рухани жангыру и пром революция каз

Отандық өнімді бағалаймыз



 

54 Отандық өнімді бағалаймыз
 
Бұл – ел экономикасын арттыруға бағытталған батыл қадамның бірі. Осы орайда, төрт жылдан бері аймақтағы кәсіпкерлік субъектілер «Қазақстанның үздік тауары – 2018» көрме-байқауында бағын сынап келеді. Дәстүрлі өңірлік байқаудың жеңімпазы «Тараз-Арена» спорт сарайында анықталды. Кәсіпорындар жұмысының белсенділігін арттыру, отандық тауарлардың сапасын жақсарту арқылы нарықтық бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруды мақсат еткен байқауға биыл 78 кәсіпорын қатысты. Аймақтық көрмеде облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына өзіндік үлесін қосып отырған бизнес өкілдеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ көлемді іс-шарада облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек сөз алды.
 
54 Отандық өнімді бағалаймыз2
 
– Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы салалық және өңірлік монополизмді жоюға, нарықта тауарлар мен қызметтерді көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға үлкен мүмкіндіктер бар. Облыстық Кәсіпкерлер палатасының құрылуы өңірдегі бизнестің өркендеуіне тың серпін беріп, бизнес субъектілерінің қатарының артуына септесіп келеді. Ұсақ шаруалар мен тауарөндірушілер іріленіп, кооперативке бірігуде. Өндірілетін өнім көлемі мен «Жамбылда жасалған» тауарлардың түрі де түрленіп, саны да еселеніп келеді. Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен биыл осымен 4-ші жыл қатарынан «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өткізілуде. Биыл 78 компания байқауға қатысуда. Мұндай көрме-байқау – біріншіден халық пен тауар өндірушілер арасындағы байланысты нығайтса, екіншіден тұтынушылар жеңілдетілген бағада ешбір делдалсыз тікелей қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік алады. Көрме-байқау, сондай-ақ кәсіпкерлерге өзара танысып, әріптестік серіктестік орнатуға қолайлы алаң болмақ. Бизнес әлемінде біз мақтанатын жамбылдық бизнесмендердің қатары арта берсін! Өздеріңізге белгілі өткен жылы «Қазфосфат» ЖШС алғаш рет бірден екі аталым бойынша республикалық деңгейде «Сапа үздігі» атанған болатын, – деді ол.
 
54 Отандық өнімді бағалаймыз3
 
Облыстық Кәсіпкерлер палатасы мұрындық болған байқау барысында қатысушылардың өнімін арнайы сарапшы топ бақылауға алды. Ал топ мүшелері байқауға қатысушылар қызметімен танысу мақсатында барлық кәсіпорындардың өндірістік алаңдарын аралады.

– 2001 жылдан бастау алған республикалық конкурсқа Жамбыл облысы 4 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бастап сарапшы топ құрамында болып, жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысымен танысып келемін. Байқауда санға емес өндірілетін заттың сапасына қараймыз. Қазіргі нарықтық экономикада негізгі мақсат – халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету. Облыс көлеміндегі шара арқылы кәсіпкерлермен халық арасындағы байланыс артып, әлеуметтік әріптестікте өндіріс орындарын дамытуға көп септігін тигізеді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы сапаны көтеруге мүмкіндік мол. Енді алдағы уақытта жергілікті кәсіпкерлер нанотехнологияны енгізеді деген ойдамын. Өңірде жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі саласы ел көлемі бойынша алдыңғы шепте. Ет, сүт өнімдерін шығаратын мекемелер бізде жетерлік, – дейді сарапшы топтың мүшесі Асанбек Наурызбаев.
 
