рухани жангыру и пром революция каз

Асабалар – аяқдоп шебері

80 Үздіктер жетті жеңіске

 

«Тараз Арена» спорт кешенінің алаңында өткен спорттық бәсекеге «Жамбыл» арнасы мен асабалар құрамасы және мәдениет мекемелерінен барлығы 8 команда қатысуға өтініш білдірген. Турнирге Жамбыл облыстық мәдениет қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қолдау көрсетті. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, өнерпаздардың да спортқа деген қызығушылығы зор екендігін таныту мақсатында өткен аладоп бәсекесі тартысты әрі қызықты өрбіді. Турнир соңында белсенділік танытқан командаларға кәсіподақ ұйымының атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Нәтижесінде филармония өнерпаздарынан құралған команда 3-ші орынды қанағат тұтты. Ал, 2-ші орынға облыстық халық шығармашылығы орталығының командасы ие болды. Бақтары мен баптары қатар шапқан асабалар құрамасы спорттық бәсекенің жеңімпаздары атанды.
Шараны ұйымдастырушылардың бірі, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі Әріпбай Мұсапанов турнирге қатысып, белсенділік танытқан өнерпаздарға алғыс білдірді.


– Биыл облыстағы үлкен өнер ұжымы Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның 50 жылдығы қарсаңында түрлі шаралар өткізу жоспарланған. Бүгінгі футбол бәсекесі соның айғағы. Спорт – баршаға ортақ құндылық. Тәні саудың-жаны сау демекші, халық алдында жүрген мәдениет қызметкерлері де спортта белсенді екендерін бүгінгі турнирде дәлелдеді. Қатысқан барлық командаларға алғыс айтамын. Спортта да, өнерде де айларыңыз оңынан туып, шығармашылық белестерге жете беріңіздер, – деді Әріпбай Мұқанұлы.


Өз кезегінде жарысқа филармония атынан қатысқан белгілі әнші Қайсар Көкішев турнирден алған әсерімен бөлісті.


– Сайысқа қатысқан командалардың осалы жоқ. Ойын өте тартысты өтті. Барлық бәсекелестердің біздің ұжымның 50 жылдық мерейтойына атсалысып жатқаны қуантады, – деді өнерпаз.


Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, мәдениет қызметкерлері мен асабаларды, журналистерді бір алаңда тоғыстырған шағын футбол турнирі келесі жылы да дәстүрлі түрде жалғасын табады.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Елбасының кезекті Жолдауы ел ішіндегі өзекті мәселелерді қозғады. Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асырыуды... Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру үшін...
В областном центре продолжается обсуждение инициатив Президента страны, изложенных в его очередном Послании. Коллектив Жамбылской областной детской больницы поддерживает курс главы государства на создание социально-ориентированого общества. Таков итог встречи медиков с...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Жуырда ғана Кенен Әзірбаев есімін алған Жамбыл облыстық филармониясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жарты ғасырды алқымдаған өнер... «Тараз Арена» спорт кешенінің алаңында өткен спорттық бәсекеге «Жамбыл» арнасы мен асабалар құрамасы және мәдениет мекемелерінен барлығы 8 команда...
Өңірімізде жылыту маусымы жеті айға жуықтайтынын ескерсек, «кәрі құданың» қаһарына төтеп беру жан-жақты дайындықты қажет ететіні белгілі. Олай болса,... Сауалдардың жауабы қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен қалалық мәслихаттың кезекті отыз алтыншы сессиясында жан-жақты айтылды. Белгілі болғандай қала бойынша...
В Таразе и области воздействие на должников за потребленные услуги переходит на новый уровень. В областном центре продолжается компания, в ходе которой злостные неплательщики коммунальных услуг в массовом порядке лишаются этих самых...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00