ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Баға қандай болады?

 

 

тарифы



Өткен жылдың бел ортасынан бастап елімізде жанар-жағармай бағасының өсуі тұтынушыларын айтарлықтай алаңдатты. Сондықтан жыл соңына таман ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев биылғы жылдың қаңтарында республиканың барлық мұнай өңдеу зауыттарының толық қуатына жететінін айтып, бензин бағасының аса құбыла қоймайтынын жеткізген еді. Расында, 2018 жылдың алғашқы он күндігінде жанар-жағармай бекеттеріндегі баға бағанасындағы сандар орын алмастыра қойған жоқ. Сонымен қатар қалың бұқараның көгілдір отын мен ауыз судың және электр энергиясының жаңа бағалары қалай құбылатынын күтіп жүргені жасырын емес. Сала мамандары биыл республиканың барлық өңірлерінде коммуналдық қызметтердің барлық түрлері бойынша тарифтер өсетіндігін айтады. Біздің өңірде жағдай қандай? ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарифтердің өсуін алдын ала жариялағанын атап өту қажет. Мәселен, аталған департаменттің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Бауыржан Көрпебаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап аймақта табиғи газдың құны 4,2 пайызға өсіп отыр.

 


– Жаңа жылға дейін тұтынушылар үшін газдың бір текше метрі 23,35 теңге болса, енді олар ҚҚС-сыз 24,35 теңге төлейді. Газ бағасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің 2015 жылға дейін қабылданған коммуналдық қызметтер тарифтерінің ең жоғары деңгейін бекіту туралы шешіміне сай қымбаттап отыр. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ жоспары бойынша газ бағасының тарифтері бес жылға дейін, яғни 2020 жылға дейін арта беретін болады, – дейді Б.Көрпебаев.

 


Сондай-ақ департамент бүгінгі күні электр энергиясын, су мен жылу бағасын көтеру үшін бірқатар қызмет көрсетушілерден келіп түскен өтініштерді қарастыруда. Нақтырақ айтқанда, «Жамбыл Жарық Сауда-2030» ЖШС-нің өтініші назарға алынған. Серіктестік тарифтерді 22 пайызға көтеруді жоспарлап отырған көрінеді. Дегенмен баға әуелі 10-20 пайызға ғана артпақ. Бірақ жарық бағасының қымбаттауы туралы нақты айтуға әлі ерте. Себебі департамент тарапынан есептеулер әлі жасалынбаған. Сонымен қатар департаментке шаһарды ауыз сумен тікелей қамтамасыз етіп отырған «Тараз-Су» мекемесінен де бағаны көтеру туралы өтініш келіп түсіпті. Кәсіпорынның жұмысы электр энергиясына тәуелді болғандықтан, осындай қадамға барып отыр екен. Осы мәселеге байланысты олар белгіленген тарифтерін 1,3 пайызға өсіруді қолға алған. Бүгінде аталған кәсіпорын «Таразэнергоорталық» АҚ-мен жұмыс істеуде. Есесіне электр энергиясына тариф 7,30 теңгеден 10,64 теңгеге дейін өсті. Сондықтан алдағы уақытта судың қымбаттауы әбден мүмкін. Сонымен қатар «Таразэнергоорталық» АҚ-ы табиғи газ бағасының өсуіне байланысты жылумен жабдықтау қызметтеріндегі тарифтерді 1,8 пайызға көтеруді сұраған. Алайда қазіргі кезде жылу және ыстық су тарифі туралы нақты шешім әлі де жасалмаған.

 


Жалпы кәсіпорындардың қолданыстағы ережелеріне сәйкес табиғи монополиялар субъектілері жылына бір рет тарифті жалпы тәртіпте өзгертуге (яғни көтеруге) құқылы. Стратегиялық тауарлар құнының көбеюімен субъект құзыретті органға төтенше реттеуші шара ретінде өтініш бере алады. Бұл жағдайда кәсіпорын шығындарының тек бір тармағы қарастырылады. Қалай болса да осы айдың соңында су, жылу және электр энергиясына арналған жаңа тарифтер бекітілетін болады.

 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

В областном акимате состоялось заседание специальной мониторинговой группы по Жамбылской области при поддержке департамента по делам государственной службы и... В работе встречи приняли участие члены Республиканской специальной мониторинговой группы – президент общественного фонда «Народный комитет против коррупции»...
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Тараз қаласына арнайы сапармен келіп, партия облыстық филиалының кезектен тыс ХХІ... Өңірге ат басын бұрған партия Төрағасының Бірінші орынбасары әуелі облыс орталығында бой көтеріп жатқан 15-мөлтек аудандағы «Нұрлы жер»...
«Тараз-Арена» спорт кешенінде «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубы мен Қытай елінің «China Dragons» командасы арасында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB)... Бокс кешінің алғашқы жекпе-жегін 52 келі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов қытайлық Гуо Жангқа қарсы өткізді. Кездесуді ширақ бастаған...
На фестивале дворовых игр участники смогли найти развлечения на любой вкус и с азартом поиграть в любимые игры. Помните, как раньше одним из излюбленных занятий детворы были игры во дворе? Во что только не играли! Мальчишки...
Подача горячей воды в многоэтажки Тараза начнется 30 апреля. На днях на площадке региональной службы центральных коммуникаций прошла пресс-конференция заместителя руководителя управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата...
Биылғы жылы жылыту маусымы жылдағыдан 15 күн ерте аяқталды. Оның да себебі жоқ емес. Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте... Негізі жыл сайын жылыту маусымы 15 сәуірде тоқтатылатын. Ал биыл наурыз айының 31-нен сәуір айының 1-не қараған түні...
Апрель 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00