рухани жангыру и пром революция каз

Чемпиондық кімге бұйырмақ?

 

56 чемпиондық кімге бұйырмақ

 

Француздықтар
жартылай финалда

Алғашқы ойын Нижний Новгород қаласында Уругвай мен Франция командалары арасында өтті. Осыған дейін қос құрама өзара сегіз мәрте кездессе, соның үшеуінде уругвайлықтар жеңіске жеткен екен. Бір ойында француздардың мерейі үстем болып, төрт матч тең аяқталған. Дегенмен бұл жолы Уругвайға сәттілік жолдас болмады. Аргентиналық Нестор Питана төрелік еткен кездесуде Уругвайдың бас бапкері Оскар Табарес мына ойыншыларына сенім артты: Фернандо Муслера (қақпашы), Хосе Мария Хименес, Диего Годин (капитан), Мартин Касерес, Диего Лаксальт, Наитан Нандес, Лукас Торрейра, Родриго Бентанкур, Матиас Весино, Луис Суарес, Кристиан Стуани. Португалиямен ойында жарақат алып қалған уругвайлықтардың сұрмергені Эдинсон Каванидің орнына К.Стуани шықты. Мұның Уругвай құрамасының шабуыл шебін әлсіреткені ойын барысында байқалып-ақ тұрды. Францияны жаттықтыратын Дидье Дешам уругвайлықтарға сыралғы шәкірттерін қарсы қойды: Уго Льорис (қақпашы әрі капитан), Люка Эрнандес, Самуэль Умтити, Рафаэль Варан, Бенжамен Павар, Нголо Канте, Поль Погба, Корентен Толиссо, Антуан Гризманн, Килиан Мбаппе, Оливье Жиру. Бірінші болып қақпаға қауіпті француздар төндірді. 15-минутта оң қанаттан берілген пасты Жиру Мбаппеге жылжытты, Килианның соққысы қақпадан асып кетті. Бірінші тайм соңына таман Бентанкур Толиссоға қарсы тәртіп бұзып, ескерту алды. Антуан Гризманның бағыттаған айып добын Рафаэль Варан 40-минутта баспен қақпаға енгізді – 1:0. Төрт минуттан кейін уругвайлықтар есепті теңестіріп кете жаздады. Касерестің соққысынан кейін Льорис өз қақпасын аман алып қалды. Екінші таймда Уругвай құрамасы алға ұмтылғанымен, 61-минутта Фернандо Муслера Гризманның алыстан тепкен соққысын қайтарамын деп, өз қақпасына енгізіп алды – 2:0. Бұдан соң Оскар Табарес шәкірттерінің ойыны оңала қойған жоқ. Одан гөрі француздардың есепті еселейтіндей мүмкіндіктері болды. Осылайша Франция Уругвайды 2:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бұл – франциялықтар жүлделі орындар үшін таласады деген сөз.

 

56 чемпиондық кімге бұйырмақ2

 

Неймар бастаған құраманың
жолы болмады

Ал «Қазан-Аренада» өткен Бразилия мен Бельгия құрамасы арасындағы ойын өте тартысты болды. Ойыншылар жанкүйер күткен шайқас матчты жасады. Қос құрама бірін-бірі аяған жоқ. Бірақ жеңімпаз біреу ғана болатыны түсінікті. Көп жанкүйер мен сарапшылар, тіпті букмекерлер де бұл ойынның айқын фавориті Бразилия екенін ұғындырған. Алайда матч тізгінін ә дегеннен Бельгияның жас перілері ұстады. Бельгия құрамасы тарихындағы «Алтын буын» деп сипатталатын бұл жігіттер Тите шәкірттерін тықсырып тастады. Есеп те көп ұзамай ашылған. Бұрыштама добын орындаған Роберто Мартинес жігіттері бразилиялық қорғаушыларды қателесуге мәжбүрледі. Фернандиньо өз қақпасына гол соғып алды. Бірінші тайм аяқталмай жатып, бельгиялықтар есепті еселеді. Кевин Де Брёйне 31 минутта алыстан соққы бағыттап, Алиссон қорғаған қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді. Бразилиялықтар тек 76 минутта ғана есеп айырмасын қысқартты. Алмасып шыққан Аугусто қарсылас қақпадан саңылау тапқан. Осыдан кейін бразилиялықтардың толассыз шабуылдағанына қарамастан, Куртуа және қорғаушылар сауатты ойнады. Ал кей кезде бразилиялық супер шабуылшылар жоқ жерден қателесіп жатты.


Осылайша, Бельгия құрамасы 1986 жылдан бері тұңғыш рет жартылай финалға шығып отыр. Ал Бразилия төрт жыл бұрын өз жерінде өткен мундиальдың жартылай финалындағы қателікті тағы да қайталады. Бұл жолы сәл ертерек. Бразилия құрамасы Тите бас бапкер болып келгелі бері алғаш рет қақпаларына жауапсыз 2 гол жіберіп отыр. Тите бас бапкер болып тағайындалғалы бері ұлттық құрама 25 матч өткізді. Сол 25 ойында пентакампеондар 6 гол жіберіп, қарсыластардың бір реттен артық гол соғуына мүмкіндік бермеген.

