ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Алтын құрсақты аналарға құрмет

 

33 Самым главным мамам2

 

Салтанатты шарада шаһар басшысы көп балалы аналарға ыстық лебізін білдіріп, құрмет көрсетті. Алтын құрсақты аналарға құрметі шексіз екендігін тілге тиек етіп, мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп келе жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ оларға Елбасының ағымдағы жылдың 20 наурызындағы №650 Жарлығына сәйкес, кеуделеріне күміс алқаны қадады.

 

33 Самым главным мамам4

 

– Алтын құрсақты аналарымыз, жеңгелеріміз бен келіндеріміздің арқасында демографиямыз өсіп келеді. Оларға айтар алғысымыз шексіз. Қазіргі таңда әйел, отбасы және қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан сіздер еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеп жатырсыздар. Ғұмырларыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Бала бауыр етің, өмірдегі ең басты бақытың. Бала – өміріңнің жалғасы. Сондықтан барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қазіргі таңда баланы дұрыс тәрбиелеу үлкен маңызға ие. Сіздерді марапаттау мен үшін үлкен құрмет. Марапаттарыңыз құтты болсын! – деді Ғалымжан Райылұлы. Ал қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев өзінің де көп балалы отбасыдан шыққанын тілге тиек етіп, алтын құрсақты аналардың еңбегін ерекше атап өтті.
Осындай марапатқа ие болған ананың бірі – Айман Өзбекова. 46 жастағы көп балалы ана бала тәрбиесінен бөлек, ұрпақ тәрбиесімен де айналысып келеді. Яғни, мектепте ұстаздық етеді. Жастайынан көп балалы болуды армандаған ол егіздің сыңары екен. Алла тілегін қабыл алып, бүгінде 6 бірдей баланың анасы атанған. Үлкені – жоғары оқу орнын тәмамдаса, кенжесі – 1,5 жаста.

 


– Көп балалы ана атану да бақыт. Қазір көп аналар көп бала туудан қашқақтайды. Дегенмен әр баланың несібесі бар. Отағасы екеуміз тәрбиелеп отырған балаларымыз еліміздің белді деген жоғары оқу орындарында білім алуда. Мектеп жасындағылары Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары. Сондай-ақ менің жолымды қуып, педагогикалық университетте оқып жатқандары да бар. Жалпы балаларымызды ұлттық тәрбиеге баулыдық. Бүгінде соның нәтижесін көріп те жатырмыз, – дейді Айман Өзбекова.

 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Айтулы күн қарсаңында аймақта жемқорлықпен күрес жүргізіп келе жатқан Мемлекеттік қызмет істері... – Мақсұт Ыбрайханұлы, ертеңгі мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Алғашқы сұрағымызды департамент жұмысының негізгі бағыттарынан бастасақ. Аймақтағы мемлекеттік қызметті...
Государственные служащие блистали талантами, состязаясь в креативе и интеллекте. В преддверии профессионального праздника на базе КГУ «Қоғамдық келісім» состоялся конкурс «Кәсіби кызметкер – кәсіби мемлекет», посвященный 20-летию...
«Тараз-Арена» спорт сарайында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өтті. Биылғы шараны облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, облыстық дене шынықтыру және спорт және облыстық ішкі саясат басқармалары бірлесіп ұйымдастырыпты.
Участники не пожалели средств на помощь детям. В Казахстане среди госслужащих состоялся общереспубликанский благотворительный забег «Алға басу - движение вперед». Основная цель мероприятия - оказание...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00