рухани жангыру и пром революция каз

Бас партияның бағыты айқын

 

 

90 конференция


Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов, партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің, Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, партия Тараз қалалық, аудандық филиалдарынан сайланған делегаттар, этно-мәдени бірлестік жетекшілері, ҮЕҰ төрағалары, саяси партиялар, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Алқалы жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов партия облыстық филиалының екі жылда атқарған жұмыстары мен жетістіктері, алда тұрған межелі міндеттері туралы баяндады.


Қазіргі таңда облыс бойынша 337 бастауыш партия ұйымы және онда 69039 партия мүшесі, қатарында белсенді жастар, өндіріс саласындағы жас мамандар, шағын және орта бизнес өкілдері, спортшылар, мәдениет саласының қызметкерлері және мемлекеттік қызмет атқарып жүрген белсенділер бар. Биылғы шілде айынан бері партияның 20 бастамашыл жобасы қолға алынған.


– Бүгінгі күнге мемлекеттік қызмет-тердің сапасы мен қолжетімдігінің өсу динамикасы 68 пайызды құрап отыр. Биылғы Жолдауда да азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат мәселесі ерекше көтерілді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оларды оңтайландыру және автоматтандыру мәселесі бар. Осыған байланысты партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссиясы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тоқсан сайын зерделеу жүргізіп, жергілікті атқарушы органдардың электронды қызмет көрсетуіне байланысты нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет. «Цифрлық партия» жобасы аясында жер қатынастары мен құрылыс саласында ашықтық орнатуда партияның «Геоақпараттық онлайн сервис» жобасының толықтай іске қосылуын облыс әкімдігінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен бірлесе отырып жүзеге асыратын боламыз. Сондай-ақ, «Партиялық жаңғырудың 2018-2020 жылдарға арналған нақты жоспарында» кадрларды ілгерлетудің жүйелі де біртұтас тәртібін қалыптастыру бойынша партиялық кадрлық резервтің жаңа Ережесі партия Орталық аппараты тарапынан әзірлену үстінде. Мұндағы басты міндет, өкілді органдар мен партия органдарына тек партиялық кадрлық резервтен ұсыну механизмі нақты белгіленеді деп күтілуде. Ұрпақтар сабақтастығын ескере отырып «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасаудың жаңа бағыттары қолға алынды. Облыс бойынша жасұландықтардың саны 28168 мүшеге өсіп, жасқырандықтардың саны 41 083 мүшеге жетті. Жалпы екі жылда атқарылған жұмыстар аз емес. Алдағы межелі міндеттерді орындауда аянбай еңбек етеміз деп сенемін, – деді Ерқанат Нұрбапаұлы.


Сонымен қатар есеп беру-сайлау конференциясында партияның облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Жарылқасын Айтақов атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Комиссия тарапынан жүргізілген тексерулер мен талдаулар барысында партияға кіру және мүшелік жарна төлеу, бухгалтерлік есеп пен шығыс сәйкестігін бақылау, партия бюджетін орындау және оның тиісті түсімдермен толықтырылуы, берілген лимиттер мен филиалдардағы материалдық құндықтардың сақталуы сияқты мәселелер басты назарда болғанын тілге тиек етті.


Жалпы «Нұр Отан» партиясының өңір тұрғындарының әлеуметтік-саяси өміріндегі рөлі ерекше. Себебі, партия мүшелері мемлекеттік саясат басымдықтарын тұрғындарға түсіндіруде, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуында ашықтықты қамтамасыз етудегі ықпалы көп. «Нұр Отан» партиясы облыстық мәслихатта депутаттық фракциясының жұмысы да жүйелі. Конференцияда жарыссөзге шыққандар «Нұр Отан» партиясының осы бағыттардағы жұмыстарына кеңірек тоқталды. Партия облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бахтияр Алдашов бақылау жұмыстарының нәтижелерін сөз етті. Ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржы бөлінген нысандардағы кемшіліктерді тілге тиек етіп, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардағы жөнсіздіктерді ашып айтты. Сонымен қатар, жиында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің жұмысына да тоқталды. Сондай-ақ, жиында партияның Меркі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков, партия Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев партия тарапынан жасалып жатқан іргелі істерге кеңінен тоқталды.


– Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде экономикалық, саяси жəне əлеуметтік жаңғыру жүзеге асырылып жатыр. Біздің саяси ұйым осы өзгерістердің бірінен де қалыс қалмай, ауыл-елде орындалуына зер салатын болады. Партияның өз ішінде де ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Бүгін Мемлекет басшысы мемлекет алдына 3.0 жаңғыртуды жүзеге асыру міндетін қойып отыр. Осыған байланысты біздің партия алдында Қазақстанды жаңғыртуға дәйекті түрде қатысатын стратегиялық күш болу міндеті тұр. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында партия үлкен жұмыс атқаруда. Мәселен, Ең маңызды бастамаларды талқылау үшін біз «NurOtanTrends» және «NurOtanTalks» сияқты жаңа форматтағы пікірталас алаңдарын жасадық. Біз осы сұхбат алаңдары бойынша оң пікірлер аламыз. Партия бастауыш партия ұйымдарының жұмысы үшін толығымен жаңа форматты қалыптастырады. Мемлекет басшысы біздің ұйымды «нақты істер партиясы» құрамына айналдыру міндетін қойды. Партияның трансформациялау (түрлендіру), ең бастысы, заманауи басқару әдістеріне көшуді қамтиды. Біздің партиядағы жобалық тәсіл Prince2 әдістемесіне негізделген, мақсаттары, міндеттері, жұмыстың бағыттары, терминдердің нақты анықталуы, мақсатты аудитория және түпкілікті нәтижелер оның қағидаттары болып табылады, – деді Қаныбек Бекболатұлы.


Сонымен қатар хатшы 8 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды қамтитын «Балаларға арналған тегін IT сыныбы» жобасының аяқ алысы туралы кеңінен баяндады. Жоба шеңберінде бағдарламалау, 3D-модельдеу және робототехниканы тереңдетіп оқыту ұйымдастырылған. Жалпы алғанда, жоба бүкіл ел бойынша 1000 IT-сыныбын ашуды жоспарлап отыр екен. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде 697 сынып ашылған. Сондай-ақ Қаныбек Бекболатұлы «Бизнестің геоақпараттық онлайн-сервис», «Мектеп асханаларын жаңғырту», «English for jastar», «Цифрлық партия» жобалары туралы кеңінен айтты.
Конференция жұмысын қорытын-дылаған партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Асқар Исабекұлы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда алдыңғы шепте партия мүшелері тұруы керегін айтып, нақты тапсырмалар берді.


Конференция соңында партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, Саяси кеңестің алғашқы отырысы өтті. Саяси кеңес отырысында партия облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамы сайланды.

 

 

Арайлым Шабденова

Суретті түсірген Ю.Ким

 

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00