Актуальный выпуск газеты: № 41 (1433), 18 мая 2018 года Архив номеров
 
ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 рус

Даулы мәселелерді шешудің тиімділігі

 

 

Қазақстан Республикасында дауларды соттан тыс реттеудің келесі түрлері бар:


Бірінші амал – адвокаттарға өтіну. Партисипаттық рәсімі бұл тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында адвокаттар міндетті қатысуымен және төрешінің қатысуынсыз тараптардың арасындағы сөйлесу барысы. Партисипаттық тәртіптің артықшылығы дауды шешудің екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, дауды шапшаң шешу, тараптардың материалдық шығындарын азайту, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету және халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.


Екінші амал – медиаторға өтіну. Медиация – медиатордың тәжірибесіне іскерлігіне және біліміне сүйеніп тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі, тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Медиацияның артықшылығы дауласқан тараптардың арасында қарым-қатынастарын қалпына келтіру және сақтау, тараптардың ресурстарын үнемдейді, барлық тараптардың мүдделерін қанағаттандыруға көмектеседі, дауды жариялау қаупін жояды, шешім тараптармен өз еріктерімен орындалады.


Дауды Партисипаттық тәртіппен және медиация түрімен реттеу әрі қарай тараптарды дауды сот органдарымен шешу құқығынан айырмайды. Даулы мәселелерді реттестіру мақсатында сотқа дейінгі дауды шешу мен құқық қорғау әдісі қызмет етеді. Мысалы, ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптарына сай азаматтар істі сотқа дейін жеткізбей дауды келісу арқылы шешуі мүмкін, яғни бұл азаматтардың уақыты мен шығындарын едәуір қысқартуына себепші болады.


Медиацияны қолдану саласы: азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастар бойынша жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын дауларды шешуде орын алады. Сонымен қатар кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар жөніндегі сот ісін жүргізуде, атқарушылық өндірісті орындау барысындағы туындаған қылмыстық әрекеттермен қатынастарда медиация қолданылады.


Медиация процедурасы төмендегі жағдайларда қолданылмайды:


- Медиация процедурасына қатыспайтын үшінші тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтірілсе және әсер етсе. Сонымен қатар соттың шешімімен қабілетсіз және қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда.


- Азаматтық, еңбек, отбасылық, басқа да құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен туындайтын дауларда, яғни дауда бір тарап мемлекет болса.


- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер бойынша және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудағы мемлекет мүддесіне қарсы басқа да қылмыстарда.


«Неке және отбасы туралы» Кодексінің талабы бойынша кәмелеттік жасқа жетпеген ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар некелерін сот арқылы бұзуы мүмкін. Осындай жағдайда ерлі-зайыптылар балаларының кіммен тұратындығын, сонымен қатар ортақ мүліктерін бөлу мәселесін медиатордың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Медиация процедурасы тараптардың өзара келісімі бойынша медиация келісімшартын құру арқылы жүргізіледі.
Медиацияның мақсаты:

 

1) Медиация тараптарының дауды бейбіт жолмен шешуі;

 

2) Тараптар дауларының өсу көрсеткішін төмендету.


Медиация кезіндегі тараптардың дауды бейбіт жолмен шешуі жазбаша үлгіде тараптардың қол қоюы арқылы құрылады. Медиация процедурасының ерекшілігі сол, мұнда екі тараптың келісімі арқылы жүргізіледі. Яғни тараптардың бірі келіссөздерге келіспесе, медиация процедурасы жүргізілмейді. Медиация тараптары келісімшартта көзделген шарттарды тәртібі мен мерзімінде орындауы тиіс.


Осыдан бөлек, тараптардың арасында болатын мәселелер мен даулы мәселелерді реттеу мақсатында 2016 жылдың сәуір айының 8 жұлдызында ҚР «Арбитраж туралы» Заңы қабылданды. Аталған заң жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастарда туындаған дауларда қолданылады. Яғни олардың тұрғылықты мекенжайы мен дау субъектісінің мемлекет іші мен мемлекеттің сыртында болуына байланыссыз арбитражбен шешілетін жағдайларда.


Кәмелетке толмаған тұлғалар мен соттың шешімімен қабілетсіз және қабілеттілігі шектеулі деп танылған, оңалту мен банкроттық туралы, табиғи монополиялар мен оларды тұтынушылар, мемлекеттік органдар арасындағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арасындағы даулар арбитражға бағынышты емес.


Арбитраждық шешім арбитрдың қол қойған күні заңды күшіне енеді және де ол міндетті болып табылады. Егер де арбитраждық шешімде мерзім көрсетілмеген болса, онда бұл шешім шұғыл түрде орындалуға жатады. Ерікті түрде орындалмаған шешім мәжбүрлі түрде орындалуға жатады.


Осылайша, қабылданған заңдар азаматтар мен заңды тұлғаларға оңтайлы жағдай жасауға бағытталған.

 

Г.А. Сейдуалиева,
Шу аудандық Әділет басқармасының бас маманы

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Аким Тараза провел рейд по основным магистралям областного центра. Развитие внутреннего и международного туризма в Жамбылской области, и в частности в Таразе, во многом зависит от состояния...
Вчера аким города Тараза Галымжан Абдраимов в зале заседаний акимата провел торжественное собрание по случаю чествования большой группы многодетных... – Уважаемые матери, бабушки, сестры! – обратился Г. Абдраимов по казахской традиции возрастного разграничения к участницам встречи. –...
Воспитанники ПСК «Тимур» в общекомандном зачете завоевали два первых места. Юные бойцы Жамбылской области вернулись с победой с очередных международных соревнований. В Ташкенте завершился ежегодный международный турнир по Джун-Ри-До таэквондо...
Нургиса Анарбек – чемпион Азии и трехкратный чемпион Казахстана. В нашем регионе стремительно развиваются боевые искусства, жамбылские бойцы славятся своими победами во многих из них. Недавно наши...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00