рухани жангыру и пром революция каз

Жас жеткіншектер жеңіс жолында

 

35 Спорт

 



Қазір ережесіз жекпе-жек спорты күннен-күнге қарқынды дамып келеді. Бұл спорттың түрі аралас, кейде ережесіз жекпе-жек деп аталады. Ережесіз жекпе-жектің басты ерекшелігі жекелеген спорт (күрес, бокс, муа-тай, джу-джитсу, панкратион және грепплинг) түрлерінің барлық айла-тәсілдерін қолдануға болады. Ережесіз жекпе-жек – нағыз жүрек жұтқан жігіттердің алапат айқасы. Сондықтан бұл спортта сайдың тасындай іріктелген сайыпқырандар сайысқа түседі. Аралас жекпе-жекті «Ер өнері білінбес, қоян-қолтық алыспай» деген қазақ халқының да қанында бар өнер деуге болады. Заманында елін, жерін жекпе-жекке шығып қорғаған батыр бабалардың ұрпағы үшін бұл таңсық дүние емес. Десек те, ережесіз жекпе-жектің заманауи түрі елімізге жаңадан енсе де, сегізбұрышты серік еткен саңлақтарымыз жетерлік. Сондай спортшылардың басын қосқан жуалылық WFA «World Fighters Arlan» клубының президенті Азат Шынғазымен әңгімелескен едік. Аталмыш клубтың құрылғанына жыл толмапты. 100-ден астам жеткіншектің басын қосқан клубта Азия, Қазақстан чемпиондары бар. Аз уақытта мұндай жетістікке жетудің бірден-бір себебі спортшылардың тынымсыз еңбегінің арқасы.

 


Бүгінде спорт клубта 5 жас пен 30 жасқа дейінгі ұл-қыздар шынығады. Команда болып алғашқы жарысқа Тараз қаласына келген 30 баланың 28-і жеңіс тұғырынан көрініпті. Бүгінде 100-ден астам баланың 40-қа жуығы жеңісті қолдан бермей жүрген жас спортшылар. Жергілікті атқарушы биліктен ешқандай көмектің болмайтындығын жеткізген жаттықтырушы спортшылар жарысқа өз қаржыларымен шығатындығын айтты. – Жасыратыны жоқ клубты ашпай тұрып жергілікті әкімдіктен де, облыстық спорт басқармасынан да көмек сұрадым. Десек те бұл спорт түрі Олимпиада түріне кірмейтіндіктен көмек бере алмайтындықтарын айтты. Бүгінде бір отбасынан 2-3 бала жаттығуға келеді. Ал жарысқа ата-аналар тек біреуіне ғана қаржы тауып жібере алады. Тіпті кейбір жағдайда спортшыларымыз қаржының жоқтығынан бара алмай да жатады. Жаттықтырушы болғандықтан қолдан келген көмекті аямаймын, бірақ бәріне бірдей жеткізу мүмкін емес, – дейді Азат Шынғазы. Клубта 5-10 жас аралығында жасөспірімдер 2 мың теңгеден басталса, әр бес жас қосылған сайын 500 теңге қосылады екен. Ал ересектерге клубта жаттығу айына 4 мың теңге. Сондай-ақ мұнда екі жаттықтырушы бар. Демеушінің жоқтығына қарамастан ата-аналардың қолдауымен түрлі жарыстардан қалмауға тырысатын клуб спортшылары жақында Қарағанды және Алматы қалаларында өткен Қазақстан чемпионаты мен Қордай ауданында өткен Азия чемпионатында облыс намысын қорғап, алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ Тараз қаласында өткен «Гагарин» жүлдесі үшін ел чемпионатында да командалық есепте клуб спортшылары кубок алып, бірқатар спортшылар жеңіс тұғырынан көрініпті.

