рухани жангыру и пром революция каз

«Үшбас» – спорттық асық ойыны

 

78 игра асык1

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» – деген болатын. Яғни, тәрбиені мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұлттық мұраларымыздан қалыптастырып, бүгінгі ұрпағымыздың физикалық және ой-өрісінің дамуын халқымыздың дәстүрлі ұлттық ойындары мен спорт түрлерімен нәрлендіру уақыт талабы. Осы мақсатты ұстанған Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұстаздары – доцент, Аймақтық менеджмент академиясының қауымдастырылған профессоры Бекболат Аманжолұлы, доцент, ф.ғ.к Жамбыл Елемесұлы, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Дархан Ізтілеуұлы «Үшбас» спорттық асық ойынын ойлап тапты.

 

78 игра асык2

 

– Бүлдіршіндерді дамытуда дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі – асық ойынының алар орны ерекше. Ұлттық мұрамызды ұлықтайтын қазақтың ұлттық асық ойыны халықтың рухани-мәдени құндылықтарын мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатын ұлттық бірегейліктің кемелденуін білдіреді. Асық ойынының бала тәрбиесінде атқаратын екі қыры бар. Біріншіден, баланың ұлттық сана-сезімінің көкжиегін кеңейтсе, екіншіден, балаға ұлттық салт-дәстүрлеріміздегі тәрбие тағылымын жаңғыртуға игі әсерін тигізері хақ. Қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ұлағатты сөз бар. Халықтың осындай ізгі тілегімен сәті түскен іс-әрекеттің жолы болып тұрғандығын білдірсе керек. Атадан балаға мұра болып келген асық ойыны ертеректе балаларды шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешім қабылдауға тәрбиелеу құралы ретінде іске асқан. Асық ойынын ұйымдастыруда жарыс, не жаттығу өткізуге арнайы орынды талғамай-ақ, үй ішінде, ашық алаңдарда, оқу орындары мен мектептің спорт кешендерінде, балабақша бөлмесінде өткізуге болады. Сондықтан біз ұсынып отырған «Үшбас» спорттық асық ойынының да өз ерекшеліктері бар, – дейді Бекболат Аманжолұлы. Бекболаттың сөзін жалғаған Жамбыл Елемесұлы: «Тарихи деректерге шолу жасасақ, ежелгі түркілердің арасында кеңінен тараған асықты «Астралаг» деп атаған. Ал ежелгі Грецияда «Талус» деп атап, ежелгі Римде асықты салт-дәстүріне арқау етіп, нақышталған ойын ретінде насихаттаған. Дей тұрғанмен, бүгінде асықты қазақтың ұлттық ойыны деп санағанмен, мұны Орта Азия халықтары, оның ішінде түркі тілдес мемлекеттер әлі күнге дейін спорт түрлерінің бірі ретінде ойнап келеді. Асық ойыны – адамның күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігі мен қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше адам ойнайтын асық ойынының түрлерінен ойыншының намысы оянып, қатарымнан озсам деген талпынысы болады. Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу адам денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады» – деді.

 

78 игра асык3

 

