Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Жастарды жаңашылдыққа бастайтын жаңа құжат



28 Жастарды жаңашылдыққа бастайтын жаңа құжат

 Жиынның алғашқы күнінде қатысушылар ғылым, білім, инновация, кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру және саламатты ұлт қалыптастыру ісіне қатысты өзекті мәселелер мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру барысын кеңінен талқылады. Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың қараша айында өткен партияның Саяси кеңесінің отырысында ұйымның қызметін жаңғырту жөнінде нақты тапсырма бергені белгілі. Бұл тапсырмалардың «Жас Отан» жастар қанатына да тікелей қатысы бар екені анық. Бұл бағытта партияның жас белсенділері өздерінің Орталық кеңсесін түбегейлі өзгертіп, «open spase» форматына көшті. Кезекті съездің ашылуында әдеттегідей баяндамалар оқылмай, сұрақ-жауап тәсілі қолданылды. Бұл да болса жастардың әдеттегі жиынына жаңа леп әкелгендей болды. 

 

28 Жастарды жаңашылдыққа бастайтын жаңа құжат2

 

Съездер аралығындағы кезең бойынша есеп берген төраға жастар ұйымының өткеніне шолу жасап өтті. Биылғы жылдың басында «Жас Отанның» тарихында алғаш рет Орталық кеңеске сайлау онлайн тәсілімен өткен. Бұл ашық бәсекеде еліміздің әр түкпірінен 363 үміткер өз кандидатурасын ұсынып, олардың 16-сы Орталық кеңес мүшелігіне енген. Жеңіске жеткендердің қатарында жас кәсіпкерлер, еріктілер қозғалысының белсенділері мен өнер саласының өкілдері бар. Айта кетерлігі, орталық кеңес мүшелігіне біздің аймақтан «Жас Отан» жастар қанатының облыстағы төрағасы Уалихан Болатбек пен Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа да өткен. Д.Сүндетбаевтың айтуынша, жасотандықтар жүзеге асырған «NURINTECH», «Сәтті қадам», «Жастар – Отанға» жобаларына жастар белсене қатысқан және жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Мәселен, соңғы екі жылдың өзінде жастар ұйымының мұрындық болуымен 10 мыңдай жас маман тұрақты жұмысқа орналасқан. Инновациялық жобалар байқауына да екі мыңға жуық өтініш түсіп, олардың үздіктері мемлекет деңгейінде аталып өтті. Ресми мәліметтерге қарағанда, бүгінде «Жас Отан» мүшелерінің саны 164 мыңнан асқан. Қазақстан бойынша ауқымды шараларға тартылған 1,5 млн адам – еліміздегі жастардың үштен бірін құрайды. Бұл әрбір қала, аудан мен ауылдағы, өндіріс және оқу орындарындағы жастардың белсенділігін көрсетеді.

Съездің ресми ашылуына арналған жиыннан соң қатысушы делегаттар бірнеше топқа бөлініп, түрлі тақырыптарда пікір алмасты. Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация» және «Саламатты ұлт» тақырыптарында өткен сессиялар аясында жасотандықтар ұлттық жаңғырту процесін идеялық кеңістікте жүргізу, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру сынды ауқымды тақырыптар төңірегінде ашық алаң құрып, пікір алмасты.
IV Съезд «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Конгресс-орталығында өткен «Жаңа әлемге жол саламыз» атты қорытынды Гала-форуммен аяқталды. Онда бойында күш-қуаты тасыған, ел ертеңіне бей-жай қарамайтын жалынды жастар бас қосып, ауқымды мәселелерді талқылады. Ол маңызды шарада Елбасының құттықтау сөзін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді. Онда «Жас Отанның» елін, жерін сүйетін, өз болашағын Қазақстанның кемел келешегімен байланыстыратын, мыңдаған білімді де белсенді жастардың бастарын біріктіретін, Елбасының барлық бастамалары мен стратегиялық жоспарларының сенімді тірегі болып келе жатқан беделді ұйым екені айтылған.

Гала-форумда өз саласында биіктерді бағындырған, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосқан жас қазақстандықтар сөз алып, әріптестеріне жетістікке жетудің қыр-сырын айтып берді. Айта кетейік, Съезд алғаш рет VR, яғни виртуалды шынайылық форматында онлайн режімде көрсетілді. Соның нәтижесінде форум жұмысын қазақстандық жастар ғана емес, әлемнің барлық интернет қолданушылары көруге мүмкіндік алды. Бұл – биылғы Съездің басты ерекшеліктерінің бірі. Съезд соңында «Жас Отан» Жастар қанатының алдағы бағыт-бағдарын айқындап берген жаңа құжат қабылданды. «Жаңа әлемге жол саламыз» атты бұл құжатта еліміздегі жастар саясатына тың серпін беретін игі бастамалар мен жасотандықтардың ұйымының дамуы және еліміздегі жаңғыру үдерістеріне қатысу жөніндегі стратегиялық міндеттері көрсетілген.

