Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Учаскелік инспекторлар орнынан табылса

 

 

18 Учаскелік инспекторлар орнынан табылса

 

Партия аймақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев тізгіндеген жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиев жергілікті полиция қызметінің атқарған және зерделеу жұмыстарына тоқталды.


– Аймақтағы полиция қызметінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда белгілі бір нәтижелер бар. Барлық бөлімдер мен бөлімшелерде штаттық тізімдемеге сәйкес 1281 қызметкер болса, оның 84-і бос лауазымды орындар. ІІД ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алуда 2016 жылы 52 233, 2017 жылы 53 544 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Сондай-ақ қалада әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында «Ана үйі» дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Былтырғы жылы орталыққа 127 әйел орналастырылды. Ал мал ұрлығы, қоғамдық орындардағы қылмыстар мен жол-көлік оқиғалары секілді қылмыс түрлері төмендеп келеді. Және саладағы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша 10 қылмыс орын алған. Ағымдағы жылы саланы материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге облыс қазынасынан 854 млн. 838 мың теңге бөліну жоспарланса, қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін облыстық әкімшіліктің қолдауымен қала аумағында 300 бейне бақылау құрылғылары орнатылуда. Алайда, 55 учаскелік полиция инспекторы өздерінің әкімшілік аумақтарында тұрмайды, – деген жұмысшы топ жетекшісі жергілікті полиция қызметінің жұмыс тиімділігін артыруда бірқатар ұсыныстарды алға тартты. Мәселен, қоғамдық көліктерде бейнебақылау құрылғысын орнату және ОІІД қарасты ғимараттарды пандуспен жабдықтау мәселесі алқа отырысының талқысына салынды. Ал ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Мұрат Байсеркеновтың айтуынша, аймақ бойынша адам өлімі фактісі Тараз қаласында жоғары көрінеді.


– Өткен жылға тіркелген қылмыстар саны 2016 жылмен салыстырғанда 21,6 пайызға азайып отыр. «Мал ұрлығына тиімді тосқауыл» бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде облыс аумағында мал ұрлығы 19,1 пайызға төмендеді. Алайда, ауыр және аса ауыр қылмыстардың төмендеуіне қарамастан облыста кісі өлтіру дерегі 41 пайызға өсті. Есепті кезеңде қызметіне салғырт қараған 805 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деген Мұрат Кәрімұлы мал ұрлығы қылмысының артуы жайылымды иесіз қалдырудың салдарынан екенін айтады. Жиында өзге де пәтер, қалта ұрлығы мәселесі кеңінен қаузалды. Ал аумағында толыққанды болмайтын учаскелік полиция қызметкерінің осы әрекетінен соң ұрлық-қарлықтың белең алуы да ықтимал екенін алқа мүшелері алға тартып отыр.


– Қазір кейбір сала мамандарының халықпен амандасуы, өзге де этикалық нормаларды сақтамауын аңғарып жатырмыз. Мұндай ұсақ әрекеттерді ескермеген қызметкерлерден қандай жұмыс сапасын күтуге болады? Ал бір облыстағы 55 учаскелік полиция өз әкімшілік аумақтарында тұрмаса, ол жақта орын алған қылмыстар мен оқиғалардың азаюын қалай талап етпекпіз? Сондықтан сала өкілдерінің аумақтарынан жайын тауып беру керек. Қоғам тынышын күзеткен соң сала қызметкерлері қашанда сақадай сай болғаны жөн. Мұндайда учаскелік полиция қызметкерлерімен атқарушы билік бірлесе жұмыс істегені ләзім, – деді Мұратхан Жүнісәліұлы. Сондай-ақ, ол қаладағы әлі күнге дейін жергілікті полиция қызметіне басшы тағайындалмай жатқандығын тілге тиек етіп, осының салдарынан уақытша отырған басшылық жұмысына салғырт қарайтындығын айтты.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Во дворце спорта «Тараз-Арена» три последних дня сентября ознаменовались проведением Международного турнира по дзюдо памяти мастера спорта СССР Бахыта... С приветственным словом выступил руководитель управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нурбол Жунисбеков. Организацию турнира взяли на себя...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00