рухани жангыру и пром революция каз

Тараздық өрендер ел чемпионы атанды!

 

 91 утбол

 



Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін де, турнир өтіп жатқанда да, финалдық кезеңде де, биылғы маусымдағы соңғы ойында да даусыз көшбасшы деп саналған. Бірақ, Сүйін Молдашбаевтың командасы олардың барлық жоспарларын бұзды. Тұрақты біріншілікте де, жартылай финалда да, финалдық ойында да тараздықтар соңғы ойындарда маңызды ұпайларды тартып әкетті.

91 футбол 1

 


Жартылай финалдық кезеңдерде жеңіске жеткен төрт команда Алматыда бас қосты. Екі ойыннан кейін «Тобыл» мен «Семейді» жеңген қайраттықтар сенімді түрде көш басында келе жатқан. «Семейді» 1:0 есебімен ұтып, қостанайлықтармен 1:1 есебімен тең түскен «Тараз» екінші орында тұрды. Сондықтан, шешуші кездесуде алматылықтарға тең ойын да жеткілікті еді.
Алайда, оның сәтін салмады. Тартысты өткен ойын барысында, кездесудің екінші таймында қарсыластарының қақпасына аса қажет голды соққан тараздықтар алматылықтардың өз қақпаларына доп салуына еш мүмкіндік бермеді.

 

91 футбол 2


Нәтижесінде жеңіске қол жеткізді. Сүйін Молдашбаевтың командасы еліміздің жастар және негізгі клубтарының ең жақын резервтері болып табылатын футбол орталықтары мен академияларының арасында республика чемпиондары атанды.

 

91 футбол 3


– Жеңістің үлкен-кішісі жоқ. Себебі жеңіс жеңілдікпен келмейді. Сондықтан біз үшін әр бір ойын маңызды. Футбол – командалық ойын. Бұл жерде бір ойыншыны бөліп-жарып атау қиын. Жігіттер өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып шықты. Тараз футбол мектебінің мықты екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бізге қолдау білдіріп, сенім артып, тілеулес болған жанкүйерлерімізге айтар алғысымыз шексіз. Бұйыртса әлі талай жеңістерімізбен қуантатын боламыз, – дейді команданың бас жаттықтырушысы Сүйін Молдашбаев.

 


Бекнұр Сатыбалдиев

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00