Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Түтіні түзу шыққан ауыл



 83 Түтіні түзу шыққан ауыл

 
Тіпті облыс орталығында өтіп жатқан «ASPARA FASHION WEEК» халықаралық сән апталығына келген туристер де дәл осындай қызыққа толы ауыл өмірі мен дала дүбіріне деген қызығушылықтарын білдірді. Аймаққа ат басын бұрып 19 мемлекеттен келген туристерге «Төрткүл» керуен сарайы кешенінда жасалған «Қазақ ауылы» этно жобасы таныстырылды. Шетелдік қонақтар этнографиялық ауылдағы қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің шеберлік сыныптары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, ұлттық спортты ұлықтаған жарыстарды тамашалады. Ауыл тірлігінің әсем көрінісін бейнелеген жобада облыс әкімінің кеңесшісі Аслан Сабыржанұлы сөз алды.
 
83 Түтіні түзу шыққан ауыл3
 
– Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз жерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында этно ауыл жобасы тұңғыш рет өткізіліп отыр. Қазақ елін әлемге танытқан таланттарды, қайраткерлерді дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ауыл – біздің анамыз. Ауыл – әрбір қазаққа етене жақын. Мейлі ол қалалық болсын, тіпті басқа елде жүрсін, әйтеуір ауылға деген ыстық сезім, сағыныш қазақ баласының бойынан табылары айдан анық. Міне, сән апталығы арқылы Тараз топырағына қайырылған туристерге де осындай құндылықтарымызды көрсетуге мүмкіндік алдық, – деді Аслан Сабыржанұлы.
 
83 Түтіні түзу шыққан ауыл4
 
Этно ауылда 12 қанатты 5 киіз үй тігіліп, 5 аймаққа бөлінген. Мәселен, бір аймақта халқымыздың ұлттық ойындары мен дәстүрлері көрініс тапса, екінші аймақта ұлттық тағам түрлері қонақтар назарына ұсынылды. Әр үйдің маңында алтыбақан тебіліп, ән айтылып, күй төгілді. Балуан күрестіріп, бүркіт салған өткен ғасырдағы қазақ ауылының көрінісін қайта әкелген ауыл шетелдіктерді баурап алғаны сөзсіз. Әсіресе, тұғырдағы қыран бүркіт, құмай тазы сырт елден келушілердің назарын аударды.
 
83 Түтіні түзу шыққан ауыл5
 
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этно-жобасын құрудың басты мақсаты – көне Тараз дәстүрін, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту. Ұлттық-мәдени кешен қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен таныстырады. Кешенде кез келген адам көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасын сезіне алады және ауылдың күнделікті, мерекелік өміріне көз жүгіртуге толығымен ие болады, – дейді облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова. Сондай-ақ, ауыл маңында жергілікті қолөнер шеберлерінің туындылары да туристер назарына ұсынылды. Тараздық өнертапқыш Пернебай Ахметовтің ойлап тапқан жиналмалы ағаш бесігіне қызығушылық танытқандар қанша?! Алты жыл бұрын ағаштан ойылып жасалған дүниесін патенттеп алған шебер мұны отбасылық кәсіпке айналдырып та үлгерген.

«Бұл бесік – келешек ұрпақ саулығы үшін жасалынған дүние. «Памперстердің» де зиянды тұстарын естіп, көріп жатырмыз. Бұрындары тарыны ақтап, қабығынан осындай табиғи жаялықтар жасалынған екен. Кейін келе бұл химиялық қоспалардың бірігуі арқылы пайда бола бастады. Қазіргі жас аналар үшін жиналмалы бесіктің жобасын құрап, ол дайын болған соң мемлекеттік тапсырыс арқылы қаражат көзін тауып, украиндық құрылғы сатып алдым» – деген шебер жасаған бұйымға қазір Германия, Польша, Қытай және ТМД елдерінен сұраныс көп түсуде екен. Күмбір күймен, әсем әнмен көмкерілген ауыл шырайын Мойынқұм, Шу, Т.Рысқұлов, Меркі, Байзақ, Сарысу, Жамбыл аудандарының өнерпаздары аша түсті. Өз кезегінде шет елдіктер де киелі өлкедегі сапардан алған әсерін зор шабытпен жеткізді. «Мен Өзбекстаннан келдім. Осында сән апталығына қатысып жатырмын. Сәнгермін. Сіздердегі өтіп жатқан көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Осындай халықаралық көрме келесі жылы Ташкентте өтсе екен деген тілегім бар» дейді өзбекстандық сәнгер Сабина Абуназарова.
 
Толғанай АТАБАЙ
Суреттерді түсірген Ю.Ким
 
 
 
 
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

К Международному дню борьбы с коррупцией акиматом города Тараза совместно с департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной... Данная акция направлена в массы на сохранение и укрепление в социуме позиции нетерпимости к взяточничеству, на повышение антикоррупционной культуры в...
Международный день борьбы с коррупцией отмечается 9 декабря, в связи с этим в период с 27 ноября по 25... В рамках этих мероприятий вчера в городском Доме культуры состоялся форум «Страна без коррупции – процветающая страна». Стратегия...
Здоровый образ жизни, воспитание патриотизма, развитие национальных видов спорта, тренировка ума и много других полезных эффектов несет в себе... Идея переносить привычные настольные игры на большую площадку, с увеличением масштаба игровых принадлежностей – рабочая мировая практика. Наши...
В спорткомплексе «Тараз - Арена» в минувшие выходные проходил открытый чемпионат Тараза по художественной гимнастике. На соревнования, посвященные Дню... Открытый формат состязаний позволил собрать 24 команды, состоящие из 489 юных граций в возрасте от 5 до 15...
Реорганизация жилищного хозяйства в стране требует взвешенного подхода. Одна из самых обсуждаемых в Казахстане тем – возможная реорганизация системы объединений собственников квартир. Если новый закон утвердят,...
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00