– «Үшбас» асық ойынын араға ұзақ уақыт салып, әр түрлі идеямен, қазіргі заманға лайықты жасадық. Асық ойынын міндетті түрде далалық немесе үйішілік деп екіге бөлмей-ақ, бірден арнайы үстел үстінде (бильярдқа ұқсас) жиналмалы (шахмат тақтасына ұқсас), көтеріп жүруге ыңғайлы, көп жер алмайтын, бар болғаны 8-10 кв жерді қамтитын ұлттық нақышта жасалған (шаңырақ, ою-өрнек), 12 қой асығы (12 жыл атауына байланысты), 3 сақа (үш қасиетті сан), түсі қызыл (хан белгісі) және арнайы иық дорбасы (қазақи) түрінде алдық. Яғни, «Үшбас» спорттық асық ойынын ойыншылар арнайы жасалған үстел үстінде ойнайды. Үстел көлемі екі бөліктен 1x1м, бір-біріне шахмат тақтасы секілді қосылған, тақта ортасына шаңырақ суреті кескінделген, жалпы тақтаның төрт бұрышында қазақы ою-өрнек орналасқан. Тақтаның біріккен жеріне, яғни көнге 12 асық тігіледі, әр асық орналасқан жерінде қазақ халқының 12 жыл қайыру күнтізбесіндегі аң суреттері орналасқан. Тақта (үстел) биіктігі 40 см. Үстелдің шетіне сетка (тор) орналастырылған, оның биіктігі 18 см. Тор атылған асық түсетін жер, яғни асықтың шашылмай бір жерде болуына байланысты жасалды. Тор қақпаға ұқсас, екі шетінде тіреуі бар. Үстел беті арнайы матамен қапталған. Ойын төрешінің 3 сақаны бір қолдың алақанына алып, үстел үстіне шашып тастауынан басталады. 3 сақаның түсуіне байланысты (1 алшы, 2 алшы, 3 алшы немесе әр түрлі) ату кезегін анықтап алады, яғни алшы түсуі міндет болып саналады. Бұл ойынды екі немесе келісім бойынша жұп, топ болып ойнауға болады. Ойын бастаушы 3 сақаны алып (өзі немесе жұп, топ болып) ойынға кіріседі. Ойын ережесінде асық ойналатын үстелге өте жақын тұруға болмайды. Жақындап, ойынға кедергі келтірсе немесе ойын ережесінің бұзылу жағдайында айып төленеді. Айып ақшалай төленеді. Айып төленбесе ойыншы (жұп, топ) ойыннан шығарылады, бұл асық ойынының міндеті болып саналады. Оны төреші өзі белгілейді. Ойын үстелінен кері 1,2,3 метр, яғни ойыншының жас ерекшелігіне байланысты өріс сызығында тұрып, 3 сақамен кезек-кезек асықтарды атады. Әрбір ойыншыға асықты үш атыстан кезек беріледі. Үш атыстан кейін келесі беттегі ойыншы ойынды жалғастырады. Ол да дәл осы іс-әрекетті қайталайды. «Үшбас» спорттық асық ойынында ойыншылардың жас ерекшеліктері мен ату өлшемдері төмендегідей ескеріледі: 6-10 жасқа дейін – 1 метрден, 11-16 жасқа дейін – 2 метрден, 17 жастан жоғары – 3 метрден асықты үш атыстан кезек беріледі. Ойынды тек төреші ғана басқарады. Көнге жалпы 12 асық бір қатарға тізіледі, тігіледі. Ойыншы 3 атыс кезінде асықтар торға түсуі керек, ал сақаның қайда, қалай жатуы міндет емес. Тек асықтың торға түсуі есепке алынады. Асықтарды атқан кезде, асық үстел үстінде қалса, сол жатқан жерінде қалады, ал жерге түсіп кеткен жағдайда оны айып алаңына қоямыз. Айып алаңы үстел үстінде оң, сол қақпаның көнге жақын бұрыш жағы, арнайы белгіленген. Асықты айып ретінде бүк жағымен теріс қаратып қояды. Көндегі немесе айып алаңындағы асықты ататын кезде ойыншы қайсы бірін ататынын өзі таңдап алады, өзі шешім қабылдайды. Егер асық тор алдына тұрып қалса, яғни, алаң сызығының ішінде болса, онда асық сол жерде қалады, ал егер сыртында болса, онда асықты көнге қайта тігеміз. Асық тордың алдында емес, жанында болса онда оны қайтадан айып алаңына ережеге сәйкес қоямыз. Ойын 12 асық біткенше ойнала береді. Қазақ халқының жыл қайыру күнтізбесі үлгісінде жасалған 12 асық атылып біткен соң ойын қорытындысы шығарылып, жеңімпаз анықталады.Осылайша ойынға қатысушылар 12 асықты қайта көнге тігіп, ойынды қайта бастап, жалғастырады. Ойынды бастаушы өріс сызығын сол немесе оң аяғымен басып тұрып, оң (сол) қолындағы сақасымен көндегі асықтарды атады. Соққы неғұрлым күшті болса, тізілген асықтарды торға түсіреді. Ал ойынды бастаушы ешқандай асықты торға түсіре алмаса, ойынға екінші ойыншы кезегін алады. Ойын ережесі ойыншыларға бірдей, жоғарыда аталған ретте жүреді. Төреші ойыншының ұтқан асықтарын есепке алады. Қай ойыншының асығы көп болса, сол жеңімпаз болып есептеледі. Ойын тең болған жағдайда төреші «Үшбас» спорттық асық ойынының ережесімен екі ойыншының туған жылын қазақ халқының жыл қайыру күнтізбесімен анықтап, ойыншылардың өзіне тән жыл қайырудағы аң басына асықты қойып, яғни тігіп, атады. Асыққа тигізсе, ойыншы жеңген болып есептелінеді. Асыққа тигізбесе, келесі ойыншы осы ереже бойынша жалғастыра береді, яғни асыққа тигізу міндет, – деді асық ойынын ойнаудың әдіс-тәсілдері мен технологиясын түсіндірген Дархан Ізтілеуұлы.

 


Өнертапқыштар «Үшбас» спорттық асық ойынын жасы кіші балалар бір-біріне қамқор болып ойнаса, құрдастар бәсекелесіп, аға мен іні өздерін сынай ойнаса да болады дейді. «Бұл ойынның адам денсаулығына пайдасы көп. Ойын барысында жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, жеңесің, жеңілесің, ұтыласың, ұтасың. Міне, атадан балаға мұра болған тағылымы мен тәрбиелік мәні аса зор асық ойынының кереметтігі де осында», – дейді Бекболат Аманжолұлы.

 

Ерман Әбдиев

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Отечественный бизнес глубоко пустил корни в Независимом Казахстане. Мы в очередной раз отмечаем день рождения своей страны. В республике за минувшие годы сформировался и окреп класс...
Минуло 27 лет с момента, когда мы стали гражданами государства Республики Казахстан. Для кого-то это вся жизнь. Уже... Денис Широнин, фитнес-тренер. С самого детства я влюбился в спорт. С обретением независимости страна сделала многое для...
Здоровый образ жизни, воспитание патриотизма, развитие национальных видов спорта, тренировка ума и много других полезных эффектов несет в себе... Идея переносить привычные настольные игры на большую площадку, с увеличением масштаба игровых принадлежностей – рабочая мировая практика. Наши...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Реорганизация жилищного хозяйства в стране требует взвешенного подхода. Одна из самых обсуждаемых в Казахстане тем – возможная реорганизация системы объединений собственников квартир. Если новый закон утвердят,...
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
Декабрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00