рухани жангыру и пром революция каз

Қауіпсіздікті ескеру – ортақ іс

 

 7 қауіпсіздік



Журналистермен болған басқосуға облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Әкімбаев, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Дабыл Аянұлы мен облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Шухрат Хашимов қатысты. Шарада сөз алған Мақсат Әкімбаев бүгінде өңірде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау нақты 61 азаматтық қорғау органы қызметкерімен жүргізіліп жатқанын және олар өздерінің қызметтерін техникалық регламенттер мен ережелер және қолданыстағы объектілерге арналған белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарымен реттелетінін жеткізді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 7120 объект есепке алынған, олардың 1820-сы өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары қатер тобына жатады және жылына бір рет тексеріледі. Сондай-ақ маңызды қатер тобында 5300 объект жоспардан тыс тексеріліп отырады екен. Құқықтық статусына, жеке меншігіне және қызмет түріне қарамастан, тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалауды жүргізу мен ұйымдастыру саласы бір құжатпен реттеліпті. Ол Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлік кодексі екен. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «тоталды» бақылау принципі бизнеске қысым келтіруді азайтуға бағытталыпты және барлық бақылаушы мемлекеттік органдарға бақылау мен қадағалаудың біркелкі үлгісі мен әдіс түрін қамтитын бақылау мен қадағалаудың жаңа әдістемесі енгізілген. Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша критерийлерге сәйкес, жоғары қатер деңгейіндегі объектілерге ірі өртке қауіпті және өндірістік кәсіпорындар, тіршілікті қамтамасыз ететін және адамдар жаппай жиналатын, әлеуметтік саладағы, білім беру, денсаулық сақтау, ірі сақтау объектілері жатады. Бұл объектілер өрттің орын алу қаупі жоғары және олардың салдары адамдарға және материалдық құндылықтарға ауыр зардаптар әкеледі. Сондықтан аталған объектілер үздіксіз тексеріліп отырады.

 


– Бақылау және қадағалау саласындағы республика заңнамаларындағы реформа кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 13 тарауы тексерілетін субъектілерге қолайлы жағдай жасайды және негізсіз, кенеттен тексерулерге жол бермейді. Яғни тексеру жүргізу күнін кәсіпкер алдын ала біледі, тексеру жүргізудің жарты жылдық жоспары жарты жылдық басталғанға дейін Бас прокуратураның сайтында жарияланады. Тексеру жүргізуден 30 күнтізбелік күн бұрын тексерілетін субъекті хабарланады. Тексеру жүргізу процесінде кәсіпкерге тек қана тексеру парағында айқындалған талаптар қойылады, олар барлығына қолжетімді және ол бойынша тексеру алдында дайындалуға болады, – дейді Мақсат Әшірбайұлы.

 


Жалпы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында өткен жылы 2266 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында 11397 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталыпты. Құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 1153 тұлғаға жалпы сомасы 38 млн 684 мың теңге айыппұл салынған. Оның ішінде өрттің шығуына себепші болған 242 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Сондай-ақ 165 тұлғаға жалпы сомасы 2 млн 266 мың теңге айыппұл салынса, 77 тұлғаға ескерту берілген. Ауданаралық экономикалық сотқа өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуымен пайдаланып отырған 36 объектінің жұмысын тоқтату туралы талап арыз жолданып, барлық талап арыздар қанағаттандырылып, департаменттің пайдасына шешілген.

 

 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00