ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Кәсіподақ – халық жанашыры

 

48 Почести и награды

 

Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне  орай  облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі Асқар Мырзахметов бір топ кәсіподақ көшбасшыларын қабылдап, марапаттады. Ал, «Достық» үйінде өткізілген  салтанатты жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі Аманжол Жанқұлиев қатысты. Жиынды облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген жүргізді. Ол 1905 жылы құрылған кәсіподақ ұйымдарының бүгінгі беделіне, қарапайым еңбек адамын қолдаудағы қамқорлығына тоқталып, әріптестерін мерекемен құттықтады. Мұнан соң ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Бақытжан Әбдірайым онлайн арқылы әріптестерін құттықтап, мереке иелеріне мол табыс, береке, бірлік тіледі. Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков мереке иелерін шын жүректен құттықтап, кәсіподақ ұйымының мүшелері барлық салада жұмысты жандандыруға күш салып жүргеніне тоқталды. Ал «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров өзі басқарып отырған кәсіпорынның жұмысы туралы айтса, «Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе, су көлігі  кәсіптік одағы» бірлестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Керменбаева, кәсіподақ саласының ардагері Борис Стародубцев сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымының жұдырықтай біріккен бірлігіне, берекелі тірлігіне тоқталды.

 

48 Почести и награды1

 

Мұнан соң «Атам, әжем, әкем, анам мүше болған кәсіподақты жақсы көремін» атты жобаның аясында бір топ бүлдіршіндер ән салып, ардагер ата-апаларына гүл шоқтарын тапсырды. Салтанатты жиынның марапаттау салтында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі Аманжол Жанқұлиев бірқатар белсенділерді «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісін тақты. Бұл марапатқа «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрайымы Жанна Алшынбаева, «Құлан-мал дәрігер» кәсіпорынының бас ветеринарлық дәрігері Нышанбек Көкірекбаев, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы облыстық ұйымы Мойынқұм аудандық филиалы төрағасы Бахтияр Махамедов ие болды. Мұнан соң облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси бөлімінің басшысы Айнұр Келімбетова, Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, Тараз қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев бірқатар азаматтарды Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ елімізге белгілі дәрігер Сейітхан Жошыбаев, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Әбдібек Пошқаев, кәсіпкер Марк Ким басқаратын кәсіпорындарда құрылған кәсіподақ бастауыш ұйымдарына сертификаттар тапсырылды. Мұнан соң бейнеэкран арқылы онлайн жүйесінде Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнін барша мереке иелерінің орындауында шырқалды. Облыстық филармонияның әншілері Оңал Азаматова, Құрмаш Қуанышбаев, Жанар Үстемірова әннен шашу шашты.

 

Арайлым ШАБДЕНОВА

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

В Таразе прошло заседание регионального совета предпринимателей с участием акима города. Предприниматели областного центра собрались в зале заседаний Дома дружбы. Открыл встречу генеральный директор ТОО «Казфосфат» Мукаш Искандиров. Целью...
В очередной раз жамбылская школьная команда, неоднократно побеждавшая на республиканских предметных олимпиадах и конкурсах научных проектов, признана сильнейшей в... Лучших по итогам минувшего года школьников, проявивших себя в учебе и в различных искусствах, пригласил на встречу аким...
В Таразе состоялся четвертый этап чемпионата Казахстана по трофи-рейдам. Автомобили, допущенные к соревнованиям, были разделены по классам: свободный, TR1, TR2 и TR3. Не углубляясь в подробности, их...
Будет сыграно 64 матча, из них 48 – в групповом этапе, 16 – в плей-офф. С красочной, но короткой церемонии официального открытия стартовал XXI чемпионат мира по футболу FIFA. Запоминающееся, увлекательное и лаконичное...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00