рухани жангыру и пром революция каз

Сезімді сергелдеңге салған сиқыр

 

- Күйеуге тигісі келетін кәрі қыздар, қәне келе қойыңыздар! Кім үйлене алмай жүр, үйлендіріп жіберейін. Кімге тоқал керек? Кім туғысы келеді? Жол ашамын! Бал ашамын!- деп сайрап тұр. Телефондағы ашық дауыс. Дәл өзі. Жазбай таныдым...

 

42 К гадалке не ходи

 

«Бал ашамын, керек болса жол ашамын, жанұя арасындағы жанжалды жоқ етемін.  Серіжігіт» деп жазылған жүгіртпе жолдағы жарнаманы көзім шалды. Бірер минуттан соң тағы осындай бірнеше жазба тізбектеліп өте шықты. Елге ем жасаймын деп еміреніп, жар құлағы жастыққа тимей көріпкелдігін жарнамалап жүрген кісілерге қоңырау шала бастадым.
 Арғы жақтағы ер адам жарнама бойынша хабарласып тұрғанымды ести сала:

 

- Ставка мың теңге! ,-деді.

 

- Сіз сонда не жасай аласыз? Маған жол аштыру керек еді. Болашағымды айтып беріңізші,- деппін қапелімде аузыма басқа сөз түспей.

 

- Алдымен келіңіз. Бәрін жасай аламын. Қанша ақшаңыз бар?,- деп жауап берді ол.

 

- Барым 800!,-дедім мен әдейі.

 

- 1000-ға толтырып барып хабарласыңыз,-деді дауыс.

 

Бір қызығы келесі жүгіртпе жолдағы адамның аты-жөні басқаша жазылып тұрса да, бағанағы дауыс егесін жазбай таныдым. Ол тағы да бәрін емдеп жазатынын, және ставкасының 1000 екенін ескертті. Аты-жөні мен ұялы телефонының номерін ғана ауыстырып, жарнама жасап жүрген бір  адамның үш түрлі есімде жауап бергені расында мені таң қалдырды.  
Келесі жүгіртпе жолда: «Ішімдік (арақ) қоюға көмектесемін. Құран арқылы кісі емдеймін.

 

Шөптермен балалар параличін (тырысқақ) ауруын, өкпе ауруларын емдеймін. Тумаған әйелдер және әйелдер кеселін және тағы басқа ауруларды емдеймін» деген сынды түрлі жазбаларды  телефон номерлерімен қоса түртіп алып,  кезек-кезек қоңырау шала бастадым. Бірі күнұзақ өшірулі тұрса енді бірі басқа қалаға кеткенін, келе сала өзі хабарласатынын   айтып жатты. Қолымда қалған соңғы номерді тердім. Әжейдің дауысын ести сала:

 

- Саламатсыз ба?! Мен сізге жарнама жөнінде хабарласып тұр едім,- дегенім сол дүрсе қоя берді

 

- Ақшаң бар ма? Маған бірінші единица салып бересің. Содан кейін барып мән жайыңды айтсаң болады,- деді.

 

- Сонда қалай? ,- дедім мен түкке түсінбеген күйі.

 

- Өй, сен ақшасы жоқ шарлатан шығарсың а?! Пәлесін қарай гөр! Маған бірінші единица сал, содан кейін сөйлесемін сенімен. Палыңды телефонмен ашып беремін,- деді де әжей трубканы тастай салды.

 

Бағана хабарласқанның бірі орталық базар маңында  отыратынын айтқан. Сол маңайды бетке алып, жол тарттым. Әйелді сыртынан көріп-ақ зәре құтым қалмады. Әппақ  ұзын көйлек, ақ шапан, мойны  тәспі-моншаққа толы ол иығынан әзер асатын шашын екіге бөліп өріп, үкі тағып алыпты.  Өткен-кеткеннің бірі киіміне қараса, енді бірі сөзін қызық көруде.

