Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Педагогтің қадірін қоғам болып қайтару керек



86 Педагогтің қадірін қоғам болып қайтару керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы Жолдауы көптеген жаңалықпен, ерекше тапсырыстармен елді елең еткізетіні анық. Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауы әсіресе білім саласына жан бітірді. Өйткені, Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болуы үшін біз сауаттылығы жоғары алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналуымыз керек. Бұлай дейтініміз, қазіргі қарыштап дамып жатқан әлем өркениетінің негізі сапалы оқу-біліммен тығыз байланысты екендігі баршамызға аян. Тікелей еңбек адамымен, ұлы мамандық иелері болып табылатын ұстаздардың еңбек құқығы мен заңды мүдделерін қорғаушы ұйым ретінде біз үшін аса өзекті мәселелер «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші бөлімде қарастырылған.

 

Құтты құжатта Елбасы өмір сапасының құрамды бөлігі ретінде балабақшадан бастап ЖОО-ға дейінгі білімді атайды. Яғни, балабақшадан бастап қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік стандартқа сай етіп, онымен таласқа түсе алатындай жағдайға жеткізу – Елбасының сала алдына қойған міндеттерінің бірі. «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылғандай қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауатсызды жою жеткіліксіз, білім мекемелері мен оның төңірегіндегі азаматтар ең озық жабдықтармен қамтылып, ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы тиіс. Мейлі ол мұғалім болсын, мейлі оқушы болсын. Екеуіне де артылар жүк жеңіл емес. Бұл дегеніміз әлемдегі білім беру парадигмасы өзгеріс үстінде дегенді білдіреді. Бұрын тек білімді меңгерту жеткілікті болса, бүгін сол білімді қолданысқа ендіре алуы маңызды болып тұр.


Осы тұста білім беру процесіндегі ең негізгі тұлға ұстаз екенін, әрі ол ұстаз өз пәнін толық меңгерген, оқытудың әдістемелері мен технологияларын иеленген, шәкірттерінің психологиясы мен жас ерекшеліктерін білетін, бірнеше тілде сөйлейтін болуы тиіс. Яғни, білім беру жүйесіндегі барлық техникалық жаңалықтар жағдайына қарамастан мұғалім тұлғасы білім беру үрдісінің негізгі түйіні болып қала береді. Бұл ұстаздардың онсыз да жеңіл емес жүгін ауырлатып, міндетіне міндет қосып, қоғам алдында зор жауапкершілік жүктейді. Дәл осы жағдайда Елбасы ұсынған «Педагог мәртебесі туралы» заң өзінің қажеттігін дәлелдей түспек. Ендігі мәселе, бұл заң қандай мәтінде қабылданатынында. Міне, осы тұста біз тосырқап қалмауымыз керек.
 
Елбасы өзінің сөзінде қабылданатын заңның мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерін жемісті еңбек етуге ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыруы тиіс екенін, яғни мұғалімдерге барлығын үйіп-төгіп, тегін жұмыс күшіне айналдырғанды тоқтатып, сабақтарымен айналысуларына мүмкіндік беру керектігін қадап айтты. Шындығында осыған дейін мұғалімдердің беделін көтеру мәселесі жай ғана сөз жүзінде жүрді. ҚР Білім туралы заңының 7 тарауында да педагог мәртебесі туралы «Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды» деп қысқа ғана қайырған болса, педагогтердің статусын көтеру жолында Білім және ғылым министрлігі қабылдаған «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» да педагог кәсібінің беделін арттыруға арналған жолдар бар. Бірақ, көзіміз көріп жүргендей екі құжат та ұстаз мәртебесін көтеріп, мұғалімдердің тұлғасын тұғырлы етуде қауқарсыз болып тұр.
 
Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың басы қосылғанда, төрдегі орын – мұғалімдікі» деп белгілеп кеткен ұстаздың лауазымын бүгінде төрден емес, төменнен көріп жүрміз. Қазіргі таңда ұлды емес, ұстазды кінәлау көп көрініс табады. Әріпті үйретпес бұрын ата-аналар балаларына әдепті үйрету қажеттігін ұмытып барамыз. Педагог мәртебесі туралы заң білім саласындағы үштаған – мұғалім, ата-ана және оқушы арасындағы өзара қарым-қатынасты, міндеттер мен құқықтарды, жауапкершіліктер мен кепілдіктерді реттеп беруі тиіс. Әрине, бұл жағдайда талап алдымен ұстазға қойылады, сондықтан ол ең алдымен білікті, білімді болуы қажет. Кез келген адам мұғалім бола алмайтындығы да осы заңда көрініс табуы қажет. Соңғы жылдары ұстаздыққа ҰБТ-дан төмен балл жинаған, жұмыс таппай, нәпақасын бала оқытудан айыруды ойлаған, көбіне сырттай оқыған жастар ден қойып жүргені жасырын емес. Жүрек қалауымен, бар ынта-жігерімен бармаған мамандықтан мардымды нәтиже шықпайтыны әмбеге аян. Осыдан келіп, өкінішке орай, соңғы жылдары педагог мамандығы өз қызығушылығын жоғалтқаны рас. Мұның тағы бір себебі ол – әлеуметтік қорғаудың жеткіліксіздігі мен еңбек ақының төмендігі.
 
Сала қызметкерлерінің еңбекақыларын арттыру мен жетілдіру жөніндегі мәселелер кәсіподақтың салалық Кеңесінің, мүшелік ұйымдардың үнемі басты назарында. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының нәтижесінде педагогтердің санаттары арасындағы алшақтық арттырылып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін санаттардың жаңа кестесі енгізілді, енді бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тесті арқылы 2000 аса шеберліктерін дәлелдеген мұғалімдердің жалақысы биылғы оқу жылынан бастап 50 пайызға өсті. Ал жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам ұстаздың жалақысы 30 пайызға көбейіп отыр. Бұл педагогтерді өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандырып отыр.

Білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы жарғылық құзыреті мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып өз мүшелерінің заңды құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау қызметінің тиімділігін арттыру ісін күн тәртібінен түсірген емес. Алайда, бүгінгі қоғамдық қатынастар кәсіподақ ұйымдарына да жаңа талаптар қоюда. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер кәсіподақ қозғалысына да сапалы өзгерістер енгізуді қажет етеді. Салалық кәсіподақ пен оның мыңдаған кәсіподақ активі үшін бұл ең алдымен ұйымдастырушылықты нығайту, жұмыстың жаңа нысандары мен әдістеріне көшу, заманауи кадрлық саясат, мүшелік базаның нығаюы мен көбеюі, кәсіподақ кадрлары мен активін жүйелі және үздіксіз оқыту мен біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру, өзге де кемшіліктер мен немқұрайлықты жою. Сонда ғана ұстаздар өзін толық қорғалған сезінеді, өзінің артында сөзін сөйлейтін күшті қоғамдық ұйымның барын, оған кез-келген уақытта арқа сүйеуге болатынын білетін болады.
 
Бұл бағыттағы жұмыстардың бірі де бірегейі – ол кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқыту, сол арқылы еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіподақ кадрларының білікті де кәсіпқой маман болып қалыптасуына жағдай жасау. Соңғы 5 жылда кәсіподақ базасында 93 оқыту семинары ұйымдастырылып, онда 18 921 кәсіподақ мүшесі білімін жетілдірген. Ал кәсіподақтың негізгі мақсаты болып табылатын одақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін құқықтық қорғау бойынша жыл басынан бергі 9 айда кәсіподақ заңгерлерімен 448 тексеру жүргізілген. Аталған тексерулердің нәтижесінде 1424 құқық бұзушылықтың орын алғандығы анықталды.
 
 Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-өтініштердің саны – 332. Заң қызметкерлерімен берілген жазбаша түсіндірмелердің саны – 326, ал жеке қабылдау, телефон, электрондық почта және БАҚ құралдары арқылы берілген кеңестердің саны – 3811. Қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін кәсіподақтың инспекция қызметкерлерімен сотқа тапсыруға дайындалған материалдар саны – 4, ал 1 кәсіподақ мүшесіне сотта тегін өкілеттік камтамасыз етілді. Еңбек кодексіне сәйкес еңбек дауын сотқа дейін қарау бойынша 8 келісу комиссиясының отырыстарында заңгерлер жұмысшының пайдасына мәселені шешіп берген. Соңғы 5 жыл ішінде кәсіподақ заңгерлері сала өкілдеріне кәсіподақтың барлық нысандағы құқықтық қорғау жұмыстары нәтижесінде 426 млн теңгені қайтарып беріп отыр. Биылғы 9 айдағы бұл көрсеткіш 167 млн теңгені құрап отыр. Бұл қаражат кәсіподақтың тікелей араласуымен кәсіподақ мүшелерінің қалтасына қайтарылған қаржы. Мұндай үлкен сомадағы экономикалық эффект ұстаздарға айлық есептеуде коэффициенттерін дұрыс қолданбау, зиянды және ерекше жағдайда жұмыс істегені үшін, ауылды жерде жұмыс істегені үшін, қызметтерді қоса атқарғаны үшін, уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін қоса атқарғаны үшін, іссапар шығындарын кеш төлеу мен қызметкерлерді азаматтық қызметшілер санатына қоспау салдарынан, сауықтыру жәрдемақысын төлемеу салдарынан туындап отыр.
 
Сала еңбеккерлері – кәсіподақ мүшелерін сауықтыру көрсеткіштері де өсу қарқынына ие. Биылғы жылы 3597 адам 98,7 млн теңгеге сауықтырылған. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі мен тамыз кеңесінде ұстаздарға қаржылай сыйақы беру дәстүрі жалғасуда. Соңғы бес жылда кәсіподақтың облыстық ұйымының бюджеті есебінен 89 ұстаз жалпы сомасы 5 млн 450 мың теңгеге ие болса, 3 білім мекемесінің еңбек ұжымының әрқайсысына 1 млн теңгеден сыйақы үлестірілді.
 
Мұның барлығы да қоғамдық ұйым – кәсіподақтардың ұстаздар мәртебесін көтеруге, оларды ұрпақ тәрбиелеп, бала оқытуға деген мотивациясын жігерлендіре түсуге жұмсалған күш пен қаржы. Біз Елбасының ұстаздарға деген құрметіне алғыс білдіре отырып, бұл бағыттағы жұмысты белсендіре түсіп, ұстаз мәртебесін көтеру жолында, заңның ұстаз көңілінен шығатындай етіп қабылдануына мүдделі болып, тиісті жұмыстарды атқаратын боламыз.
 
Ерұлан МАҒЗЫМБЕКОВ,
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы
 
 
 
 
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

На днях Премьер-Министр РК Бакытжан Сагинтаев совершил рабочую поездку в Жамбылскую область в целях ознакомления с ходом реализации в... Высокого гостя встретили аким области Аскар Мырзахметов, заместители акима области, руководители управлений. В ходе общения главное внимание привлекли...
Белые хлопья раннего ноябрьского снега тихо опускаются на темные одежды, волосы и головные уборы людей, собравшихся у памятника Газизу... На митинг, посвященный памяти Халық қаһармаңы Газизу Байтасову, пришли его родные и близкие, вдова Гульжамал Тажиева, сослуживцы, коллеги героически...
В спорткомплексе «Тараз - Арена» в минувшие выходные проходил открытый чемпионат Тараза по художественной гимнастике. На соревнования, посвященные Дню... Открытый формат состязаний позволил собрать 24 команды, состоящие из 489 юных граций в возрасте от 5 до 15...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00