 

56 чемпиондық кімге бұйырмақ3

 

Ағылшындықтар үмітті ақтады

«Самара Аренада» Швеция мен Англия құрамалары кездескен. Салыстырмалы түрде еуропалық қос ұжымның фавориті – Англия саналады. Әрі олар осы чемпионат басталғалы белсенді ойындар көрсетіп, мықтылықтарын дәлелдей түсті. Мундиальдің үздік бомбардирі де – Англия құрамасының капитаны Харри Кейн. Еншісінде 6 гол бар.
Матч басталысымен ағылшындар қос қапталмен қыспаққа алуға тырысты. Бірақ швециялықтар оңайлықпен берілгісі келмейтін ыңғай танытып, қарымта шабуылдарға шықты. 10 минутқа дейін командалар алма кезек шабуылдады. Бірнеше стандартты соққылар орындалды.


Есеп 30 минутта ашылды. Эшли Янгтың бұрыштамадан берген добына «Лестер» ойыншысы Магуайр бірінші жетіп, қақпаны дәл көздеді.
Гарри Магуайр – әлем чемпионатындағы алғашқы голын ширек финалда соғып отырған екінші ағылшын футболшысы. Бұрын мұндай жетістікке жеткен Алан Маллери болатын. Ол 1970 жылы Германия қақпасына гол салған еді. Екінші тайм шведтердің белсенділігімен басталды. Бірақ Гарет Саутгейттің командасы сәт өткен сайын өздерінің үстемдігін арттыра түскен. Ақыры матчтың 58 минутында Лингардтың пасын сәтті пайдаланған Делле Алли Швеция қақпасына екінші голды соқты.


Бұдан кейінгі шабуылдар айтарлық нәтиже берген жоқ. Швеция құрамасының матч соңына қарай жасаған өткір шабуылдарына ағылшын қорғаушылары және «Эвертонның» 24 жастағы қақпашысы Джордан Пикфорд тосқауыл болды. Сөйтіп, бірнеше жыл бойы Англия құрамасының негізгі қақпашысы болып келген Джо Харттың мұрагері бұл чемпионатта өзін жақсы қырынан көрсетуде.

Bye, Rossia!

Көпшілік асыға күткен ширек финалдық ойынның – Ресей – Хорватия кездесуі болғанын ешкім жоққа шығармас. Себебі, Ресей құрамасының чемпионат басталғалы бері сенсациялық түрде жеңістерге жетуі жанкүйер біткенді таңғалдырған болатын. Бұл жолы да көпшілік «қалай болар екен?» деп кездесудің басталуын тағатсыздана тосты.
Сәйкесінше, Хорватия да топтық кезеңде де және плей-офф кезеңінде де өзінің өр мінезімен танылған команда. Лука Модрич бастаған команда талай мықтыны жолдан тайдырып, осы сәтке жеткен. Сондықтан бұл кездесудің тартыссыз өтпеуі мүмкін емес еді.


Матчты қос құрамада 4-2-3-1 схемасымен бастады. Яғни, шабуыл шебіне бір шабуылшыны қойып, оны үш бірдей жартылай қорғаушымен сүйемелдемек. Тиісінше, қорғаныс пен артқы жартылай қорғанысқа 6 футболшы жауапты болмақ. Бұдан қос ұжымның да барынша қақпаларын голдан аман сақтауға тырысқанын, бар акцентті қорғанысқа жасағанын аңғару қиын емес.


Төреші ысқырығы естілгеннен екі команда да шабуылға лап қойды. Ойында тіпті үзіліс болмады деуге де болады. Ресей құрамасының әсіресе, оң қапталы белсендірек қимылдады. Самедов пен Фернандес хорваттардың айып алаңына қарай доп жеткізумен белсенді айналысты. Орыстардың бар күштерін сарқа ойнауы хорваттарды да аздап алаңдатқандай. Черчесовтың командасы ақыры 31 минутта дегендеріне жетіп тынды. Дзюбадан пас алған Денис Черышев алыстан соққы бағыттап, Субашич қақпасынан саңылау тапты. Осылайша, Черышев бұл мундиальдағы төртінші голын соғып отыр.


Алайда Ресейдің басымдығы 8 минутқа ғана созылды. 39 минутта Андрей Крамарич есепті теңестіріп кетті. Бірінші таймның қорытындысы бойынша допты бақылау көрсеткіші 65-35 пайызымен Ресейдің пайдасына шешіліп тұрды. Ойынның негізгі уақыты тең есеппен аяқталып, кездесу қосымша 30 минуттық уақытқа ұласты. Бұл өз кезегінде Хорватия үшін сәтті басталды. Өз айып алаңында ресейлік қорғаушы Кутепов өрескел қателікке жол берген. Осыдан соң 100 минутта хорваттар бұрыштама добын іске қосты. Нәтижесінде бәрінен биік секірген Домагой Вида есеп басымдылығын командасына сыйлап, жеңісті жақындата түсті. Қосымша уақыт, яғни, жалпы кездесу Хорватияның жеңісімен аяқталуға жақын еді. Бірақ қызықтың көкесі 115 минутта болды. Айып добына бірінші жеткен Марио Фернандес баспен соққы жасап, Субашичке еш амал қалдырған жоқ. Есеп 2:2. Қос құрама футбол лотореясына жүгінген еді. Ресейліктер пеналтиде өздерін көрсете елмады. Бірінің соққысы қақпаға дәл жеткенімен, енді бірі қақпаны дұрыс дәлдемеді. Сөйтіп хорваттық жігіттер алаң иелерін жолда қалдырды. Осылайша, Хорватия құрамасы 20 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар келесі кезеңде Англия құрамасымен ойнайды.


Жартылай финалдың ойындары 11-13 шілде аралығында болады. Ал 15 шілде күні күллі әлем тарихи мачты тамашалап, әлем чемпионын анықтайды.

 

Дайындаған Арайлым ШАБДЕНОВА

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00