рухани жангыру и пром революция каз

«Салада оң өзгерістер көп»

 

28 акценты на здоровье

 

– Индира Тұрғынбекқызы, Тараз қаласында медицина саласы ілгерілеп келеді. Осы орайда қаламызда соңғы уақытта орын алған өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы айтып өтсеңіз. Жалпы қалалық денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы қандай, заманауи талаптарға сай келеді ме?

 


– Осы уақытта Тараз қаласында медициналық қызметтерді 31 емдік мекеме көрсетеді. Атап айтқанда, облыстық ауруханалар, диспансерлер, перинаталдық орталықтар, екі қалалық аурухана, қалалық балалар ауруханасы, облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы, облыстық кеңес беру диагностикалық медициналық орталық, стоматологиялық емхана мен тоғыз калалық емхана. Қаланың халық саны шамамен 408486 адам болса, мемлекеттік және жекеше секторында тұрғындарды дәрігерлермен қамту 1828 маманды және 5835 орта буындағы медициналық қызметкерлерді құрайды. Олар өздеріне жүктелген міндетті мінсіз, жүйелі орындауда. Жұмыстың жүйелі нәтиже беруі – жаңадан бой көтерген нысандар мен заман талабына сай медициналық жабдықтар. Сондай-ақ әр дәрігердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігі. Емханалардағы жаңа енгізіліп жатқан жүйенің бірі – емделушілердің дерекқорын жасауда сала қызметкерлерін қағазбастылықтан арылту мақсатында екпінді медициналық ақпарат жүйесі. Бұл орайда сала мамандарын оқыту, үйрету жұмыстарымен қатар, оларды керек жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі. Көптеген медициналық мекемелер заманауи жабдықтармен жарақталған. Қалалық емханалардың медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілу 75 пайызды құрайды. Тұрғындар арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде өткізіледі.

 



– Қандай ауруларға ерекше көңіл бөлінеді?


– Әрине, миокардтың жіті инфарктың, жіті инсультті, онкологиялық ауруларды, босандыру және балалар қызметін және жарақаттану жағдайына аса көңіл бөлінеді. Сонымен қатар белсенді түрде жүргізіліп жатқан скрининг тексерулер де жіті қадағада. Соның нәтижесінде жүрек-қантамырлар жүйесінің алғашқы аурушаңдығы 2016 жылғы 2556,4-тен 2017 жылы 3242,6-ға дейін жоғарылаған. Оны емдеуде №1 қалалық аурухана және облыстық аурухана базаларындағы инсульттік орталықтардың рөлі айтарлықтай маңызды.Оларды компьютерлік томографпен жабдықталған және оны жетілдіру жұмысы жалғасуда. Осы бағытта облыстық аурухананың кардиология бөлімі, С.Жошыбаевтың клиникасы және «Жүрек» клиникасы жұмыс жасауда. Тұрғындарға амбулаториялық-консультациялық көмекті емханалардың кардиологтары көрсетеді.

 


Денсаулық сақтау жүйесінің маңызды міндеті туберкулезге қарсы күрес болып табылады. Туберкулезді ерте анықтау және диагностикалау бойынша БМСК деңгейінде профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. 2017 жылы туберкулезбен сырқаттану және одан болатын өлім-жітім көрсеткіші, 2016 жылмен салыстырғанда, төмендеп, тиісінше 100 мың адамға шаққанда 44,8 бен 3,8 құрайды.

 


Инфекциялық аурушаңдық бойынша жағдай біршама тұрақты, 2017 жылы күл ауруы (дифтерия), көкжөтел, полиомиелит, қызамық, паротит, безгек және ҚҚГҚ аурулар оқиғалары тіркелмеді.
Есірткіқұмарлық деңгейі 2017 жылы 100 мың адамға шаққанда 28,9 өсіп жетіп 369,7 (1328 адам) құрады, 2016 жылдың 340,8 (1233 адам) қарағанда. Есірткіге тәуелді тұлғалардың арасында АИТВ жұқпаларының таралуын төмендету үшін 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық наркологиялық диспансерінің базасында апиынды алмастыру терапиясының кабинеті ашылған.


2018 жылдың 1 қаңтарында жобаға енген адамдардың жалпы саны 14 адам. Жобаны іске асырудан бастап 2 тұрмыс құрды, 14 адам жұмысқа орналасты, 3 пациент ем ісі аяқталғаннан соң есептен шығарылды.
2017 жылы онкологиялық аурушаңдық тұрақталды.

 



– Перзентханаларда қандай оң өзгерістер орын алды?


– Өткен жылы 8517 нәресте дүниеге келсе, 2016 жылы – 9120, алайда туу деңгейі 7 пайызға төмендегені байқалады. Нәрестелердің шетінеу көрсеткіші 13,8% төмендеді, 2017 жылы ол 10,1 (81) құрады. Тұрғындарға отбасын жоспарлау бойынша қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тоғыз емханада отбасын жоспарлау кабинеттері жұмыс жасауда, сонымен қатар әйелдерге медициналық-генетикалық кеңес беру қызметі көрсетіледі.

 



–Қалалық денсаулық сақтау жүйесінде шешімін таппай отырған мәселелер бар ма?


– Облыстың да, қаланың да денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды мәселелерінің бірі – мамандармен жасақтау және дәрігерлердің дайындық деңгейі. Бүгін қалаға 25 маман жетіспейді. Оларды тұрақтандырудың бір жолы ведомстволық тұрғын жайлардың бар болуы, ал тұрғын жайлар медициналық нысандармен тұрғызылуы керек немесе жалға берілетін жайлар қарастырылуы қажет.

 



– Әңгімеңізге рахмет.

 



Сұхбаттасқан
Арайлым Шабденова

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Жуырда ғана Кенен Әзірбаев есімін алған Жамбыл облыстық филармониясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жарты ғасырды алқымдаған өнер... «Тараз Арена» спорт кешенінің алаңында өткен спорттық бәсекеге «Жамбыл» арнасы мен асабалар құрамасы және мәдениет мекемелерінен барлығы 8 команда...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00