 


– Кез келген жарысқа жаттығып, алдын-ала жеңіске деген құлшыныспен барамыз. Бүгінде спортшыларды спорт залдан қуып шығатын жағдайға жеттім. Болашағынан үміт күттіретін жастар көп. Мәселен, ағайынды Мұхамеджан, Аян, Нұрғиса Анарбековтер, ағайынды Абубакир, Арби Хұсайыновтар, Нұрғазы Шынғазы, Арсен Қалдыбек, Арафат Пірниязов, Абай Әлжаппаров, Ұлан Шәріпбек, Иса Бачаев және Ислам Мұсаев пен Давид Булай. Спортшылар бүгінде түрлі салмақта жас аралығына байланысты жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, барған жарыстарында қанжығалары бос қайтпайды, – дейді жаттықтырушы.

 


Сондай спортшының бірі – батыр Бауыржан Момышұлы ауылының тумасы, Г.Орджоникидзе атындағы №1 гимназия мектебінің 6-сынып оқушысы Нұрғиса Анарбек. Ережесіз жекпе-жекке келгеніне бір жыл болмаса да, Нұрғиса Ержанұлының бағындырған белестері көп. Ол Азия және үш дүркін Қазақстан чемпионы атағын алып, әр барған жарыста алтыннан алқа тағынып, ел намысын қолдан бермейді.

 


– Ережесіз жекпе-жекте спорттың барлық айла-тәсілдерін қолдануға болады. Маған сонысымен ұнайды. Денсаулыққа да аса қатты зияны бар деп айта алмаймын. Мені спортқа баулыған әкем – Ержан. Алғаш 1-сыныпта еркін күреске барып, жеңіс тұғырына көтерілген едім. Үйдің кенжесімін. Алдымда Мұхамеджан, Аян деген ағаларым бар. Менің спортта жүруіме себепші болған да ағаларым. Олармен ілесіп спорт залдан қалмауға тырысатынмын. Әр жеңісім бірінші Алланың арқасы. Одан кейін тынымсыз еңбек пен жаттықтырушым Азат ағайдың берген бағыт-бағдары, үйреткен айла-тәсілі, – дейді Нұрғиса Анарбек.

 


«Бағындырған әр белесі жаңа бір асудың бастауы» деп білетін Нұрғиса ережесіз жекпе-жектен спорт шебері. Оның ағалары Мұхамеджан мен Аян да еркін күрес, таэквондо, бокс және ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғауда алдына жан салмайтын жеткіншек спортшылар. Бүгінде Мұхамеджан 9-сынып оқыса, Аян 6-сынып оқушысы. Отбасымен спортқа жақын жеткіншектерге тек жеңіс тұғырынан көрінуді тілейміз. Сонымен қатар аталмыш клубтың тағы бір спортшысы Нұрғазы Азатұлы. Ол 5-сынып оқушысы. Бес жастан бастап спортты жанына серік еткен Нұрғазы бүгінде талай белестерді бағындырған спортшы. Ол да Азия және Қазақстан чемпионы. Оны спортқа баулыған әкесі Азат. Үйдің үлкені артынан ілесіп келе жатқан інілеріне үлгі болып жүр. Жастардың ендігі межесі Әлем чемпионаты екен.

 


Бұл тек екі спортшының жетістігі ал клубта бұдан өзге 40-қа жуық спортшы бар. Бос уақыттарын спорт залда өткізетін спортшылардың алда алар асулары биік. Демеуші табылса әлем биігіне шығуды армандайтын спортшыларға тек сәттілік тілейміз. Жауырыны жерге тимеген қазақ палуандарының ұрпақтарына қазақ халқының атын әлемге танытуларына біз де тілектеспіз.

 

Арайлым Шабденова

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Жуырда ғана Кенен Әзірбаев есімін алған Жамбыл облыстық филармониясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жарты ғасырды алқымдаған өнер... «Тараз Арена» спорт кешенінің алаңында өткен спорттық бәсекеге «Жамбыл» арнасы мен асабалар құрамасы және мәдениет мекемелерінен барлығы 8 команда...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00