рухани жангыру и пром революция каз

Үздік ұйым жолдама алды

 

90 нуротан



Байқау бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, үздік бастауыш партия ұйымдары жұмыс тәжірибесін аймақтарда тарату мақсатында 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Салтанатты жиында Ерқанат Нұрбапаұлы сөз алып, жеңімпаз атанған бастауыш партия ұйымдарының ұжымын құттықтады.


– Байқаудың облыстық екінші кезеңіне 31 бастауыш партия ұйымы қатысып, бақтарын сынаған болатын. Конкурс қатысушылары комиссия мүшелеріне бастауыш партия ұйымдарының атқарылған жұмыстары бойынша бейнематериал көрсетіп, жұмыстарымен таныстырды. Әр бастауыш ұйым партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, ішкіпартиялық жұмыс, мәслихаттардағы партияның фракция мүшелерінің жұмыстары, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, бастауыш партия қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмыс, бастауыш партия ұйымдары жетекшісін бағалау бойынша арнайы комиссия құрамының бағалауынан өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан республикалық байқауда Жамбыл облысы үздіктер қатарында, – деді Ерқанат Манжуов.


Сондай-ақ шара барысында «Нұр-Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев жеңімпаздарды құттықтап, ұжымның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Байқау қорытындысы бойынша арнайы сараптау комиссиясының шешімімен 1 санаты бойынша (құрамында 100-ге дейін партия мүшесі бар) Т.Рысқұлов аудандық филиалының «Жарлысу» бастауыш партия ұйымы үздік деп танылса, Байзақ аудандық филиалының «Қостөбе» бастауыш партия ұйымы екінші орынға ие болды. Ал үшінші орын Меркі аудандық филиалының «Бірлік» бастауыш партия ұйымына берілді. Сондай-ақ 2 санаты бойынша (құрамында 100-ден 500-ге дейінгі партия мүшесі бар) Талас аудандық филиалының «Шолақтау» бастауыш партия ұйымы І орын алса, Мойынқұм аудандық филиалының «Биназар» бастауыш партия ұйымы екінші, Сарысу аудандық филиалының «Игілік» бастауыш партия ұйымы үшінші орынды өзара бөлісті. Ал 3 санат бойынша (құрамында 500 және одан астам партия мүшесі бар) Жуалы аудандық филиалының «Бауыржан Момышұлы» бастауыш партия ұйымы жүлделі І орын тұғырынан көрінсе, Жамбыл аудандық филиалы «Жеті төбе» бастауыш партия ұйымы екінші орынға лайық деп танылды. Мұрат Бердалиев басқаратын Тараз қалалық филиалының «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымы үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаз бастауыш партия ұйымдары алдағы уақытта «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауында бақтарын сынайтын болады. Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтар мен Алғыс хатпен марапатталды.

 

Арайлым Бақытжанқызы

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00