рухани жангыру и пром революция каз

Текті жерді таза ұстайық!

7 текті жерді таза ұстайық

 



Қала бойынша жалғыз сырғанауға болатын Тектұрмасқа біз де бардық. №4 аймақтық округке қарайтын бұл маңға мектеп оқушыларынан бастап, егде тартқан жанға дейін келетінін көз көрді. Арнайы сырғанауға ыңғайлы етіп қойған төбешікке көтерілгенімізде, айнала қоқысқа толы екенін көріп, көңіл құлазыды. Яғни мұнда келгендер сөмкелер мен резіңке баллондарды тастап кетеді. Және сырғанауға келген біздер алдымен төбеден төменге қарай түскен сырғанақтың тұп-тура мүрделердің ішіне бір-ақ кіретінін де байқадық. Мүрде ешбір қоршаусыз, тіпті кейбір тұрғындар мүрденің ішіне дейін сырғанап, көңіл көтеруде. Бұл бізге ерсі көрінді. Жауапты сала мамандары қар түскен күндері осында тұрғындардың ағылатынын біледі, неге жағдай жасамайды? Тіпті қоқыс тастайтын арнайы жәшіктер қойылса да, айнала түрлі-түсті полиэтиленді пакеттерге толмас еді.

 


– Өздеріңіз білетіндей, қалада мұндай қалың қар күнде жаумайды. Осы кезді пайдаланып, сырғанауға ұл-қыздарымды алып келдім. Мұнда алғаш келуіміз емес. Жылда көретініміз – айнала қоқыс, мүрдеге дейінгі созылған сырғанақ. Баратын басқа жер болмағандықтан, амал жоқ осында келеміз. Егер арнайы қоқыс салатын контейнерлер болса, мұндай көрініс орын алмас еді, – дейді қала тұрғыны Василий Николаев.

 


Осы сауал бойынша қала әкімдігінің тұрғын жай- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқанымызда, бұл аймақтың тазалығына «Баймұхамбетов» жеке кәсіпкерлігі жауапты екенін білдік. Ал біз кәсіпкермен байланысқанымызда, мұндай олқылықтар тек науқан кезінде орын алатынын алға тартты. Тазалық уақытылы жүргізіледі екен.

 


– Бұл аймақты жауапты мекеме иелері үнемі тазалап тұрады. Дегенмен мүрдені қоршау мәселесін жылдар бойы айтып келеміз. Күн тәртібінде тұрғанымен, әлі орындалатын емес. Бұл аймақта айта берсең мәселе көп. Мысалы, осы Тектұрмас маңын жарықтандыру. Түнгі уақытта жастар қаланы жоғарыдан тамашалуға келеді, сенбі-жексенбі күндері той кортежімен келген жастардың легі де қалың болады. Тіпті бұл аумақта бұзақылық, ішімдік ішу, қыз зорлау сынды оқиғалар жиі тіркелген. Құзырлы сала мамандары осыны ескеріп, арнайы кезекшілік бекеттерін қойса жөн болар еді. Сондай-ақ мұнда қоғамдық көліктің қатынауы да қиын. Бұрын №34 бағытта қатынайтын автобус бар еді, енді тұрғындар аялдамаға дейін жаяу жүруге мәжбүр, – дейді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Анар Досумбаева.
Жоғарыда айтылған қоқыс мәселесі тек құзырлы сала мамандарына ғана қатысты емес. Өйткені әрбір тұрғын өзінің тұрғылықты жеріне, аймағына, айналып келгенде, таза қала үшін тазалық сақтаса, мұндай олқылықтар орын алмас еді. Бұл жекелеген азаматтардың тазалық мәдениетінің төмен екенін көрсетсе керек. Қалай дегенде де, жүрген, демалған жерімізде қоршаған ортаға деген құрметімізді білдіріп, тазалықты сақтап жүрейік!

 

Арайлым Шабденова

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қала әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысында шаһардағы мектептер, балабақшалар мен кітапханалардың мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен қолдану барысына... Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Кенжебек Олжабай жиынды ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша қалалық ішкі...
Общественные фонды Тараза совместно с волонтерами провели благотворительную акцию, в ходе которой помогли накрыть стол для огромного количества человек. Жарким летом жизнь в городе успокаивается. Люди все реже бегут по делам, все чаще оказываясь на теплых пляжах...
Заместитель руководителя управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нуржан Жолдасбеков на встрече с представителями СМИ рассказал о... В региональной службе коммуникаций Жамбылской области состоялась встреча заместителя руководителя управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нуржана Жолдасбекова...
«Неудача Англии», «Волшебство Гризманна» и «Триумф Дешама» в обзоре матча за третье место и финала чемпионата мира по футболу... Все волнующее рано или поздно заканчивается, и большой спортивный праздник под названием «чемпионат мира по футболу» тоже подошел...
Департамент агентства по регулированию естественных монополий и защите конкуренции провел публичные слушания по новым ценам на природный газ. В областном центре на днях обсуждались планируемые цены на природный газ, на вопросы жителей и бизнесменов отвечали представители Жамбылского производственного...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
Июль 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00