ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Спорт алаңшасы – халық игілігіне



 

спортплощадка



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асырылу барысында қала бойынша түрлі жобалар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі «Туған жер» жобасы аясында қалада меценаттар клубы жасақталған. Қала кәсіпкерлері өз бастамаларымен қаланы көркейту және инфрақұрылымдарын жақсарту жобаларын ұсынып, көмек қолын созуда. Ағымдағы жылдың алғашқы меценаттық көмегін «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек ері, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіров көрсетті. Ол 9 мөлтек ауданындағы №28 үйдің ауласына 40х24 метр өлшемімен, рәзіңке түйіршіктері төселген жұмсақ жасанды төсеніші бар әмбебеп спорт алаңшасын халық игілігіне ұсынды. Алаңшада баскетбол, волейбол мен кіші футбол спорт түрлеріне сай жабдықталған және жарықтандырылған. Нысан қоршауының биіктігі 4 метр.
 

Алаңшаның салтанатты ашылуына қала әкімі Рүстем Дәулет, қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Бекболат Қаржаубай, қала әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен аумақ тұрғындары қатысты.
 

– Құрметті тұрғында Елбасының бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағыттар бойынша қалада түрлі іс-шаралар іске асып жатыр. Қала кәсіпкерлері өз бастамаларымен қаланы көркейту және инфрақұрылымдарын жақсарту жобаларын ұсынып, оны іске асыруда. Соның бірі бүгін орын алуда. «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Зұлқарнайұлының бұл тұрғыда көрсетіп жатқан алғашқы көмегі емес. Өткен жылы Қазақстанның Еңбек ері өзінің жомарттығын танытып, «Самал» мөлтек ауданында 2 ауланы аббаттандыруға қол ұшын берді. Жалпы Елбасы «бұқаралық спортпен шұғылданатындардың саны 30 пайызға жету керек» деген тапсырма берген-ді. Бүгінде қала бойынша спортпен шұғылданатындардың саны 28,8 пайызға жетті. Еліміздің көк Туын көкке шығарып, әнұранымызды әуелететін Олимпиада, Әлем чемпиондары осындай спорт алаңшаларынан, мектептегі спорт залдарынан жаттығып шығатынын бүгінде спортшылар дәлелдеді. Аталмыш мөлтек ауданның тұрғындарының атынан демеушілерге Алғысымды білдіремін, – деді Рүстем Рысбайұлы.
 

Содан кейін сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіров: «Қала бойынша «ҚазФосфат» ЖШС салықты ең көп төлейтін мекеменің бірі. Біздің ұжымның ауызбіршілігінің арқасында жұдырықтай жұмыла осы әмбебап алаңшаның құрылысын аз уақыт арасында тәмамдадық. Өзім осы мөлтек ауданда өстім. Аталмыш ауданның тұрғындары мені халық қалаулысы етіп сайлады. Сіздерге арналған спорт алаңшасында болашақ чемпиондар шынығады деп сенемін» деді. Сөйтіп мекеме директоры қала әкіміне спорт алаңшасының кілтін салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар шаһар басшысы Рүстем Дәулет, облыстық дене шынықтыру басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков балаларға доптар сыйлады. Спорт алаңшасы ресми қала әкімдігінің спорт бөліміне өткеннен кейін мұнда арнайы бақылаушы кесте құрып, жаттығушыларды таңғы 9-дан кешкі 23-ге дейін қабылдайды. Ал әзірге алаңшаға салада өз ізін қалдырған Алтынбек Талғарбаев жауапты екен. Қала бойынша бүгінде 511 спорт алаңшасы бар. Өткен жылы 17 нысан берілсе, биыл 7 нысан қала есебінен соғылып, халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда екен. Бұдан өзге ағымдағы жылы 10-ға жуық спорт алаңшалары меценаттардың демеушілігімен бой көтермек.
 
Арайлым Шабденова
 
 
 
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Айтулы күн қарсаңында аймақта жемқорлықпен күрес жүргізіп келе жатқан Мемлекеттік қызмет істері... – Мақсұт Ыбрайханұлы, ертеңгі мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Алғашқы сұрағымызды департамент жұмысының негізгі бағыттарынан бастасақ. Аймақтағы мемлекеттік қызметті...
Государственные служащие блистали талантами, состязаясь в креативе и интеллекте. В преддверии профессионального праздника на базе КГУ «Қоғамдық келісім» состоялся конкурс «Кәсіби кызметкер – кәсіби мемлекет», посвященный 20-летию...
«Тараз-Арена» спорт сарайында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өтті. Биылғы шараны облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, облыстық дене шынықтыру және спорт және облыстық ішкі саясат басқармалары бірлесіп ұйымдастырыпты.
Участники не пожалели средств на помощь детям. В Казахстане среди госслужащих состоялся общереспубликанский благотворительный забег «Алға басу - движение вперед». Основная цель мероприятия - оказание...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00