 

- Күйеуге тигісі келетін кәрі қыздар, қәне келе қойыңыздар! Кім үйлене алмай жүр, үйлендіріп жіберейін. Кімге тоқал керек? Кім туғысы келеді? Жол ашамын! Бал ашамын!- деп сайрап тұр. Телефондағы ашық дауыс. Дәл өзі. Жазбай таныдым.

 

Өткен-кеткендерді құр жібермей әңгімеге тартып, кейбірінің етегіне жармасып жатты. Мұндай сайқымазақ көріпкелді алғаш көргендіктен езуіме күлкі үйірілді.  

 

- Әй қыз,бері кел,- деді отыздар шамасындағы қарапайым көрінген бір әйелге шап беріп. Мен де  жақындай түстім.  

 

- Екі көзің шамдай жанып тұр. Болашағы бар бала екенсің! Бағың жанбай жүр. Жанарыңнан мұң көрдім.  Басыңда дуа бар,- деп сайрай жөнелді. Соңында:

 

- Күйеуің бар ма?,- деп сұрады. Ол басын шайқағаны сол:

 

- Бәсе,бәсе! Білдім ғой мен! Кел саған күйеу тауып берейін. Жүрегіңдегі адамға қосыласың! Бақытты боласың әлі-ақ деп, -ақ қағазға әлденені тізіп жазып берді де екеуі сыбырласуға көшті. Соңында екі бейтаныс әйел ұзақ жыл араласқан жандардай бір бірін қимай қоштасты. Кетіп бара жатқан әйелдің соңынан барып, әлгі көріпкел жайлы сұрастырғанымда:

 

- Жақсы біледі екен. Менің күйеуім жоқ екенін де біліп қойды,-деді. Көріпкелден бұрын өзі айтып қойғанын ұмытып та кетіпті. Қанша ақша сұрады деп едім:

 

- Екі мың теңге. Және күміс сақина мен сырғамды алды,- дейді.

 

Үкілі әйелге жолығып, мен де бақ сынамаққа бел будым. Жақындай бергеннен-ақ:

 

- Жанарыңда мұң бар екен. Жүрегіңді шер қысып тұр. Күйеуіңмен бәрі жақсы ма? Күйеуің бар ма?,- деп сұрай бастады. Сұрақ қойып, жауабыма қарай бал ашпақшы. -Қанша теңгең бар еді? Барымен базар қане таста ақшаңды,- дей бергенде мен орнымнан тұрып кете бардым.  -Басыңда дуа бар! Жолың жабық,- деп бағанағы келіншекке айтқанын қайталап, соңымнан айғайлап қала берді.

 

Әзәзілдің арбауына еріп,  Алланың атын атап, арын сатып, сиқырмен айналысып, ақша табудың жолында дуа жасауды да меңгеріп алғандар жетерлік.  Және мұндайларға  сұраныс та, ұсыныс та бар. Олардың  негізгі капитал көзі мен құрбандары аңқау, сенімі бос адамдар болып отыр. «Аңқау елге арамза молда» демекші, кейбір алаяқ, қулар ғайып ілімі мен сиқырды білетінін, жындарға билік жүргізе алатынын алға тартып, адамдарды алдап, қапыда қалдырып жатыр. Олар клиентсіз қаламын деп қорықпайды. Өйткені қоғамда діннен бейхабар адамдардың бар екенін, оларды тұзаққа түсірудің оңай екенін жақсы біледі. Осы арқылы ақша тауып, дуаны кәсіп етіп жүр.

