Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Қаракөз САҒЫНТАЙ, Жамбыл облыстық филармониясының әншісі: «ӨМІРІМДІ ӨНЕРСІЗ ЕЛЕСТЕТЕ АЛМАЙМЫН»



 

50 Өмірімді өнерсіз елестете алмаймын
 
 
– Қаракөз, әнге деген қызығушылығыңыз қай кезде пайда болды?

– Бала кезден деуге де болады. Мектеп қабырғасында жүріп әнге деген ықыласым артты. Теледидардан қазақ сахнасының жұлдыздарының өнерін тамашалап, «мен де әнші болсам ғой» деген арманның қанатына мінгестім. Содан 2003 жылы 9-сыныпты бітірген соң, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжіне барып, музыка мамандығына құжат тапсырдым. Дегенмен ол жақта аспаптарда ойнау секілді талаптар маған сәл қиынға соқты. Сонымен анам «сен ағылшын пәнінен жақсы оқисың ғой» деп мені қанаттандырып, құжаттарымды ағылшын мамандығына тапсыртты. Мектепте ағылшын пәнінен тәуір оқығаным рас. Анамның ақылы арқылы мен колледжді осы мамандық бойынша бітіріп, тіпті жоғары оқу орнын да тәмамдап үлгердім. Алайда әнге деген қызығушылық жанымды жай таптырмайтын. Бірде өнер өлкесінде жүрген құрбым менің осы күйімді аңғарып, бір ән айтып беруімді өтінді. Дауысымды естіген ол да бірден «неге саған ән айтпасқа» деген тілегін жеткізді. Бойдағы барымды бағалау – менің адамзаттық парызымның бірі ғой. Ойлана келе, ақырындап ән айтуды бастадым. Әлгі құрбым да ән әлеміндегі бет алысыма аз да болса демеу беріп жүрді. Әуелде кішігірім тойханаларда ән айта бастадым.

– Қазір облыстық өнер ордасының әртісі атанып отырсыз. Жалпы саладағы қызметтік жолға қалай келдіңіз?

– Бөлем Құлан аудандық мәдениет үйінде қызмет ететін. Бірде аталмыш ауданның сахнасында ән салып, ұжым қызметкерлерінің назарына іліктім. Ол кісілер менің дауысымды тыңдап, әртүрлі тілде әндер орындау арқылы қызметке алды. Міне, осылайша, алғашқы өнердегі мансабым жолға қойылды. Уақыт өте келе, облыстық филармонияға кастинг арқылы келіп, жұмысқа орналастым.

– Бір емес, екі дипломы бар ағылшын тілі маманысыз. Бұл мамандықта қызмет ету ойда бар ма?

– Оқуымды аяқтаған соң, осы салада 1 жылдай мектепте жұмыс істедім. Алайда өнерге өз тарапымнан басымдық көп берілетін. Қазір де ағылшын тілі қажетіме өте көп жарауда. Мәселен, алыс-жақын шетелмен байланысарда, шетелдің әндерін орындағанда көмегін тигізеді. Қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығын оқып, бітіріп алдым.

– Репертуарыңыз туралы айтсаңыз. Жергілікті ақын-сазгерлермен жұмыс жасайсыз ба?

– Қазір 10 шақты авторлық әндерім бар. Орындауымдағы әндердің басым бөлігі – жас ақын-сазгерлердің еңбегі. Басында көбіне шығыс стиліндегі әндерді орындағанды жаным қалайтын. Бірақ қазір лирикалық сарындағы шығармаларға бетбұрыс жасаудамын. Сарысу ауданынан шыққан жас ақын әрі сазгер Самат Тоқбанов есімді азамат бар. Менің біраз әндерімнің авторы десем де болады. Себебі осы талантты жерлесіміздің кез келген шығармасы жаныма жақын. Туындыларын орындайын деп аузыма алғаннан менің табиғатыма тартып тұрады.

– Ән таңдағанда басымдық әуенге ме, әлде сөзге беріле ме?