54 Отандық өнімді бағалаймыз4
 
Расында, бұл жолғы көрмеге қойылған тауарлардың басым бөлігі жеңіл өнеркәсіптік өнімдер. Тіпті, ірімшік, айран-сүтімен облысқа танымал «Меркі сыр зауыты» ЖШС өнімдері де көрме төрінен табылды. Байқау барысында тұтынушы қонақтар да тағамдардың дәмін татып, пікірін айтып жатты. Ал бізді мақсары майынан өндірілетін сұйық майдың жайы қызықтырды. 2006 жылы негізі қаланған өндіріс Шу ауданының Бірлік ауылында орналасқан. Алты жыл бойы өндіріс үшін қажетті шикізатты өсіріп келген «Kaz-IrAgro» серіктестігі ас үйге қажетті сұйық майды өндірумен айналысады. Ал аталмыш серіктестік 2011 жылы Германиядан жаңа технология сатып алған. Айта кетейік, бұл май жай ғана емес – адам ағзасына да пайдалы. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде молынан өсетін мақсары өсімі АҚШ пен Жапония секілді дамыған елдерде жоғары бағаланып отыр. Қазіргі таңда өндіріс орны сұйық маймен Қазақстанды ғана қамтып қоймай, Қытай, Чехия, Европа мемлекеттеріне экспортталуда. Қазақстандықтар үшін жаңалық болған майдың ерекше қасиетке ие екендігін бірі білсе, бірі білмейді.

– Мақсары майы – холестерині, қан қысымы жоғары, қант диабетінің ІІ тобындағы науқастарға пайдалы. Адам ағзасында қанды сұйылтып қоймай, косметикалық мақсатта да пайдалануға болады. Сондай-ақ массаж жасауға, шаш, тері күтіміне қолданылуда. Сол себепті, мақсары майының құндылығы туралы қазақстандықтарға екі тілде ақпарат беретін www.kaziragro.kz сайты жұмыс істеп тұр, – дейді серіктестіктің тұтынушылармен жұмыс жөніндегі менеджері Арай Жұбатова. Ал серіктестік бүгінде 60 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта аталмыш өнім Жапония еліне де экспортқа шықпақ. Ал іргесі 1961 жылы қаланған «Тараз былғары етік» ЖШС фабрикасының аяқ киім өнімдерінің сапасын айтпасқа болмас. Серіктестік жылына 157 мың пар былғары аяқ киім шығаруға қауқарлы. Тауарлары Жамбыл облысымен қатар Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында жоғары сұранысқа ие фабрикада 415 адам еңбек етеді екен.

– 2009 жылы өндіріс орнын қайта жасақтау және жаңғырту бағытында екінші деңгейлі банктерден 2 миллион 200 мың еуро несие алып, оған Германиядан аяқ киімнің табанын құйып шығару мақсатында «ДЕСМА» қондырғысы сатып алынды. Сол жылы тағы да 1 миллион еуро несие алу арқылы қосымша «Маскони», «Рици», «Картигльяно», «Джиматто», «Карлесси», «Мастордини» секілді қондырғыларды іске қостық. Бүгінде былғары аяқ киімге сұраныс күн санап артуда. Қырғызстан мемлекетіне экспортталады. Аяқ иім бағасы 7-15 мың аралығында, – дейді кәсіпорынның бас директорының орынбасары Шамухтар Шаюнусов. Оның айтуынша, өндіріс ошағында аяқ киімнің 70 түрі шығарылады екен. Сонымен сарапшы топ мамандарының ұйғарымымен үш аталым бойынша «Әулие-ата Феникс» ЖШС, «Козин» және «Әдезбаев Б.Ж» ЖК, «Тalas Investment Company», «Roden Ph», «Novacom. Texnology» ЖШС, «CБ плюс», «GOOD ZHEM», «ELLIN SHOES» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жеңімпаз деп танылды. Ал байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін республикалық байқауға қатысады. Шара соңында отандық тауар өндірушілердің өнімдері нарық бағасынан төмен бағада сатылды.
 
 
Толғанай АТАБАЙ
 
 
 
 
 
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, өңірдің... Сапар барысында ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аймақтағы филиалының ашылу рәсіміне...
Работники правоохранительных органов и учреждения бюджетных приняли участие в диктанте с новым алфавитом. Организатором этой республиканской акции по обучению государственных служащих письму латинскими буквами в Жамбылской области выступил Центр развития языков областного...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
В Таразе и области воздействие на должников за потребленные услуги переходит на новый уровень. В областном центре продолжается компания, в ходе которой злостные неплательщики коммунальных услуг в массовом порядке лишаются этих самых...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00