рухани жангыру и пром революция каз

Тегін көмір таратты

48 уголь

 



Бұл қайырымдылық шараның басынан қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов та табылды. Қазір көмір бағасы шарықтап келеді. Мәселен, бір тонна көмірдің бағасы 14-15 мыңнан аспаса кем түспейді. Ал қайырымдылық шарасы аясында аталмыш алқапқа қарасты 110 отбасына 3 тоннадан көмір үлестірілді. Жергілікті басшылық тарапынан жасалған бұл бастамаға округ тұрғындары ризашылықтарын да жеткізді.

 


– Қаһарлы қыстың аязынан көмір отынынсыз шығу мүмкін емес. Биыл қыста аяз қатты болды. Көмір түсірудің де өзі қалтаға салмақ болып отыр. «Қыстың қамын жаз ойла» дегендей қала басшылығына округ тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, – дейді алқап тұрғыны Оксана Сурская.

 


Айта кетейік, «Екібастұз» көмірін «Өркениет» қоғамдық қоры тасымалдаған. Ол үшін арнайы техникалар мен еріктілер жасағы да жұмылдырылған. «Мұндай игі істер қор тарапынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Өткен жылы 600 тонна көмір таратқан болатынбыз. Бір қуанарлығы, қоғам «мемлекет маған не береді?» деп аузын ашып отыруға болмайтынын түсініп келеді» – дейді қор өкілдері. Расында, аталмыш қор белсенділері бірнеше бағытта қайырымдылық шарасын өткізіп келеді екен. Осыған дейін олар бірнеше жыл қатарынан тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен, көмір, киім-кешек және мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп келген.

 


Айталық №11 аумақта бүгінде 2214 түтін бар. Аумақтық округ құрамына «Көлтоған», «Шөлдала», «Құмшағал», «Жиделі» және 28 саяжай еніп отыр.

 

Жәнібек АСАНОВ

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати... «Нұр Отан» партиясы биылғы жылдан бастап халық игілігіне арналған, түрлі бағытты қамтитын 22 ірі жобаны жүзеге асырып...
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шығармашылық еңбегі сан ғасырдың куйін шертер, рухани дәуірдің шежіресі. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық ардагерлер кеңесі, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек...
Ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары ұлттық спортымыз көкпар жайлы сөз бола қалса, көптің аузына әуелі ілігері – «Әулиеата» командасы... Нұрдәулет МОМЫНОВ: «Әулиеата» ұлттық ат спорты клубының» директоры – Нұрдәулет Нәбиұлы, әңгімеміздің әлқиссасын клубтың құрылуынан бастасақ? – Көкпар...
Тұңғыш Президент саябағында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен халықаралық жастар мерекесіне орай... Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»...
Қала әкімдігінің мәжіліс залында шаһар басшысының орынбасары Кенжебек Олжабайдың төрағалығымен жылыту маусымына дайындық барысын пысықтау мақсатында штаб отырысы өтті. Жылу беру бойынша дәл қазіргі уақытта атқарылған жұмыстар, кездесіп отырған мәселелер мен оны шешудің жолдары талқыға түскен жиынға...
Департамент агентства по регулированию естественных монополий и защите конкуренции провел публичные слушания по новым ценам на природный газ. В областном центре на днях обсуждались планируемые цены на природный газ, на вопросы жителей и бизнесменов отвечали представители Жамбылского производственного...
Август 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00