ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Кондуктор да, жүргізуші де бір сарын...

 

«Жамбыл-Тараз» газетінің 21 қаңтар күні шыққан санында «Кондуктор, сіз мәдениетті болыңызшы!» деген тақырыппен жақсы мәселе көтерілген. Осы тұрғыда аталмыш мақала біз секілді оқырмандардың көңіліндегісін дөп басып, айтқалы жүрген ойымызды айна қатесіз әрі орынды қозғаған болатын. Бұл мәселде бұған дейін де әр жерде көтеріліп келген-ді. Осы жайға мен де зейнеткерлер атынан үн қоссам деп едім.

 

Мен зейнеткермін. Алты немерем бар. Оның мектептегісін мектебіне, бала-бақшадағысын бала-бақшасына қоғамдық көлікпен тасимын. Сондықтан «арбаның жайын жеккен білер» демекші, қоғамдық көліктердің бүгінгі жай-күйі мен ондағы мәдениет мен үшін таңсық дүние емес. Кондуктурлар автобус ішінде бейнебір өз әмірін жүргізгісі келетіндей әркімге бір дүрсе қоятынын күнде көріп жүрміз. Оларды тәртіпке шақырып біз де әуреміз. Сосын автобус жүргізушілерінің көлікті тізгіндеуі қорқынышты. Өйткені, құлағына телефонды жапсырып алып, ауылдың тойы мен өткен-кеткенді әңгіме етіп көлік басқарғанда, жаныңды шүберекке түйіп отырасың. Осы жағдайды көріп тұрып жөнге шақырсаң, егде басымызбен сол жас балалармен сөз таластырамыз. Бұлардың тәртіпке пысқырмайтынын қайтпекпіз?! Өз автобусына тиелген 40-50 адамның өміріне сол жауапты болғандықтан, аз да болса ойланса екен. Және автобус жүргізушілерінің басқа автобустармен бәсекеге түсіп, таласып-тармасқан шалт жүрістерін қайтерсің. Бәлкім, биыл заңға енгізілген жеңіл көліктердегі автокресло автобустарға да қажет секілді. Ол жақта да балалар көп, оның үстіне жеңіл көлікке қарағанда, автобус қауіптірек. Ішіндегі отырғандар отырып, тұрғандар құлап жатады. Өз басым талай құлағанмын. Сондықтан осы жағдайдан қатты қорқамын. Сонымен қатар, автобусқа мінетін адамдардың да мәдениеті тым нашар. Үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетуден қалып бара жатыр. Мейлі отырған орынын бермей-ақ қойсын, сөмкесінде бес-алты кітабы бар өзі тәлтіректеп тұрған оқушыларды кекетіп, мұқатып сөмкеңді алдыңа алып тұр деп мазасын алады. Бұл сонда қоғамның азғындап бара жатқанының бір көрінісі. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің басым көпшілігі ішін қараңғылап қап-қара етіп перделер іліп тастаған, не онысы сырғып алынбайды да. Онысымен қосып, діңкілдетіп адам түсініп болмайтын музыкаларды шүлдірлетіп қойып қояды. Қоғамдық көлік болғаннан кейін жас та, жасамыс та мінеді ғой. Осыны қоғамдық көлікті бағыттаушылар неге бақыламайды. Қарап отырсам, кейінгі автобустарда оқушылар үшін ешқандай жағдай жасалмаған. Құлап қалмас үшін ұстап тұратын тартпасы тым биік орналасқан. Орындықтар да болушы еді, оны қазір қаптағышпен қаптап тастаған, оларға желдей жүйткіген автобус ішінде тәлтіректеп тұрудан басқа амалы жоқ. Балалардың қауіпсіздігі басшылардың тарапынан негізге алынып, қадағаланса. Жоғарыдағы мәселелер шешілер деген зор үміттемін. Кейде аялдамаларда қоғамдық көліктерді бақылап тұрған қала әкімдігі тұрғын үй - коммуналдық, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің мамандарын байқап қаламын. Алайда, олар тек автобустардың қатынау жиілігін ғана бақылайтын секілді. Неге осы мамандардың мойнына қоғамдық көліктердегі мәдениетті де бақылауды жүктемеске. Сонда аз да болса қоғамдық көлікті тізгіндегендер жауапты мекемелердің өкілдерінен тартынар ма еді деген ой ғой, біздікі. Өзім негізінен №36, 22 бағытты автобустармен көп қатынаймын. Оларда да дәл осы жағдайлар және жүру жиілік уақыты ұзақтау. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдарының араласуымен шағын автобустан үлкен автобусқа ауыстырылған №12 бағыттың жүрісіне және техникалық жағдайына көңілім толады.

 

Райхан АЙТАН, зейнеткер.

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Айтулы күн қарсаңында аймақта жемқорлықпен күрес жүргізіп келе жатқан Мемлекеттік қызмет істері... – Мақсұт Ыбрайханұлы, ертеңгі мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Алғашқы сұрағымызды департамент жұмысының негізгі бағыттарынан бастасақ. Аймақтағы мемлекеттік қызметті...
Государственные служащие блистали талантами, состязаясь в креативе и интеллекте. В преддверии профессионального праздника на базе КГУ «Қоғамдық келісім» состоялся конкурс «Кәсіби кызметкер – кәсіби мемлекет», посвященный 20-летию...
«Тараз-Арена» спорт сарайында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өтті. Биылғы шараны облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, облыстық дене шынықтыру және спорт және облыстық ішкі саясат басқармалары бірлесіп ұйымдастырыпты.
Участники не пожалели средств на помощь детям. В Казахстане среди госслужащих состоялся общереспубликанский благотворительный забег «Алға басу - движение вперед». Основная цель мероприятия - оказание...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00