рухани жангыру и пром революция каз

Қарымды қаламгерлерге құрмет

 

53 чевствуя лучших

 


Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнін атап өту бүгінде дәстүрге айналды. Биылғы салтанатты жиынның форматы өзгергенін «Бүркіт» мейрамханасында өткен шарада байқадық. Журналистика саласының үздіктері мен ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен республикалық, облыстық, қалалық, аудандық БАҚ өкілдерінің басын қосқан жиында алғашқы сөзді өңір басшысы Асқар Мырзахметов алып, сала мамандарын төл мерекесімен құттықтады.

 


– Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай, төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырғанымыз БАҚ өкілдерінің арқасы. Журналистика саласы қоғаммен бірге тұрақты дамып келеді. Қоғам дамып, уақыт өзгерген сайын көрермен мен оқырманның да талғамы өзгеруде. Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі тұрақты түрде өсіп келеді. Тіпті әлеуметтік желілер пайда болса да, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі бәсеңдемейді. Керісінше олар озық технологияларды жұмыс құралына айналдырып отыр. Әрбір еңбектеріңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қаламдарыңызға қуат, өздеріңізге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, – деді Асқар Исабекұлы.

 


Бүгінде облыста 59 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Олардың ішінде 2 телеарна, 50 басылым және 7 ақпараттық агенттік. Салтанатты жиында облыстың ақпараттық кеңістігін дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Атап айтар болсақ, облыс әкімінің Құрмет грамотасы 9 қаламгерге берілді. Оның ішінде «Jambyl-Taraz» газетінің директор-бас редакторының міндетін атқарушы Ерман Әбдиев те бар. Ал ақпарат майданындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін облыс әкімінің Алғыс хаты облыстық «Aq jol» газетінің жауапты хатшысы Шынар Сағиева, облыс әкімінің баспасөз қызметінің операторы Мұрат Таубаев пен «Jambyl-Taraz» газетінің дизайнері Анастасия Мелкина және тағы да басқа азаматшалар марапатталды. Биылғы марапаттаудың тағы бір ерекшелігі әр аталым бойынша сала үздіктерінің марапат төрінен көрінуі болды. Мәселен, «Аймақ айшықтары» аталымы бойынша 18 БАҚ-тың меншікті тілшілері, «Аймақ келбеті» аталымында 27 басылым редакторларына 50 мың теңгенің сертификаттары тапсырылды. Ал салада үздік деп танылған бірқатар журналистер ақшалай сыйақы мен Алғыс хатқа ие болды. Журналистерді облыстық мәслихат хатшысы Б.Қарашолақов, жазушылар Н.Дәутайұлы, Е.Әлімжан, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Солтыбаев құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Марапатталушылардың қатарында ардагер-журналист Әбділда Сәрсенбі «Қазақстанның Құрметті журналисі» төсбелгісімен наградталды. Салтанатты жиынның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Арайлым Шабденова

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00