рухани жангыру и пром революция каз

Әулиеата аспанында күй күмбірледі

 

54 душа казаха

 

Мерекеге орай жамбылдық 300 домбырашы Жамбыл ескерткіші маңына жиылып, ұлттық өнерді дәріптеді. «Домбыра – халық мұрасы» деген атаумен бастау алған мәдени шараны қала тұрғындарымен қатар қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов та тамашалады. Көпшілік мереке облыстың мақтанышы, белгілі күйші, композитор Әбдімомын Желдібаев пен ҚР Мәдениет қайраткері Аман Малдыбаевтың Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қоюымен жалғасын тапты. Қазақ үні болған ұлттық аспап тарихынан сыр шерткен облыстық қазақ драма театрының өнерпаздары «Домбыра үні» атты театрландырылған қойылым көрсетті. Бір мезетте жамбылдық домбырашылар Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», А.Малдыбаевтың «Көне Тараз», Құрманғазының «Балбырауын», Түркештің «Көңілашар» секілді таңдаулы күйлерін орындады. Ал осынау шығармашылық топқа ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұлов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей және халықаралық конкурстардың лауреаты Адай Жұмат дирижерлік етті.

 

54 душа казаха2

 

– Бұл мереке қазақ тарихында болып көрмеген, ұйықтаса ойға келмеген құдіретті Домбыра күні болып аталып отыр. Осы күнді Елбасы Н.Назарбаев даналық жолмен атадан қалған асыл мұраны қастерлеу күні деп бекітті. Жыр алыбы Жамбыл «Сия сауыт қаламсыз, дәптер кітап қағазсыз, ой қозғаған домбыра, сөз қозғаған домбыра» деген болатын. Ал бұл даналық емей немене? Киелі домбыра қашанда қазақпен бірге жасайтын құндылық. Домбыра – қылыштан өткір, жебеден жүйрік қазақ даласы. Оның қоңыр үні ұлт жадына мәңгілікке сіңген құдіретті үн. Ол – сөз айта алмаған, ойын жеткізе алмағанның құралы да болды. Бұл мерекенің қазақ мерекелерінің күнтізбесінен орын алуы құптарлық жағдай. Жаңа мереке арқылы ұлттың жаны болған қастерлі қара домбыраның құндылығын арттырып, жас ұрпақ бойына сіңіре аламыз, – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдімомын Желдібаев.


Расында бұл мереке – ұлттық өнер мен дәстүрді жаңғыртуға бағытталған батыл қадам. Күй құдіретін сезінген әрбір азаматтың бойын патриоттық рух кернемей қоймасы анық. Дәл осы күні еліміздің түкпірінде аталмыш мереке бар сән-салтанатымен тойланса, 95 жыл бұрын Франция астанасы Париж сахнасында қолына домбырасын алып ән салған Әміре Қашаубаевтың жолымен осы елдегі қандастарымыз да мерекені атап өтті. Мемлекет басшысы айтқандай ұлттың төлқұжаты мен брендіне баланған Домбыра күнін атап өту күллі жұртшылыққа қуаныш сыйлады.


– Ұлттық домбыра күні мерекесі – ел үшін тарихи сәт болып отыр. Баба аспабы – Ұлы Даланың көне құралы. Әлем аренасында қазақтығымызды танытқан домбыраның мәдени мұралар тізімінен орын алуы тегін емес. Елбасының бұл күнді жариялауы –ұлттық өнерге жасалған құрмет деп ойлаймын. Қос ішектің үні мен күмбір күйі арқылы ұрпағын тәрбиелеген ұлттың озары хақ. Қазақ барда қара домбыра мәңгі жасайды, – дейді қала тұрғыны Зейнеп Смағұлқызы.
Сондай-ақ шара соңында әуе көгіне 250 шар ұшырылып, домбырашылар «Көне Тараз» алдындағы домбыра стелласына құрмет көрсетті.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қала әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысында шаһардағы мектептер, балабақшалар мен кітапханалардың мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен қолдану барысына... Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Кенжебек Олжабай жиынды ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша қалалық ішкі...
Общественные фонды Тараза совместно с волонтерами провели благотворительную акцию, в ходе которой помогли накрыть стол для огромного количества человек. Жарким летом жизнь в городе успокаивается. Люди все реже бегут по делам, все чаще оказываясь на теплых пляжах...
Заместитель руководителя управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нуржан Жолдасбеков на встрече с представителями СМИ рассказал о... В региональной службе коммуникаций Жамбылской области состоялась встреча заместителя руководителя управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нуржана Жолдасбекова...
«Неудача Англии», «Волшебство Гризманна» и «Триумф Дешама» в обзоре матча за третье место и финала чемпионата мира по футболу... Все волнующее рано или поздно заканчивается, и большой спортивный праздник под названием «чемпионат мира по футболу» тоже подошел...
Департамент агентства по регулированию естественных монополий и защите конкуренции провел публичные слушания по новым ценам на природный газ. В областном центре на днях обсуждались планируемые цены на природный газ, на вопросы жителей и бизнесменов отвечали представители Жамбылского производственного...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
Июль 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00