 

Әбу Һурайра  (р.ғ.)  пайғамбар  (с.ғ.с.)  көріпкелдердің болжамы қалай дәл келетіні жайлы: «Алла Тағала аспаннан әмір берген кезде, періштелер оның сөзіне бой ұсынып, қанаттарын қағады. Қанаттарынан шыққан дыбыс - жылтыр тасқа түсіп кеткен шынжырдың үніне ұқсайды. Періштелер Алланың сөзінен қалтырап кетеді. Олар жүректерінің шошынғаны басылған кезде, біреулері «тәңірлерің не деді?» дегенде «ақиқатты айтты» және «Алла аса жоғары және өте зор» деп жауап береді. Бұл хабарды тың-тыңдап жүрген шайтан естиді. Шайтандар бірінің үстіне бірі шығып, аспанға жетіп, жоғарыдағы мәліметті алдымен естіген шайтан оны өзінен төменгі шайтанға хабарлайды. Ол естігенін өзінің астындағы шайтанға жеткізеді. Олар осылайша бұл мағлұматты сиқыршыға не көріпкелге білдіреді. Алайда, шайтан хабарды жеткізуге үлгерместен өзіне атылған жұлдыз-оққа ұшады. Немесе жұлдыз келіп соққанша, хабарды беріп үлгеруі де ықтимал. Ал, көріпкел өзіне жеткенше шайтанның аузынан мың өтірік қосылған мағлұматты «клиентіне» айтады. Халық: «Осы уақытта осындай оқиға болады деп айтқаны расқа шықты емес пе?» деп шайтандар аспаннан алып келген хабарға сенбеске шарасы қалмай алданады» .  (Хадисты Бұхари және Әбу Дәуіт руаят еткен)

 

Сиқыршылық, бал ашу, құмар ойындары Исламда харам саналады екен. Балгерлердің кейбірі намаз оқымайды да. Намаз оқығанның өзінде балгерлікпен айналысады. Таза емші бес уақыт намаз оқып, әруақ деп айтпауы керек екен. Ол рухани таза емші болса, табиғи шөптер мен Құранның аяттарына сүйеніп қана ем жүргізуі шарт.
Балгер-бақсы, көріпкелдік турасында бірер мағлұмат алу мақсатында Тектұрмас мешітінің бас имамы Мұхтар Бимурзаевқа жолыққан едік:

 

«Исламда көріпкелдерге сенгендердің намазы 40 күн бойы қабыл болмайды делінген. Негізі көріпкел бәрін сезіп-біліп тұрғанның өзінде адамға жеткізер болса, жақсылық емес. Себебі, бәрін білу Аллаға ғана тән, Аллаға ғана лайық. Негізі ауырған адам сүремен де емделе де алады. Ал дуа қайтарушылар жайлы айтсам дуа шешу деген жүзден бір ғана кездеседі. Себебі, діни сауаты жоғары және Алланың ақ жолында жүрген, пендеауи тірліктен аулақ, күнәдан пәк емшінің ғана қолынан келеді бұл тірлік. Және де кез-келген адам «Фатиха», «Ықылас», «Нас» сүресін оқып жүретін болса, оған дуа жуымайды  кез-келген пәлекеттен аулақ болады. Ал ем-домды, көріпкелдікті  табыс көзіне айналдыру - күнә»,- деді мешіт  имамы.

 

Р.S.  Бүгінде көше бойлай тізіліп, құран ұстап отырып-ақ Алланың емес, ақшаның құлына айналған ала аяқтар көптеп кездеседі. Өздерін жарнамалап, жүгіртпе жолға жүз атпен тіркеліп, жүз түрлі мағлұмат берушілер де бар екенінің куәсі болдық.  Түрлі діни секталар ашып, адамдарды тура жолдан тайдырушылар да жетерлік. «Алладан қорықпағаннан қорық» деген сөз осындайда ойыңа еріксіз оралады екен...

 

Гүлнәр БОЛАТҚЫЗЫ.

 

Комментарии   

# Жоғалған нəрсе табуға көмек керекАйгуль 03.09.2017 07:00
Ақша жоғалды
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
# Жоғалған нəрсе табуға көмек керекАйгуль 03.09.2017 07:00
Телефон номеріңізді бересізбе
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
# улымаAinur 30.01.2018 06:52
Улыма ашып бересизбе куанышбек ализат 11 жаста
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00