Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы

  

2016 жылдан бастап «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәлімет жіберу міндеттелді.


Бұл «Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры» – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мақсатында қалыптастырылған.


Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру бойынша жауапты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі болып табылады, яғни тікелей жұмысты осы министрліктің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.
ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметтері бойынша мәліметтерді уақытылы ұсынған ұйымдар бірнеше артықшылықтарға ие болады. Мысалы, үкіметтік емес ұйымдардың табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік беріледі.


Бұдан басқа, ҮЕҰ Дерекқорына тіркелу мемлекеттік гранттар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті болып табылады. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.


Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсыну міндетті ме деген сұрақтар жиі кездеседі. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері өзінің қызметтері бойынша мәліметтерді өздері ұсынбайды. Олардың қызметі туралы ақпаратты «Бас ұйым» ұсыну қажет.


Егер «Бас ұйым» барлық филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпаратты, сонымен бірге өткен жылы филиалдармен немесе өкілдіктермен іске асырылған және асырылатын жобалар туралы мәліметтерді ұсынбаса, онда мәліметтер толық деп есептелмейді және ҮЕҰ Дерекқорына енгізілмейді.


ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау немесе дәйексіз ақпаратты ұсынған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:


1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақытылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы – ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.


Сонымен қатар «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бекітілген бұйрығы 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 ережесіне сәйкес әлеуетті өнім беруші, Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорында мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.


Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорына мәліметтерді уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда), пошта арқылы немесе қолма-қол және электронды түрде 2018 жылы 31 наурызға дейін ұсынады, ҮЕҰ Дерекқорының (http://infonpo.kz) интернет-порталы арқылы.


Қолма-қол, ілеспе хатпен болған жағдайда мына мекенжайға жолдайды: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.



Ұлана Сламбекова,
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Во дворце спорта «Тараз-Арена» три последних дня сентября ознаменовались проведением Международного турнира по дзюдо памяти мастера спорта СССР Бахыта... С приветственным словом выступил руководитель управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нурбол Жунисбеков. Организацию турнира взяли на себя...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00