рухани жангыру и пром революция каз

Солтүстікке 34 отбасы барды

 

 

ярмарка



Бағдарлама аясында ағымдағы жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден барлығы 10,4 млрд теңге бөлініп, 15 762 адамды қамту жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 1 мамырына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 11 116 адам тартылса, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына – 3682 адам орналасып, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1011 адам, жастар практикасына 1131 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3006 жұмыссыз тартылса, 1652 адам қысқа мерзімді курстарға жолданып, 595 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілсе, 39 адам микрокредит алған. Оқуға қатысушыларға шәкіртақы, жол жүру және тұру шығыстары мемлекет есебінен төленеді. Ағымдағы жылы 770 адамды кәсіптік даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 4100 адамды оқыту жоспарланып, оны қаржыландыруға 1,9 млрд теңге қаралған.

 


Бүгінгі күні қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру мақсатында білім ұйымдары, мамандықтар және әрбір мамандықтарға оқытылатындар саны анықталып, өңірлік комиссияда бекітіліпті. Барлығы 47 мамандық бойынша 41 білім беру ұйымдары белгіленіп, 1927 адам оқуға жолданған. Бұл бағдарламаның І бағыты болса, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты бағдарламаның 2-ші бағытына барлығы 2336 адамды қамтуға 3715,5 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Осы жылы «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 2336 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, есепті кезеңге 595 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтіпті.

 


2-ші бағыт аясында шағын несие беру жұмыстары ауылдық жерлер мен шағын қалада және қалада несие беру болып 2-ге бөлінеді.

 


«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты бағдарламаның 3-ші бағыты аясында жастарға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, жұмыссыздарды бос жұмыс орындарына орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы және ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады. Бұл белсенді шаралар бұған дейін жүргізілген талаптарға сәйкес келеді. Осы 3-ші бағыт бойынша барлығы 8556 адамды қамтуға 4840,5 млн теңге бөлінді. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1144 орынға 212,4 млн теңге қаралып, есепті кезеңде бұл жұмыстарға 1011 адам жолданды. Сонымен қатар жастар практикасына барлығы 2153 орынға 644,1 млн теңге қаралып, есепті кезеңде бұл жұмыстарға 1131 түлек жолданған. Сондай-ақ «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру», яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.

 


Нәтижелі жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізудің бір жолы – еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. Бұл дегеніміз – жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында» өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен аумақтық ынталандыру қарастырылған. Солтүстік өңірлер биыл да оңтүстіктен келер көшті қарсы алуға әзір. Марс Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» өткен өңіраралық жәрмеңкеде Қостанай, Павлодар облыстарының өкілдері жамбылдықтарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін сөз сөйлеп ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков нәтижелі жұмыспен қамту шараларына тоқталды.
– «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында еңбек нарығындағы сұраныс өте жоғары Солтүстік және Шығыс өңірлерін жұмыс күшімен қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Бос жұмыс орындарына бәсекелестік жоғары аймақтардан, яғни халқы тығыз қоныстанған Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және біздің облысымыздың тұрғындары солтүстікке көшіп барса, оларға тиісті әлеуметтік пакеттер төлемін беру, баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру мәселесі толық қарастырылған. Былтыр солтүстік облыстарға 54 жамбылдық отбасы қоныс аударса, биыл 34 отбасы 159 адам көшіп барды. Қазір олардың еңбекке қабілеттілері 100 пайыз жұмыспен қамтылған. Бүгінгі өңіраралық жәрмеңке осы бағыттағы қолға алынған шараларды жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр, – деді Бекболат Серікбекұлы.

 


Солтүстік облыстардың жұмыс берушілерінің қатысуымен өткізіліп отырған өңіраралық жәрмеңке осы бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыру мақсатында ұйымдастырылды. Талапкерлерді өз алаңына пікірлесуге шақырған жәрмеңке алаңын Бекболат Орынбеков аралап көріп, жұмыс берушілердің талаптары мен ұсыныстарын тыңдап көрді. Әр ауданнан келген тұрғындарға мамандармен кеңесіп, пікірлесуге мүмкіндік қарастырылған. Қажетті құжаттар тізбесі, телефон нөмірлері жазылған парақшалар да таратылды.

 


– Жастар сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатқанын естіп, арнайы келдім. Өзім Тараз қаласында тұрамын. Мамандығым – мұғалім, соған қарамастан қосымша кәсіптік білім алдым. Солтүстік өңірлерге көшіп барып, сол жақта өз кәсібімді ашсам деймін. Бұл бағдарлама шеңберінде қандай мүмкіндіктер берілетінін бір танысым айтқан еді. Ол отбасымен былтыр Қостанай облысына көшіп кеткен. Қазір де хабарласып тұрамыз. Жұмысқа орналасыпты, тиісті көмектер түгел көрсетіліпті. Жағдайлары жақсы екен, – дейді қала тұрғыны Айсәуле Арманбекова.

 


Ұсыныстан сұраныс жоғары аймақтың бірі саналатын біздің өңір халқына бұл бағдарлама үлкен мүмкіндік. Солтүстік аймаққа барып қана қоймай онда жұмысқа орналасып, мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін дөңгелетіп немесе мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, отбасын да қамтамасыз ету үшін таптырмас мүмкіндік екені сөзсіз.

 

Арайлым Шабденова

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00