– Негізі әніне көп басымдық беремін. Себебі сөзден бұрын әуен адамды тез тартады. Әрине, ырғақты ән болса. Кейбір әндердің өзінің бір жұлдызын жағар тұсы болады. Кейде «фишкасы» деп жатамыз ғой. Мәселен, «Мария Магдалена» деген әнді алдық та, хитке айналдырдық. Өзге ұлттың қаңсығы қай қазаққа керек болды десеңізші... Бәлкім, осы есімнің орнына қазақтың бір есімін қойып айтса, хит болар ма еді, әлде жоқ па деген ой да мазалайды. Сондай-ақ соңғы жылдары өздеріңіз білетіндей, МС Сайлаубек атты әнші ұғынықсыз тілде ән салып, тыңдармандарының аудиториясын да кеңейтті. Осы секілді әр әннің өзінің шамшырағы, оның тыңдарманы болады. Сондықтан ән таңдауда аса ұқыптылық қажет.

– Сізді Жамбыл жұртшылығына танытқан әніңіз қандай? Қателеспесем, той-томалақтардың да көркін қыздырар әншілер қатарындасыз...

– Жоғарыда атап өткенімдей, Самат бауырымыздың әні мен сөзіне жазылған шығыс стиліндегі «Биле, достар» деген әнді алғаш сахнаға алып шықтым. Көңілді, ырғақты ән көп ұзамай көпшіліктен қолдау тапты. Жастар арасында, той-томалақтарда жиі орындалып жатты. Тойда ән айту үшін әншіге әуелі психолог болу қажет секілді. Себебі онда баратын халық әртүрлі, үлкені бар, жасы бар. Талғамы да сондай. Барынша жастар жағына заманауи стильдегі әндерді алып шықсам, үлкендер жағына салмақты әндерімді ұсынамын.

– Сіз шетелдің, әсіресе өзбек-түрік тілінің әндерін орындауда шеберсіз. Тіпті сырт келбетіңізге қарап, басқа ұлттың өкілі деп айыра алмай жатқандар бар...

– Иә (күліп). Әжем, яғни әкемнің анасы – өзбектің қызы. Әкемнің келбеті көбіне әжеме тартса, мен де әкеме қатты ұқсаймын. Отбасымызда әкем екеуміз-ақ өзгешелеуміз. Той-жиындарда, қоғамдық орындардан көріп қалған, танымайтын көпшілік мені түрік немесе өзбек ұлтының қызы деп жатады. Әрине, мен оған еш өкпелемеймін. Түбі бір түркі елінің ұрпағымын ғой. Тіпті бірі орысша маған үн қатып жатады. Мен қазақша жауап берсем, аң-таң болып жатқандар қаншама.

– Алға қойған жоспарларыңыз қандай?

– Ендігі мақсат – жеке ән кешімді өткізу. Ағымдағы жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай облысымыздың кей аумақтарында концерттік бағдарламамды ұсынып, халықтың алғысына бөлендім. Сондай-ақ алдағы уақытта аспан асты Қытай елінде жеке ән кешімді өткізсем деген үлкен арманым бар, әрине, ол үшін едәуір еңбек те керек.

– «Егер әнші болмағанымда, осы істің басын шалар едім» деп қай мамандықты айтар едіңіз?

– Мүмкін мұғалім (күліп). Бастысы, дипломсыз емеспін. Осы күнге дейін еңбектендім, оқыдым, осындай киелі Таразымның сахнасында ән айту бұйырды. Бұған шүкіршілік етемін. Алайда бәрібір өнер саласында жүрер ме едім деп ойлаймын. Өмірімді өнерсіз, сахнасыз елестете алмаймын.

– Биылғы жыл нендей жетістіктерін тарту етті?

– Биылғы жылы елімізде Елбасымыздың бас мақаласы қоғамға жол тартып, дамыған әлем елдерінің қатарына енуге үлкен мүмкіндіктер әкеліп отыр. Ол үшін барлық салада серпін болуы керек. Осы тұста өңірдегі өнер саласының қарқынды дамуы үшін облысымыздың әр аймағында көптеген концерттер өткізіліп, мардымды істер қолға алынып жатыр. Мен де өнерімнің арқасында осы мақалаға үн қосып, мәдени шараларға атсалысқаныма қуаныштымын.

– Сұхбатыңызға рахмет!


Сұхбаттасқан Толғанай АТАБАЙ
 
 
 
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Во дворце спорта «Тараз-Арена» три последних дня сентября ознаменовались проведением Международного турнира по дзюдо памяти мастера спорта СССР Бахыта... С приветственным словом выступил руководитель управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нурбол Жунисбеков. Организацию турнира взяли на себя...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00