Актуальный выпуск газеты: № 33 (1373) 16 августа 2017 года Архив номеров
 
ПОДПИСКА НА САЙТ 2017
RUB = //-// EUR =//-// USD =//-//

Болашаққа сәтті қадам

 

 23 Болашаққа сәтті қадам

 

«Сәтті қадам» жобасы ЖОО бітіруші түлектерге Қазақстанның жетекші ұйымдарынан іс-тәжірибеден өту арқылы қызмет сатысын бастауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ білімдерін тәжірибеде сынап көруіне қолғабыс етуге бағытталған. Былтырғы жылы бұл жобаға өзгеріс, яғни жаңа бағыт қосылды. Ол – ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды жұмысқа орналастыру. Мәселен, облыста 2015-2016 жылы оқу бітірген түлектердің ішіндегі жетім балалардың саны – 146. «Сәтті қадам» жобасының екінші бағыты, яғни «ЖОО мен ТжКБ мекемелері түлектері болып табылатын жетім балаларды жұмысқа орналастыру» бойынша қазіргі уақытта 71 жас тұрақты қызмет атқарса, төртеуі әскер қатарында, 25-і декреттік демалыста, 11-і ЖОО және арнаулы орта оқу орындарында білім алып, 45-і белгілі себептермен жұмыссыз екен. 2016 жылы жалпы саны 54 мекемемен меморандумға отырып, 28 жас осы меморандум аясында жұмысқа орналасқан. Ал биыл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 маман жоғары оқу орнын, ал арнаулы орта оқу орындарын 129 жас бітіргелі отыр. Олар қолдарына дипломдарын алған соң, жұмыс табуға көмек беріледі. Бұдан бөлек, былтырғы жылы оқуын аяқтаған, «Сәтті қадам» жобасы туралы ақпараттанбаған жастармен де жұмыс белсенді атқарылуда екен. Жастар легі «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында да қайта даярлау курстарына жіберіліп, жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылған. Өткен жылы «Сәтті қадам» жобасы арқылы жұмысқа орналасқан жастардың қатарында Дарья Давид та бар. «Қазір жұмысқа орналасу өте қиын. Өйткені жұмыс берушілер бірінші кезекте жұмыс тәжірибеңе қарайды. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ «Сәтті қадам» партиялық жобасы арқылы облыстық жедел жәрдем станциясына фельдшер болып жұмысқа орналастым. Бұл жоба оқу орнын енді ғана бітірген студенттерге алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мол мүмкіндік береді» – дейді жоба қатысушысы.


Сондай-ақ жиында партиялық жобаның жай-жапсарын түсіндірген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Уәлихан Болатбек алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстарын тілге тиек етіп, жастарды берілген мүмкіндіктен шет қалмауға шақырды.


– Биыл 4 қосымша жобаны бастағалы отырмыз. Соның бірі – ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған Қаржы орталығы. Яғни мемлекеттік білім беру жүйесі арқылы балаңыздың білім алуына кез келген екінші деңгейлі банктен депозит ашып, болашақта сол қаржымен оқу ақысын төлеуге болады. Ал «Жас өркен» жобасы жастарды жұмыспен қамтуға арналған. Жоғары оқу орнын тәмамдаған жастар 1 шілдеге дейін аталмыш жоба сайтына өтініштерін жіберуіне болады. Содан кейін «Самұрық–Қазына» акционерлік қоғамында үш айлық тағылымдамадан өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Сондықтан жастарды табысты болашақ үшін осы жобаларға қатысуға шақырамын, – деді Уәлихан Болатбек.

 

Айдана НҰРМАН

 

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

За неполные три месяца пройдено более 15 тысяч километров. В преддверии 25-летия образования Пограничной службы КНБ Республики Казахстан организовано прохождение эстафеты по всему периметру Государственной границы нашей...
Чествовали лучших зодчих. Они возводят жилые комплексы, крупные торговые центры и даже целые города. Строительная и дорожно-транспортная отрасли являются несомненными локомотивами...
Для систематических тренировок был определен 1251 доступный спортивный объект. День спорта в Казахстане отмечается в третье воскресенье августа. Посвящена эта дата, как можно легко догадаться, развитию спорта...
Бросать после проигрыша – это значит, что у тебя нет характера. Молодые, ловкие, сильные, умеющие вовремя отразить удар противника и нанести ответный. Они чтят законы восточных единоборств и уважают...
Идет подготовка к зиме объектов топливно-энергетического комплекса, ЖКХ и бюджетной сферы. В целях подготовки к предстоящему отопительному сезону реализуются 33 проекта на сумму 5174 млн тенге. Об этом сообщили на брифинге,...
Министерство энергетики РК утвердило предельные цены на природный газ. На днях в Таразе по заявке департамента Комитета по регулированию естественных монополий по Жамбылской области состоялись публичные слушания по рассмотрению...
Август 2017
Mo Tu We Th Fr Sa Su
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00