Актуальный выпуск газеты: № 42 (1382) 18 октября 2017 года Архив номеров
 
ПОДПИСКА НА САЙТ 2017
RUB = //-// EUR =//-// USD =//-//

Жазушының жалғыз досы – жалғыздық

 

 

40 Жазушының жалғыз досы жалғыздық2

 

Қордайдың құлжасы атанған қаламгердің мерейтойына орай облыстық қазақ драма театрында «Жазушының жалғыз досы – жалғыздық» атты салтанатты кеш өтіп, қазақ әдебиетінің көшін көтерген кемеңгерлер ақ тілегін арнай келді. Рухани кешті қазақтың белгілі драматург-жазушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың иегері Рахымжан Отарбаев тізгіндеді. Жерлес жазушының мерейтойында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков құттықтап, аймақ басшысының ақ тілегін жеткізді.

 

40 Жазушының жалғыз досы жалғыздық3

 

– Жамбыл жұртынан бабалардың ұлы жолын жалғап, қалам құдіретінің қуатын танытып келе жатқан талантты тұлғалар аз емес. Өңірден шыққан алғашқы прозашы Бауыржан Момышұлы, әдебиетке 60-жылдары енген мол шоғырдың арасындағы жерлестеріміз Шерхан Мұртаза мен Әкім Таразидің есімдерін Сіз, Несіпбек Дәутайұлы, абыроймен жалғастырып келесіз. Сіздің қанатты қаламыңыздан туған «Құдірет пен қасірет» романы, «Ақ көгершін», «Әнім сен едің», «Алма ағашының бұтағы», «Ақ күшік», «Алтын балық» повестері, көптеген көркем әңгімелеріңіз Сізді төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздегі шынайы тұлға ретінде танытты. Аталған шығармалар сізге үздік көркем шығармаларға арналған әдеби бәйгелердің үш мәрте жеңімпазы, «Ең үздік роман» байқауының жүлдесін, халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің бас жүлдегері, Алаш сыйлығының лауреаты, «Халық сөзі» газетінің сауалнамасы бойынша «2012 жылдың Үздік қаламгері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» сияқты айтулы атақтар алып келді. Бұл – Сіздің туындыларыңыздың оқырмандар жүрегіне даңғыл жол тапқандығының жарқын көрінісі, – деген Бекболат Серікбекұлы жазушы жүгендеп отырған «Жамбыл» журналының қысқа мерзім ішінде мағыналы мазмұнымен елімізге танымал басылымға айналғанын ауызға алды.

 

40 Жазушының жалғыз досы жалғыздық4

 

«Айғыркісі», «Құдірет пен қасірет», «Ақ күшік», «Мінез», «Аты жоқ əңгіме» секілді туындыларды қазақ әдебиетінің көшіне  қосқан кемеңгердің шығармалары қайталанбас дүние. Ұлт руханиятына үлес қосқан қаламгердің тұлғалық та, шығармашылық та сыры тереңде. Кеште халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі секілді жазушының үзеңгілестері мерейтой иесі жайында кеңінен қаузап,  қазақ салтымен иығына шапан жауып, ілтипатын көрсетті. Несіпбек Дəутайұлы қашан да жас буын əдебиетші, ақын, жазушыларға қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып келеді. Осы себепті жəне ерекше жазу стилі мен терең толғанысты шығармалары үшін Несіпбек Дəутаев өз халқының зор мақтанышы, күллі алаштың өр болмысты жазушысы болып қала бермек.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

Таразский государственный педагогический институт готовится отметить 50-летие. Для Джамбула – Жамбыла – Тараза наш педагогический институт много лет является чем-то совершенно привычным и неотъемлемым,...
В Жамбылском областном казахском драматическом театре состоялась республиканская научно-практическая конференция, посвященная 85-летию известного писателя и журналиста, нашего земляка Шерхана... Собрались все почитатели большого таланта, друзья, близкие, коллеги и соратники. Конференция носила название «Творчество Шерхана Муртазы и...
Студенты вышли на старт. Универсиада – международные спортивные соревнования среди студентов, проводимые Международной федерацией университетского спорта (FISU). В Таразе стартовали финальные соревнования...
Дистанция непростая и разнообразная – подъемы и спуски. Наш город принял заключительный старт нынешнего сезона для представителей беговых дисциплин – чемпионат страны по кроссу. Это четвертый...
Отопительный сезон в областном центре начался раньше обычного. Начало недели ознаменовалось в Таразе открытием отопительного сезона. В понедельник на площадке региональной службы коммуникаций с журналистами встретились...
Потребителям природного газа вернут по… 134 тенге. В департаменте Комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей по Жамбылской области состоялась пресс-конференция, где была разъяснена...
Октябрь 2017
Mo Tu We Th Fr Sa Su
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00