рухани жангыру и пром революция каз

Аллергияның емі бар

 

29 Аллергия  болезнь века

 

- Жұлдыз Мұратханқызы, соңғы жылдары аллергия дерті өршіп тұр. Әсіресе, жаз маусымында бұл кеселге шалдыққан науқастардың саны күрт өседі. Жалпы, аллергияның пайда болуына не түрткі?

 


- Рас, бұрын аллергия сирек кездессе, қазіргі кезде аллергия — өте жиі кездесетін аурулардың бірі, орташа есеппен әрбір үшінші адам аллергиядан зардап шегеді. Жалпы, аллергия ағзаның бөгде затқа сезімталдығының әсерінен пайда болатын ауру. Егер адам ағзасында иммундық жүйе төмен болса, сезімталдығы артып, ауаның, күннің, сондай-ақ шаң-тозаң, өсімдіктер, тағамдар, дәрі-дәрмектер, бояғыш заттардың денеге кері әсерінен аллергия пайда болады. Әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде шаң-тозаңнан пайда болатын аллергиялық аурулар жиі ұшырасады. Жаз айларында өршитін себебі де бар, осы мезгілде қаулап өсетін түрлі шөптермен байланыстыруға болады. Медицинада аллергияның бұл түрі көктемнен күзге дейін ғана созылатын болғандықтан, «маусымдық поллиноз» деп атайды. Аллергияға тап болған науқастың көзі, мұрны және денесі дуылдап қышып, қып-қызыл болып қызарады. Мұрнынан су ағып, көп түшкіреді. Аяқ асты жөтел пайда болып, терісі бөртеді. Тіпті науқастың тыныс алуы нашарлап, өкпесі тарылады немесе денесі ісініп, тамағы тітіркенеді, тіпті аллергиялық естен тану болуы да мүмкін.

 


- Аллергия - маусымдық ауру дейміз. Бірақ бұл дерттің қан арқылы анадан балаға берілетінін де құлағымыз жиі шалады...

 


- Аллергияның пайда болуына екі фактор әсер етеді. Біріншісі, егер ата-анасының бірі бұрын аллергиялық аурудың бір түрімен ауырған болса, баланың сол аллергияға бейімділігі. Таратып айтсақ, егер баланың әкесі бұрын аллергиялық аурудың бір түрімен ауырса, баланың аллергиялық ауруға шалдығу ықтималдылығы 80 пайыз, ал бұрын анасы ауырған болса, баланың ауруға бейімділік ықтималдылығы 50 пайыз болады екен.

 


- Демек, әйелдердің жүктілік кезінде аллергиямен ауырмауы маңызды ғой...

 


- Әлбетте, өте маңызды. Аяғы ауыр әйел бұл дертке шалдыққан болса, құрсағындағы баласына беріледі деген сөз. Сол себепті, болашақ аналар аллерголог дәрігерлерге тексертуге келіп, мейлінше цитрустық жеміс-жидектерден бас тартқандары абзал.

 


- Жалпы, бұл кеселді емдеу жолдары қандай?

 


- Медицинаның қарыштап дамыған заманында аллергияның да емдеу тәсілдері жолға қойылып келеді. Соның бірі - арнайы екпелер. Бұл екпелерді біз шетелден алдырамыз. Аллергия жас талғамайды. Қозатын аллергиялық реакцияның күші де әртүрлі болады. Оған аллергендердің көлемі және түрі байланысты емес. Ең жиі аллергиялық реакция тері мен кілегей қабықтарда кездеседі. Ал соңғы жылдардың тағы бір жаңалығы — аллергияның іш құрылыстарында да болуы. Маусымдық поллиноз ауруына шалдыққандар көбінесе ауруды бір басып, сол қысқа мерзімге ғана жеңілдік іздейді. Ал негізінен аллергияны қыста емдеген жөн. Аурудың әртүрлі белгілері болады. Адамдардың көбі бұл аурудың қайдан шыққанын түсінбей, вирустық инфекция деп қателеседі. Дұрыс анықтамай, уақыт созып, жүріп алса, науқастың аллергиясы астмаға да айналып кетуі мүмкін. Аллергиядан толық құтылу үшін бірнеше жылдар кетуі мүмкін. Одан құтылу үшін шыдамдылық әрі әжептәуір қаржы да керек. Өйткені дәріханаларда сатылатын аллергияға қарсы дәрмектер өте қымбат. Оның үстіне, ол дәрі-дәрмектер дертке шипа бола бермейді. Сондай-ақ, бірнеше аллергенге сынақ жасау да әжептәуір ақшаны қажет етеді.

 


– Ал, аллергиядан балаларды қалай қорғаймыз?

 


– Өкінішке орай, бүгінде бұл ауру, әсіресе, балалар арасында белең алуда. Ата-аналардың арасында дәрігердің көмегіне жүгінбей баласын үйде өзінше емдеп, аллергия не екенін де білмейтіндері бар. Негізі емдеу шараларының барлығы да медициналық мекемеде және аллергологтардың бақылауымен өтуі тиіс. Сондай-ақ, балалардың ас-суына айрықша көңіл бөлу керек. Әйтпесе уақытша жеңілдік әкелетін күшті гормоналдық дәрілер әсерінен адам ағзасы одан сайын тозып, ақыры дәріге үйреніп кетеді.

 


- Аллерголог дәрігер ретінде бұл дерттің алдын алу үшін оқырмандарға қандай кеңес бересіз?

 


- Жоғарыда атап өткенімдей, аллергиядан зардап шегетін адамға негізінен көкөністер мен цитрусты жемістерге шектеу қояды. Сонымен қатар шоколад, кофе, какао, қант, тұздалған қытырлақ нандар (чипсы, кириешки) және теңіз өнімдері де сырқатты қоздырады. Есесіне, су, сүт өнімдерін, қырыққабатты күнделікті ас мәзірге қосып қойған дұрыс. Аллергиядан зардап шегіп жүрген адамдар күнделікті тұтынатын тағамдардың тізімін жазып, өздеріне не жақпайтынын да аңғаруларына болады. Мәселен, күніне бір грамм С дәруменін қабылдау; тағам құрамында ақуыз, май, көмірсутегі жеткілікті болуы шарт; бөлмені желдетіп, ауасын жиі тазартып тұрған дұрыс; науқас жататын бөлмеде кілем, палас, жұмсақ ойыншықтар мен ортақ заттардың болмағаны жөн.

 


Шөптен және тағамнан ғана емес, жәндіктердің шаққандағы уына да аллергия болады. Ал егер өзіңізден өзгеше белгілерді аңғарсаңыз, мысалы, бетіңіз қызарып, теріңіз құрғап кетсе, әлде мұрныңыздан су ағып, көзіңіз жасаураса, дереу дәрігерге көрінгеніңіз абзал.

 

- Әңгімеңізге рахмет!

 

Индира БАЙҚОНЫС

 

Комментарии   

# АллергияЖанар 17.10.2016 07:00
Саляматсызба менің балама суыққа шықса беті, қолы маса шаққан сияқты болып қызарып кетеді. Өтінемін қалай кетіру керек екенін айтыңызшы. Супрастин ішсек жоқ болып кетеді.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
# АллергияАйна 23.11.2017 07:51
Сәлеметсіз бе мен анда санда жөтелем
.тамағым бітіп калады
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00