Актуальный выпуск газеты:  № 49 (1441) 15 июня 2018 года  Архив номеров
ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 рус

Ұлағатты ғалым, ұстаз



 

31 Ұлағатты ғалым ұстаз
 
 
Қаншалықты кәсіпқой, білімді де білгір, тәжірибесі мол, ұстаздық етуден жалықпайтын оқытушылар көп болған сайын соншалықты сапалы мамандар даярланатыны сөзсіз. «Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» деген өнегелі сөз бар емес пе халқымызда. Біздің кейіпкеріміз педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық психологиялы ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Психология және педагогика» кафедрасын ұзақ жылдар басқарған, доцент Имамбекова Гүлжан Сембекқызы жайында көп айтуға болады.

Тапжылмай бір салада қырық бес жыл абыройлы еңбек ету ол кісінің табанды, білікті, еңбекқорлық қырын аша түскен секілді. Еңбек адамның құндылығы оның істеген жұмысының нәтижесіне байланысты. Гүлжан Сембекқызы осы тұрғыда мол тәжірибелі, педагогика және психология саласының үздік маманы ретінде қалыптасқан керемет тәлімгер деуге толықтай негіз бар. Оның жылдар бойы зерттеп, жинақтаған теориялық әрі тәжірибелік білімі келешекке өзіндік үлес, шығармашылық ғылыми еңбек болып қалатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда доцент Г.Имамбекованың педагог және психолог мамандар дайындаудағы сіңірген еңбегі ерекше. Оған оның еңбек жолын мысал келтірсек те жеткілікті.

1975 жылы Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген өжет те, батыл қыз еңбек жолын сол оқу орнының комсомол комитетінің хатшысы ретінде бастайды. 1979-1982 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің күндізгі аспирантурасында оқып бітіреді. 1983-1999 жылдары аға оқытушы қызметін атқара жүріп, 1999 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап педагогика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды. 2000-2001 жылдары Алматы экономика және статистика институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды. 2004 жылы Тараз мемлекеттік университетінде «Орыс филологиясы», 2005-2008 жылдары «Қазақ және орыс тілдері» кафедраларын басқарды. Ал 2008-2011 жылдары п.ғ.к. Г. Имамбекова «Педагогика, психология және тарих» кафедрасының меңгерушісі болды. 2011 жылдың қыркүйегінен аталған кафедраның доценті қызметін жемісті атқарып келеді.

Қызмет барысында Гүлжан Сембекқызы өзін тәжірибелі педагог ретінде танытып, студенттермен, магистранттармен сабақтарын ғылыми - әдістемелік жақтан жоғары дәрежеде өткізгендігін көрсетті. Қандай қызметте болмасын ол адам болып қалуы керек деген қағиданы ұстанды, нені болса да іспен дәлелдеуге тырысты. Сондықтан да барлық ғылыми-педагогикалық тәжірибесін, біліктілігін тек студенттер мен ғылыми зерттеушілерге арнады.

Жалпы айтқанда, Имамбекова Гүлжан Сембекқызы педагог мамандарды дайындау саласына қомақты үлес қосқан азаматтардың бірі.
Доцент Гүлжан Имамбекова педагогика мен психологияның оқу жүйесінің даму үрдістерін жақсы сезінеді. Сондықтан да ол мамандар дайындауда ерекше қамқорлық көрсетеді. Педагогика және психология мамандығы бойынша мамандар дайындау үдерісінің озаты. Ол кісіні ерекшелендіретін оның жан-жақты білімділігі, кадрлар дайындаудағы жоғары кәсіби деңгейі. Бойында осындай қасиеттердің бар болуы білім алушыларды қазіргі күнге дейін аса үлкен ынтамен тартады. Әрине, доцент Гүлжан Сембекқызы зейнет жасында бола тұра қазіргі күнге дейін аудиторияға барып білім алушылар мен магистранттарға дәріс беруі үлкен үлгі тұтарлық өнеге. Мұндай қасиет кез келген адамда кездесе бермейді. Ол тек өз ісіне шын берілген, адал қызмет жасайтын, өз кәсібіне жанашыр, зияткер әрі майталман мамандарға тән.

Гүлжан Сембекқызы! М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұжымы Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 65 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы оқытушыдан, ұлағатты ұстаз, кәсіби маман деңгейіне көтерді. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл оқытушы, аяулы әпке ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Студенттерді білім нәрімен сусындатып, оларға тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беру жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз дей келе Сізді үлгі тұтушы шәкіртіңіз жүрекжарды жыр шумағын арнайды.

Ұстаз, ғалым бізге әркез ардақтысыз!
Жаны жайсаң, кішіпейіл салмақтысыз!
Кейінгілер үлгі алар өзіңізден,
Білімі терең, ғылымы бай жан-жақтысыз.

Комсомолдан бастау алып жолыңыз,
Еңбектеніп ұстаз-ғалым болдыңыз.
Бір Алланың қолдауымен бүгінде,
Асқаралы 65-ке толдыңыз!

Болдыңыз талай кафедраның тірегі,
Қадіріңізді ұстаз, шәкірт біледі.
Бүгінгі күн ағытылар ағынан,
Қабыл болсын әріптестер тілегі!

Жарқырасын жұлдызыңыз аспандағы,
Көңілдің болсын әркез шырай сәні.
Өзіңіздің бағаңызға жетпейді,
Алтын-күміс, гауһар болған тастың бәрі!


Сандуғаш Үсенова,
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары және факультет кәсіподағының төрайымы, Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығының аға үйлестірушісі, Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, Аймақтық Менеджмент Академиясының әлеуметтік ғылымдарының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымының магистрі
 
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

В Таразе прошло заседание регионального совета предпринимателей с участием акима города. Предприниматели областного центра собрались в зале заседаний Дома дружбы. Открыл встречу генеральный директор ТОО «Казфосфат» Мукаш Искандиров. Целью...
В очередной раз жамбылская школьная команда, неоднократно побеждавшая на республиканских предметных олимпиадах и конкурсах научных проектов, признана сильнейшей в... Лучших по итогам минувшего года школьников, проявивших себя в учебе и в различных искусствах, пригласил на встречу аким...
В Таразе состоялся четвертый этап чемпионата Казахстана по трофи-рейдам. Автомобили, допущенные к соревнованиям, были разделены по классам: свободный, TR1, TR2 и TR3. Не углубляясь в подробности, их...
Будет сыграно 64 матча, из них 48 – в групповом этапе, 16 – в плей-офф. С красочной, но короткой церемонии официального открытия стартовал XXI чемпионат мира по футболу FIFA. Запоминающееся, увлекательное и лаконичное...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00