азаматтардың өмірлік тәжірибесімен бөліскен дәрісін тыңдады.
– Дәріс барысында оқушылардың спортқа деген ынта-ықыласын көріп, сүйсіндім. Араларында бір-бір Олимпиада чемпиондары өсіп келе жатқаны әбден анық қой. Оқушыларға «біздің бабаларымыз ержүрек батыр, сөз бастаған шешен, ел басқарған көсем де болған, ендеше олардың ұрпақтарының осал болуға еш қақы жоқ» деп едім, ерекше рухтанғаны байқалды, кездесуіміз өте қызықты өтті, – деді даңқты спортшымыз Ақжүрек Таңатаров.


Ал осы мектептің түлегі, белгілі журналист Қуат Әуесбай биыл мектеп бітіргендеріне 15 жыл толатынын айта келе:
– Осы уақытқа дейін қызмет бабымен туған жерден жырақта жүргендіктен, мектепке келуге мүмкіндік болмаған еді. 15 жылдан кейін мектеп табалдырығын аттап, ұстаздарыммен қауышуым ерекше сезімге бөледі. Балалықтың бал шақтарына саяхаттап қайтқандай болдым. Журналист болуға талаптанып жүрген іні-қарындастарыма сабақ өтіп, олардың ынта-ықыласына, құлшынысына риза болдым. Риясыз, шынайы жүздесу болды. Кіл көздерінде оты бар, ойлы өрендер екен. Мұндай тағылымы мол, пайдасы зор іс-шаралардың көптеп өткені жөн ғой деген ойдамын, – деді.


Шара мектеп оқушыларының концертімен жалғасты. Салтанатты кешті бастап берген мектеп-гимназия директоры Мұрат Тұрысбек кездесудің маңызына тоқталды. «Елге белгілі, өз саласында жетістікке жеткен жерлестеріміздің, мектеп түлектерінің оқушылармен кездесуі, өмірлік тәжірибелерімен бөлісуі аса маңызды, қажетті шара. Бұл жүздесу біздің шәкірттеріміздің болашағына азық болып, рухани серпіліс береді деген сенімдемін – деді білім ұясының басшысы.
Шара соңында барлық қонақтар мектеп ауласына шырша ағашын отырғызды.

 

Диляра ДАРХАН

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

В Таразе прошло заседание регионального совета предпринимателей с участием акима города. Предприниматели областного центра собрались в зале заседаний Дома дружбы. Открыл встречу генеральный директор ТОО «Казфосфат» Мукаш Искандиров. Целью...
В очередной раз жамбылская школьная команда, неоднократно побеждавшая на республиканских предметных олимпиадах и конкурсах научных проектов, признана сильнейшей в... Лучших по итогам минувшего года школьников, проявивших себя в учебе и в различных искусствах, пригласил на встречу аким...
В Таразе состоялся четвертый этап чемпионата Казахстана по трофи-рейдам. Автомобили, допущенные к соревнованиям, были разделены по классам: свободный, TR1, TR2 и TR3. Не углубляясь в подробности, их...
Будет сыграно 64 матча, из них 48 – в групповом этапе, 16 – в плей-офф. С красочной, но короткой церемонии официального открытия стартовал XXI чемпионат мира по футболу FIFA. Запоминающееся, увлекательное и лаконичное...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00