Төрт жылда бір өтетін жастар қанатының осынау съезіне барып қайтқан делегаттардың ерекше ерік-жігер, мақсат-мұраттармен қайтқаны белгілі. Осы орайда сол делегаттардың съезд жайлы пікірін тыңдап көрген едік.


Уалихан Болатбек,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиал жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы:

– Аталмыш Съезде Елбасының «Президенттік бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде, «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жамбыл облысынан аталмыш сьезд жұмысына қатысуға 50 делегат сайланды, оның ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, жас спортшылар, кәсіпкерлер, жайдарманшылар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділері, ауыл және жұмысшы жастар бар. «Жас Отан» Жастар қанаты жыл басынан бері ашық форматтағы іс шараларды өткізуді қолға алып келеді. Соның бірі «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесінің мүшелігіне сайлауы болды. Сайлауға қатысу үшін облыстын 12 адам өтініш беріп, екінші кезеңге 3 кандидат жіберілді. Сайлау қорытындысы бойынша Серікбол Берікқожа орталық кеңес сайлауының жеңімпазы болды.

Серікбол Берікқожа,
«Жас Отан» Жастар қанаты орталық кеңес сайлауының жеңімпазы:

– Екі күнге созылған шараның тарихи маңызы ерекше деп білемін. Мен Жас Отанның 3 съезінің куәгері ретінде, бұл съезд басқаларынан ерекше болды деп айта аламын. «Жас Отанның» жаңа белесі Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың қараша айында өткен партияның Саяси кеңесінің отырысында ұйымның қызметін жаңғырту жөнінде нақты тапсырма бергені белгілі. Бұл тапсырмалардың «Жас Отан» жастар қанатына да тікелей қатысы бар екені анық. Бұл бағытта жас белсенділер бірінші кезекте өздерінің Орталық кеңсесін түбегейлі өзгертіп, «open spase» форматына көшті. Кезекті съездің ашылуында әдеттегідей баяндамалар оқылмай, сұрақ-жауап тәсілі қолданылды. Ол кездесуде маған «жасотандық» ретінде облыс жастар атынан өз ойымды жеткізуге мүмкіндік жасалды. Ал, біз өз кезегінде еліміздегі Елбасы ұсынған ұлттық рухани жаңғыру үрдісі мен жауапты азаматтық қоғам құруға бар ынта-жігерімізді саламыз. Өйткені, біз сергек санасы бар, аға буын данасы бар, Ұлы Дала даласы бар, Мәңгілік елдің төріндегі қазақ деген баласы бар елміз. Ал жамбылдық жалынды жастар Тәуелсіз Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ете беретін болады деп Сіздерді сендіргім келеді.
 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Тараз-Астана-Тараз
 
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Высокотехнологичные знания становятся доступны широкому кругу населения при поддержке партии «Нұр Отан». В рамках инициативного проекта партии «Нұр Отан» очередным событием стало открытие IT-центра по подготовке специалистов высокотехнологичного уровня в...
Творческий труд Главы государства Нурсултана Назарбаева раскрывает горизонты социально-политического развития Казахстана на стыке тысячелетий. В областной универсальной научной библиотеке имени Шокана Уалиханова прошел круглый стол, организованный совместно советом ветеранов и управлением культуры,...
Вчера, 14 августа, стартовал третий круг первенства первой лиги по футболу. Футболисты «Тараза» провели матч в Темиртау против команды... Прежде всего стоит отметить, что команда выполняет главную задачу на сезон – выход в премьер-лигу. Задача вполне выполнимая,...
В грядущие выходные вся страна отметит День спорта. Празднование этой даты всегда символизирует пользу для здоровья и духа человека. Согласно Указу Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева от 15 ноября 2003 года ежегодно в третье воскресенье августа отмечается День...
На заседании штаба по подготовке к зиме главным был обозначен ход реконструкции тепловых магистралей. На очередном заседании городского штаба по подготовке объектов теплоэнергетики и жилищно-коммунального хозяйства на 2018–2019 годы под председательством заместителя...
Департамент агентства по регулированию естественных монополий и защите конкуренции провел публичные слушания по новым ценам на природный газ. В областном центре на днях обсуждались планируемые цены на природный газ, на вопросы жителей и бизнесменов отвечали представители Жамбылского производственного...
Август 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00